Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы Күшін жойған
Басқа 0
Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция департаменті Аққулы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс - шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы «Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» № 1-03/16 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6245 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Т. Кобайдаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Павлодар облысы полиция
департаменті Аққулы ауданының
полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бодиев __________
2019 жылғы «24» маусым
Басқа 6. Аққулы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «24» маусымдағы
№ 1-03/154 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
Тармақша 1
1) құрмет грамотасы;
Тармақша 2
2) алғыс хат;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы;
Тармақша 4
4) құнды сыйлық.
Тармақ 2
2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция департаменті Аққулы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аққулы ауданының ПБ) енгізеді;
Тармақша 3
3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
Тармақша 4
4) Аққулы ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
Тармақша 5
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Аққулы ауданының ПБ жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.