Құжат мәтініне өту

Об определении единого организатора централизованных государственных закупок по Бородулихинскому району

Қаулы · № 192 · қабылданған 04.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-133123/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении единого организатора централизованных государственных закупок по Бородулихинскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·04.07.2019
07.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении единого организатора централизованных государственных закупок по Бородулихинскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении единого организатора централизованных государственных закупок по Бородулихинскому району
Атауы (қаз.)
Бородулиха ауданы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
04.07.2019
Көрсетілген редакция
07.08.2019 133123_416971.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VH006059
ЭКБ идентификаторы
133123
Редакция идентификаторы
133123_416971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:15

0 Бородулиха ауданы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік

сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекетік сатып алу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2 тармағының 3) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 тіркелген) сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Бичуиновқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы