Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының су объектілерінде және су
шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және
спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 94 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындары, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Сембековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Алматы қаласының су объектілерінде және су
шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және
спортқа арналған орындар
Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы « 9 » шілдедегі
№ 3/447 қаулысына қосымша
Алматы қаласының су объектілерінде және су
шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және
спортқа арналған орындар
№ р/с
Су объектісінің атаулары
Тұрғындардың жаппай демалу орындары
Орналасқан жерлері
1.
Д.Қонаев атындағы ҮАК
жағажай
Баум тоғайы
2.
Д.Қонаев атындағы ҮАК
жағажай
Гүлдер демалыс аймағы
3.
Сайран көлі
(Алмалы ауданы)
жағажай
Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр жерде
4.
Сайран көлі
(Әуезов ауданы)
жағажай
Төле би көшесінен пирске дейін оңтүстік бағытта 300 метр жерде