Об установлении водоохранных зон и полос водохранилища Сочинское, пруда Сепе, озер Бирсуат, Батпакколь, Жарколь, Карамырза, Текеколь и режима их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көледрінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік
мекемесі
Басқа 4. Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ А-7/295 қаулысына
1-қосымша
Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№
Су объектісінің атауы
Орналасқан жері
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
ені, метр
ені, метр
1
Сочинское су қоймасы
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сочинский ауылдық округі, Сочинское ауылы, Шортанбай өзенінде
500
100
2
Сепе тоғаны
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Жолан өзенінде
300
50
3
Бірсуат көлі
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бірсуат ауылдық округі, Бірсуат ауылынан 7 шақырымда, Актасты өзенінде
500
100
4
Батпақкөл көлі
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі
500
100
5
Жаркөл көлі
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Ақан Құрманов ауылдық округі
500
50
6
Қарамырза көлі
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Николаевское өзенінің көне арнасында
300
50
7
Текекөл көлі
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Үлкен Шабақты көлінен 500 метр солтүстікке қарай
300
50
Басқа 5. Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ А-7/295 қаулысына
2-қосымша
Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Елдi мекендердегі су қорғау аймағы шегінде су объектiсiнiң ластануын және қоқыстануын болдырмайтын пайдалану режимі сақталуы тиіс.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.