Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып;
Тармақша 4
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.15. N 1216 қаулысымен , 2002.11.22. N 1239 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі туралы ереже
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2002 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы N 1096 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі туралы ереже 📌 Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен .
Басқа 13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2002 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы N 1096 қа­улы­сы­на қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат).
Тармақ 2
2. "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 207-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қыркүйектегi N 1222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 431-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 266-құжат).
Басқа 20. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаға
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Yкi­метiнiң 2002 жы­л­ғы 7 қа­зан­да­ғы N 1096 қа­улы­сы­на қо­сым­ша 📌 Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.22. N 1239 қаулысымен . Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларының ТIЗБЕСI __________________________________________________________________        Қайта ұйымдастырылатын | Қазақстан Республикасы Ауыл       мемлекеттiк мекемелердiң атауы | шаруашылығы министрлiгiнiң        | Орман және аңшылық        | шаруашылығы комитет мемлекеттік        | мекемелерiнiң атауы       __________________________________________________________________       Ақмола облыстық орман және Ақмола облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Ақмола облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       aумақтық басқармасы       Ақтөбе облыстық орман және Ақтөбе облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Ақтөбе облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Алматы облыстық орман және Алматы облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Алматы облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Атырау облыстық орман және Атырау облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Атырау облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Шығыс Қазақстан облыстық Шығыс Қазақстан облыстық орман       орман және биоресурстар және аңшылық шаруашылығының       жөнiндегi аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Шығыс Қазақстан облыстық       жануарлар және өсiмдiктер       дүниесiн мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Жамбыл облыстық орман және Жамбыл облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Жамбыл облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Батыс Қазақстан облыстық орман Батыс Қазақстан облыстық орман       және биоресурстар жөніндегі және аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Батыс Қазақстан облыстық       жануарлар және өсiмдiктер       дүниесiн мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Қарағанды облыстық орман және Қарағанды облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аумақтық аңшылық шаруашылығының       басқармасы аумақтық басқармасы       Қарағанды облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Қостанай облыстық орман Қостанай облыстық орман және       және биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Қостанай облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Қызылорда облыстық орман және Қызылорда облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аумақтық аңшылық шаруашылығының       басқармасы аумақтық басқармасы       Қызылорда облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Маңғыстау облыстық орман және Маңғыстау облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аумақтық аңшылық шаруашылығының       басқармасы аумақтық басқармасы       Маңғыстау облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Павлодар облыстық орман және Павлодар облыстық орман және       биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының       аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы       Павлодар облыстық жануарлар       және өсiмдiктер дүниесiн       мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Солтүстiк Қазақстан облыстық Солтүстiк Қазақстан облыстық       орман және биоресурстар орман және аңшылық       жөнiндегi аумақтық басқармасы шаруашылығының аумақтық       Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы       жануарлар және өсiмдiктер       дүниесiн мемлекеттiк бақылау       аумақтық басқармасы       Оңтүстiк Қазақстан облыстық       орман және биоресурстар       жөнiндегi аумақтық басқармасы       Оңтүстiк Қазақстан облыстық Оңтүстiк Қазақстан облыстық       жануарлар және өсiмдiктер орман және аңшылық       дүниесiн мемлекеттiк бақылау шаруашылығының аумақтық       аумақтық басқармасы басқармасы".       __________________________________________________________________