Об утверждении Перечней лекарственных средств и изделий медицинского назначения аптечки бортовой и носимого аварийного запаса государственной авиации Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19-53) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамын мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишаларымен және алып жүрілетін авариялық қорымен жабдықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасы дәрілік заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының;
Тармақша 2
2) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік авиацияның алып жүрілетін авариялық қоры дәрі қобдишасы дәрілік заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Фармация комитеті
2019 жылғы «___» ________
Басқа 1. Мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасы дәрілік заттары мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «__» ______
№ __ бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасы дәрілік заттары мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі
Р/с №
Халықаралық патенттелмеген атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Кеторолак қабықпен қапталған таблеткасы 10 мг
таблетка
10
2.
Парацетамол таблеткасы 500 мг
таблетка
10
3.
Аммиак ерітіндісі 10%-25 мл
сауыт
1
4.
Йод спирттік ерітіндісі
5%-20 мл
сауыт
1
5.
Тетрациклин гидрохлориді қабықпен қапталған таблеткасы 100 мг
таблетка
10
6.
Ципрофлоксацин үлдірлі қабықпен қапталған таблеткасы 500 мг
таблетка
10
7.
Дихлоризоцияланған қышқылды натрий тұзы таблеткасы 3,5 мг
таблетка
10
8.
Жеке таңу пакеті
дана
5
9.
5х7 см стерильді дәке таңғышы
дана
3
10.
Гемостатикалық губка
дана
1
11.
Медициналық үшкіл орамал
дана
1
12.
Қауіпсіз түйреуіш
дана
4
Ескертпе:
Тармақша 1
1) борттық дәрі қобдиша құрамына Қазақстан Ұлттық дәрілік формулярына 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын бекіткен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16141 болып тіркелген) клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттар кіретін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, саны бойынша регламенттелген номенклатура бойынша шектелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесінен тұрады.
Тармақша 2
2) борттық дәрі қобдиша санитариялық нұсқаушы бір жараланғанға, сондай-ақ өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетуге есептелген.
Басқа 2. Мемлекеттік авиацияның алып жүрілетін авариялық қоры дәрі қобдишасы дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «__» ______
№ __ бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік авиацияның алып жүрілетін авариялық қоры дәрі қобдишасы дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі
Р/с №
Халықаралық патенттелмеген атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Кеторолак қабықпен қапталған таблеткасы 10 мг
таблетка
10
2.
Парацетамол таблеткасы 500 мг
таблетка
10
3.
Ципрофлоксацин үлдірлі қабықпен қапталған таблеткасы 500 мг
таблетка
10
4.
Йод спирттік ерітіндісі
5%-20 мл
сауыт
1
5.
Хлорамфеникол таблеткасы 500 мг
таблетка
10
6.
Метоклорпрамид таблеткасы 10 мг
таблетка
10
7.
Дихлоризоцияланған қышқылды натрий тұзы таблеткасы 3,5 мг
таблетка
10
8.
Жеке таңу пакеті
дана
1
9.
5х7 см стерильді дәке таңғышы
дана
1
10.
Құрамында белсенді хлор бар таблетка 1,5 мг
таблетка
10
Ескертпе:
Тармақша 1
1) алып жүрілетін авариялық қордың дәрі қобдишасы құрамына Қазақстан Ұлттық дәрілік формулярына 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын бекіткен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16141 болып тіркелген) клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттар кіретін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, саны бойынша регламенттелген номенклатура бойынша шектелген дәрілік заттар және медициналық бұйымдар тізбесінен тұрады.
Тармақша 2
2) алып жүрілетін авариялық қордың дәрі қобдишасы санитариялық нұсқаушы бір жараланғанға, сондай-ақ өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетуге есептелген.