О некоторых мерах по структурной перестройке управления электросетями, входящими в акционерное общество «Павлодарская РЭК» Күшін жойған
Басқа 0
«Павлодар РЭК» акционерлік қоғамына кіретін электр желілерін басқаруды құрылымдық жағынан қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Соңғы кезде облыс экономикасының электр энергетикасы секторында өткізіліп жатқан жекешелендіру, рыноктың дербес субъектілерінін құру үрдістерінің қарқын алу нәтижесінде электр желілерін басқару жүйесінде күрделі құрылымдық қайта құру жұмыстары қажет болуда. «Павлодар РЭК» акционерлік қоғамының көп таралған және шалғай аудандық электр желілері бар ұйымдық құрылымы ақы төлемеушілік жағдайларында қаржыны тиімді басқаруға, электр қуатын таратып бөлуді оперативті түрде реттеуге жол бермеуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы қарашаның 7-дегі № 1355 Қаулысында баяндалған құқықтарға сәйкес және ақы төлеу жұмыстарын жандандыру, белгіленген тертіпті бұабайтын абоненттерге электр құатын беру, тарату, адундық электр желілерінің жұмысын тұрақтандыру үшін жағдай жасау мақсатымен ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет /Сұлтанов/:
- «Павлодар таратушы электр желілері компаниясы» акционерлік қоғамының /Чепелюк/ құрамынан аудандық электр қуатын таратушы желілері мен аудандық өткізу бөлімшелері шығарылсын;
- белгіленген электр желілері мен өткізу бөлімшелері негізінде дербес шаруашылық серіктестіктер құрылсын;
- аудандар әкімдеріне құрылатын шаруашылыө серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеті иелену, басқару, пайдалану және басшылық хұқығымен тапсырсын;
«ПРЭК» АҚ мен жаңадан құрылып жатқан серіктестіктер арасында белу балансын құрастырғанда, аудандық электр қуатын белу желілеріне жеке тұтынушыларды дебитор етіп бекітілсін, бюджет және бюджеттен тыс қорларға төлем түсүін реттейтін болсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар РЭК» АҚ /Чепелюк/ «ПРЭК» АҚ-ның қалған бөлігінің құрылымын қызметкерлер санын есептен өнеркәсіп департаментіне бекітуге бір апта мерзім ішінде беретін болсын.
Тармақ 3
3. «ПРЭК» АҚ мен жаңадан ұүрылып жатқан шаруашылық серіктестіктер арасындағы 1997 жылғы сәуірдің 1-дегі бөлу балансы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетке бекітуге ұсынылсың.
Тармақ 4
4. Аудандардың әкімдері:
- аудандық электр қуатын бөлу желілерін дербес шаруашылық серіктестіктері ретінде тіркейтін болсын;
- қолданылып жүрген заң қағидаттарына сәйкес шаруашылық серіктестердің үлестерін жекешелендіру бағдарламасын 1997 жылғы маусымның 1-не дейінгі мерзімде дайындайтын болсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өнеркәсіп /Әлинов/ және агроөнеркәсіп кешені /Шекеев/ департаменттеріне жүктелсін.