О проверке состояния машино-технического парка Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Машина-техникалық паркінің жағдайын тексеру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы тамыздың 26-дағы «Республикадағы машина-трактор паркінің техникалық жағдайын мемлекеттік қадағалау туралы» № 735 Қаулысының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық агроөнеркәсіп кешені департаменті облыстық ІІБ-ні қатыстыры отырып, аудандар әкімдерімен бірге үстіміздегі жылғы қыркүйектің 1-не заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың иелігіндегі машина-трактор паркінің техникалық жағдайы мен олардың тіркеуден өткізілуіне жаппай тексеріс жасайтын болсын.
Тармақ 2
2. Облыстық агроөнеркәсіп кешені департаментінің бастығы Р.Ш. Шекеев, аудандар әкімдері 1997 жылғы қыркүйектің 15-не дейін осы әкімнің орындалуы туралы облыс әкіміне хабарлама тапсырсын.