Об установлении нормативов минимальных резервных требований Қолданыста
Басқа 0
Ең төмен резервтік талаптардың
нормативтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарына (бұдан әрі – банк):
Тармақша 1
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
Тармақша 2
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
Тармақша 3
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз;
Тармақша 4
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Тармақ 1-1
1-1. 2026 жылғы 14 сәуір – 2026 жылғы 31 тамыз (қоса алғанда) аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде банктерге:
Тармақша 1
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
Тармақша 2
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
Тармақша 3
3) бірінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 12 (он екі) пайыз;
Тармақша 4
4) екінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
Тармақша 5
5) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Осы қаулының мақсаттары үшін бірінші топтағы банктерге 2025 жылдың қорытындысы бойынша мынадай активтер үшін кемінде 20 (жиырма) пайыз жиынтық өсімді қамтамасыз еткен банктер жатады:
кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер (кәсіпкерлік мақсаттарға кредит алған Қазақстан Республикасының резидент – қаржылық емес ұйымдары, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздары;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік бағалы қағаздары («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және олардың еншілес ұйымдары, «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы);
қаржы ұйымдарына жатпайтын Қазақстан Республикасының өзге де резидент-эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген активтері болмаған банктер, сондай-ақ бірінші топтағы банктерге жатқызылмаған банктер екінші топтағы банктерге жатады.
2025 жылы микроқаржы ұйымынан банкке айырбастау нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк үшін 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша микроқаржы ұйымының тиісті активтерінің көлеміне сүйене отырып, 2025 жылғы активтердің жиынтық өсімін есептеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайдаланылған көрсеткіштер мен есептеулер нәтижесін көрсете отырып, тиісті топқа жатқызу туралы банкті хабардар етеді.
Тармақ 1-2
1-2. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде бастап банктерге:
Тармақша 1
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
Тармақша 2
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
Тармақша 3
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
Тармақша 4
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Тармақ 1-3
1-3. Депозиттерді қабылдауға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операцияларына рұқсаты бар ұйымдарға, Ұлттық пошта операторына (бұдан әрі – ұйым):
Тармақша 1
1) ұйымның ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
Тармақша 2
2) ұйымның ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
Тармақша 3
3) ұйымның шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
Тармақша 4
4) ұйымның шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Егер осы қаулының 1-4-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақта белгіленген нормативтер Ұлттық пошта операторына қолданылады.
Тармақ 1-4
1-4. Егер ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінің аяқталған күні Ұлттық пошта операторының акциялары пакетінің жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі болса, Ұлттық пошта операторына:
Тармақша 1
1) Ұлттық пошта операторының ұлттық валютадағы бірінші, екінші және үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
Тармақша 2
2) Ұлттық пошта операторының шетел валютасындағы бірінші, екінші және үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген шешімі бар банктерге және ұйымдарға соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін ең төмен резервтік талаптардың нормативтері банктің және ұйымдардың барлық міндеттемелері үшін 0 (нөл) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10985 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.