Об утверждении положения о специальной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Арнайы комиссияның ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 8. Арнайы комиссияның ережесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «__» _________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Арнайы комиссияның ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы комиссияның ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия.
Тармақ 3
3. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 4
4. Арнайы комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Арнайы комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2-тарау. Арнайы комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Арнайы комиссияның негізгі міндеттері басқарушы компаниялардың және арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарау болып табылады.
Тармақ 6
6. Арнайы комиссияның негізгі функциясы басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін енгізуді мақсатқа сәйкестігі туралы оң немесе теріс шешімді ұсыну болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
3-тарау. Арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
Тармақ 7
7. Арнайы комиссия:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның (төрағалық етуші);
Тармақша 2
2) салық саясаты саласындағы уәкілетті органның;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның;
Тармақша 4
4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;
Тармақша 6
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дауыс беру құқығы бар өкілдерінен құралады.
Арнайы комиссияның жұмысы үшін дауыс беру құқығы жоқ өзге мүдделі тұлғалар да тартылуы мүмкін.
Арнайы комиссияның отырысы дауыс беру құқылы мүшелердің барлығы қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Жұмысты ұйымдастыруды, арнайы комиссияның отырысын өткізуге дайындық, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындау және рәсімдеу, арнайы комиссия отырысынан кейін қорытындыға қол қоюды арнайы комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы арнайы комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді арнайы комиссия дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 10
10. Арнайы комиссияның оң шешімі негізінде:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган қосымша қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізуді бекітеді;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берушімен қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
Тармақ 11
11. Арнайы комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 12
12. Арнайы комиссия отырыстарының шешiмдерi қорытынды түрінде ресімделеді және ұсынымды сипатта болады.