Об определении единого организатора государственных закупок Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2-тармағының 3) тармақшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12590 болып тіркелді), «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелді) сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Алтай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика, аграрлық-өнеркәсіп кешені, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.