Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда акима области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын пайдалану тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен.
Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ күтпеген жағдайларды шұғыл қаржыландыру үшін
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі резервтік қорының қаржысын пайдаланудың тіркеліп отырған тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне тиісті бюджеттердің резервтік қорының қаржыларын пайдалану тәртібін дайындап бекіту ұсынылсын.
Басқа 3. Облыс әкімі резервтік корының қаржысын пайдалану тәртібі
Облыс әкімінің 1997 жылғы
«16 маусымдағы» № 121
шешімімен бекітілген
Облыс әкімі резервтік корының қаржысын пайдалану тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп облыс әкімі резервтік қорының (әрі қарай резервтік қор) қаржысын облыстық Мәслихаттың сессиясы бекіткен тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюлжет сомаларының шеңберінде бөлу және пайдалану механизмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Резервтік қор Қазақстан Республикасы 1996 жылғы желтоксанның 24-дегі "Бюджеттік жүйе туралы" 3аңының 14-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің құрамында бір жолғы сипаттағы күтпеген шығындарды, табиги және техно-гендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою шығындарын қаржыландыруға құрылады.
Резервтік қорда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржысының мөлшері жеке жолмен керсетіледі.
Тармақ 3
3. Резервтік қордан қаржы белгіленген тәртіпте облыс әкімінің өкімінде қаржыны алушы, қаржының мөлшері мен пайдалану мақсаты бюджеттік жіктелуге сәйкес керсетіліп бөлінеді.
Тармақ 4
4. Резервтік қордың қаржысы белгілі мақсаттарда жұмсалады
және облыс әкімінің қаржы бөлу туралы өкімінде көрсетілмеген
мақсатта жұмсалмайды.
Әкімнің резервтік қордан қаржы бөлу туралы өкімдерінің күші қаржы жылы аяқталғаннан кейін жойылады. Пайдалынылмаған қаржыныц қалдықтары қайтарылады.
Тармақ 5
5. Заң тұлғалардың және аудандар (қалалар) әкімідерінің резервтік қордан қаржы бөлу туралы өтініштерін облыстық қаржы басқарма мүдделі департаменттермен, басқармалармен, бөлімдермен және басқа мемлекеттік органдармен келісілген негізделген есептеулер болған жағдайда ғана қарайды.
Облыстық қаржы басқармасы мәселені оң шешсе белгіленген тәртіп бойынша облыс әкімінің қарауына қаржы бөліну туралы әкімнің жобасын ұсынады.
Резервтік қордан төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөліңу мәселесін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды.
Қажет болса, облыстық қаржы басқармасымен келісіп, белгіленген тәртіпте облыс әкіміне төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы өкімнің жобасын ұсынады. Негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну тәртібін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма белгілейді.
Тармақ 6
6. Облыстың аудандары мен қалаларына резервтік қордан қаржы бөлу мәселелері жергілікті атқару органдары резервтік қорларының қаржылары қаржылай көмекке жетпесе, аудандар мен қалалар әкімдерінің өтініштері бойынша шешіледі.
Мұндайда жергілікті бюджеттердің пайдаланған қаржыларының бар-жоғы және мөлшері туралы хабарламалар міндетті түрде тапсырылады.
Тармақ 7
7. Резерзтік қордан қаржы төмендегі жағдайда бөлінбейді:
- бюджеттен тыс мақсатты қорлар есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға/облыстық Мәслихаттың сессиясы облыстық бюджет туралы көзделген жағдайлардан басқа;
- қоғамдық және шығармашылық бірлестіктерге, ұйымдарға, мемлекеттік қатысу үлесі 50 проценттен аз шаруашылық субъектілерге, сондай-ақ облыстық бюджетте көзделген шығындарға.
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларға резервтік қорынан қаржы төтенше жағдайларда қаупі төнсе немесе оның көлемді болуынан жергілікті және атқарушы органдар өздерінін қаржылары есебінен мәселені шеше алмаған жағдайда бөлінеді.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайларды жойғанда резервтік қордан қаржы:
- төтенше жағдайдан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге;
- зардап шеккендерге уақытша мекен орындарын орнату және ұстауға , оларды тамақтандыруға;
- шұғыл шара қолданатын апаттық-құтқару және апаттық қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құрылдарымен жабдық-жарақтармен қосымша жабдықтауға;
- құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдай болған аумаққа күш-құрал апаруды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдайларды жоюмен байланысты басқа шараларға;
- төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кезек күттірмейтін, өмірлік маңызды шаралар өткізуге тиісті жергілікті атқарушы органдардың қаржысы жетпегенде, ерекшелік жағдайларда бөлінеді.
Тармақ 10
10. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ олардың алдын алу
жөніндегі ұзақ мерзімді шараларды жүзеге асыру шығындарының
қажетті мөлшерін жергілікті атқарушы органдары облыстық қаржы
басқармасына тиісті жылға жасалатын бюджеттік мәлімдеменің
құрамында береді, олар белгіленген тәртіпте қаралады.
Тармақ 11
11. Шараларды бюджеттік қордан шұғыл қаржыландыруды талап ететін жағдай тұрғанда, қаржы облыстық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген шығындарды қаржыландырудың бекітілген ережелерге сәйкес басшылық тәртіпте бөлінеді.
Тармақ 12
12. Бюджетті орындағанда, оған түсетін кіріс мөлшері едәуір азаятын болса, облыс әкімі резервтік қордың шығындары бойынша секвестр енгізуге құқылы.
Тармақ 13
13. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкіміне резервтік қор қаржысының бар мөлшері және оның жұмсалуы туралы хабарламаны тоқсан сайын беріп отырады.
Тармақ 14
14. Резервтік қордан қаржы алған заңды тұлғалар бөлінген қаржының жұмсалуы, жұргізілген жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті облыстық қаржы басқармасы белгіленген тертіпте және мерзімде берулері қажет.
Тармақ 15
15. Резервтік қор қаржысының мақсатты пайдалануына бақылауды қаржы-валюталық бақылау Комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы жасайды.
Тармақ 16
16. Бөлінетін бюджеттік қаржының мақсатты да тиімді пайдалануына жауапкершілік қаржыны алушыға Қазақстан Республикасының заң қағидаттарында көзделген тәртіпте жүктеледі.