О благотворительном месячнике «Дни милосердия» Күшін жойған
Басқа 0
«Мейірімдік күндері» қайырымдылық айлығын өткізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 желтоқсандағы "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" N 751 және 1993 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнiн белгiлеу туралы" N 1224 Жарлықтары мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1 қазанды "Қариялар күнi" деп жариялауына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, мекен жайлары бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудiң игi дәстүрлерiн сақтай отырып облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 25 қыркүйек пен 25 қазан аралығына облыста "Мейiрiмдiлiк күндерi" қайырымдылық айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы және табысы аз отбасыларына мекн-жайлары бойынша әлеуметтiк көмек көрсету шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы табысы аз азаматтардың тiзiмiн анықтау үшiн зиялы қауымдарды: мұғалiмдердi, дәрiгерлердi, мәдениет қызметкерлерiн және басқаларды тарта отырып, облыс тұрғындарды аулаларын аралап өтудi ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Меншiк түрiне қарамастан қоғамдық қорларды, қоғамдар мен коммерциялық құрылымдарды облыста "Мейiрiмдiлiк күндерi" қайырымдылық айлығын өткiзуге белсене қатыстыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық жастар iсi, туризм және спорт басқармасы мен мәдениет басқармасы қайырымдылық айлығы шеңберiнде мүгедектер мен қариялар күнiне арналған спорттық және мәдени шаралар өткiзсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары "Мейiрiмдiлiк күндерi" қайырымдылық айлығында өткiзiлетiн шараларды кеңiнен жарияласын.
Тармақ 7
7. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiне атқарылған жұмыстар туралы 2002 жылғы 15 қарашаға ақпарат берсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа жүктелсiн.