Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Мангистауской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 151 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3677 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы «09» 07 №134 қаулысына қосымша Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Көтермелеудiң түрлерi
1. Көтермелеудiң түрлерi
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы беру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайтын өзге де шаралар.
Тарау 2. 2. Көтермелеудiң тәртiбi
2. Көтермелеудiң тәртiбi
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Маңғыстау облысы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияда қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПД) енгiзедi.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақыны төлеуге Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ПД бастығының бұйрығы шығарылады.
Тармақ 6
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ПД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. ПД ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.