Об утверждении Инструкции о требованиях к содержанию документов, представляемых для получения разрешения на создание страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 мамырдағы N 244 V001198_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттардың мазмұнына
қойылатын талаптар туралы
нұсқаулықты бекіту жөніндегі"
2002 жылғы 24 тамыздағы
N 317 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Z000126_ Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы) құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Сақтандыру ұйымын құруға рұқсатын алу құжаттарын сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ұйымның сақтандыруды қадағалау бөлімшесі қабылдайды әрі қарайды.
Тармақ 3
3. Сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ұйым (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік ұйым) сақтандыру ұйымын құруға берген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Сақтандыру ұйымын құруға рұқсатты алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 5
5. Сақтандыру ұйымын құру рұқсатын алуға өтініш осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жасалады.
Тармақ 6
6. Құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) жөніндегі мәліметтер осы Нұсқаулықтың NN 2, 3 қосымшаларында көрсетілген нысан бойынша жасалады.
Тармақ 7
7. Құрылатын сақтандыру ұйымының бизнес-жоспары осы Нұсқаулықтың N 4 қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Сақтандыру ұйымын құруға рұқсатты алған кезде құрылтай құжаттарының алғашқы беттері осылайша бекітіледі: "Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ұйыммен 20___ жылғы "___" ______________ келісілген және оған уәкілетті мемлекеттік ұйымның басшысы (басшының орынбасары) қол қойып, уәкілетті мемлекеттік органның мөрімен бекітіледі.
Сақтандыру ұйымының келісілген құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру ұйымының заң іс құжаттарына тігіледі. Қалған даналары өтініш берушіге Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін қайтарылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Нұсқаулықтың N 5 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша сақтандыру ұйымын құру рұқсатын береді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Сақтандыру (қайта
Тармақша сақтандыру
сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу
үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына
қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты
бекіту жөніндегі" 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 317 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын
құжаттардың мазмұнына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулыққа
N 1 қосымша
Сақтандыру қызметін реттеу
және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
ұйымның басшысына
________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру рұқсатын алуға
ӨТІНІШ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру рұқсатын алуға
өтінішті жасау құқығы берілген уәкілетті тұлға болып табылатын_____
___________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты және осы өтінішті жасауға құқық
беретін құжатқа сілтеме)
____________________________________________________________________
(осы тұлғаның жұмыс орны және қызметі, тұратын жері)
"____" __________________________________ жылғы N_________________
________________________________________________ шешіміне сәйкес
(шешім қабылдаған орган, шешім қабылданған жер)
____________________________________________________________________
(құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
____________________________________________________________________
(оның орналасқан жерін көрсете отырып)
құруға рұқсат берілсін.
Құрылтайшылар өтінішке қоса берілетін құжаттардың сенімділігіне, сондай-ақ сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ұйымға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты уақтылы ұсынуға жауап береді.
Қосымшасы (жіберілетін құжаттардың атауымен тізбесі, даналардың және олардың әр қайсысы бойынша парақ саны көрсетілсін): ______________________________________
(құрылтайшылар атынан өтініш беруге уәкілетті адамның қолы, күні)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Сақтандыру (қайта
Тармақша сақтандыру
сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу
үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына
қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты
бекіту жөніндегі" 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 317 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын
құжаттардың мазмұнына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулыққа
N 2 қосымша
ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР
(заңды тұлға)
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
Тармақ 1
1. Құрылтайшы_______________________________________________________
____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)
Тармақ 2
2. Орналасқан жері__________________________________________________
____________________________________________________________________
(почталық индексі және мекен-жайы, телефоны, факсы)
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер______________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, номері, берілген күні, кім берді)
Тармақ 4
4. Қызмет түрі______________________________________________________
____________________________________________________________________ (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін)
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының резиденті, резидент емес болып табыла
ма (резидент емес үшін қай елдің резиденті болып табылады)__________
____________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы - заңды
тұлғаның басшысы туралы ақпарат_____________________________________
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні және жылы)
Білімі______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқу мекемесі, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетілсін)
Тармақ 7
7. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқаны туралы
мәліметтер:
осы заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жері ______________
____________________________________________________________________
осы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер____________________________________________________________
олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)
____________________________________________________________________
әрбір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі (салымы)
____________________________________________________________________
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның жарғылық капиталында кемінде 10% ие құрылтайшы
акционерлерінің/қатысушылардың тізбесі:
осы заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жері немесе
фамилиясы, аты, әкесінің аты және тұратын жері_____________________
____________________________________________________________________
осы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер____________________________________________________________
олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)
____________________________________________________________________
құрылтайшының жарғылық капиталындағы үлесі (салымы)
____________________________________________________________________
(құрылтайшының - заңды тұлға басшысының қолы, күні)
______________________________________
(құрылтайшының - заңды тұлғаның мөрі)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Сақтандыру (қайта
Тармақша сақтандыру
сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу
үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына
қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты
бекіту жөніндегі" 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 317 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын
құжаттардың мазмұнына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулыққа
N 3 қосымша
ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР
(жеке тұлға)
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
Тармақ 1
1. Құрылтайшы_______________________________________________
(Фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Тармақ 2
2. Туған күні_______________________________________________________
Тармақ 3
3. Азаматтығы_______________________________________________________
Тармақ 4
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, сериясы,
берілген күні және кім берді)______________________________________
____________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Тұратын жері___________________________________
Тармақ 6
6. Жұмыс орны, қызметі______________________________________________
Тармақ 7
7. Білімі___________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқу мекемесі, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетілсін)
Тармақ 8
8. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюме______________________________
____________________________________________________________________
(орны, қызметі, жұмыс істеген уақыты)
Тармақ 9
9. Өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (тікелей немесе
аффилиирленген тұлғалар арқылы) қатысқаны туралы мәліметтер:
заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері ___________________
____________________________________________________________________
олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)
____________________________________________________________________
әрбір осындай заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі (салымы)
____________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Құрылтайшының жақын туыстарының (әкесі, шешесі, ағасы, әпкесі,
Тармақша балалары
балалары), күйеуінің (әйелінің), сондай-ақ күйеуінің (әйелінің)
жақын туыстарының қатысқаны туралы мәліметтер:
құрылатын сақтандыру ұйымының және өзге де заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы:
осы заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жері _____________
____________________________________________________________________
осы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
деректер_________________________________________________________
олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)
____________________________________________________________________
әрбір осындай заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі (салымы)
____________________________________________________________________
_________________
(қолы, күні)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Сақтандыру (қайта
Тармақша сақтандыру
сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу
үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына
қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты
бекіту жөніндегі" 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 317 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын
құжаттардың мазмұнына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулыққа
N 4 қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар
Жалпы мәселелер бойынша.
Осы бөлімнің мақсаты ұйымның болашақ қызметіне қысқаша шолу беру болып табылады.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Сақтандыру ұйымын құру мақсатын.
Тармақ 2
2. Қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипатын және ұйым бағыт алған рыноктың сегментін.
Тармақ 3
3. Рынок туралы ақпаратты және ұйым өз өнімін/қызметін қалайша сататыны туралы ақпаратты.
Тармақ 4
4. Қаржы жоспарын.
Тармақ 5
5. Ұйымның ұйымдық құрылымын.
Тармақ 6
6. Ұйым мамандары білімінің болжанатын деңгейін.
Ұйым туралы ақпарат.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Сақтандыру қызметінің болжанатын бағыттарын.
Тармақ 2
2. Ұйымдық-құқықтық нысанын.
Тармақ 3
3. Қызмет тарихын және/немесе қызмет басталуының болжанатын күнін.
Тармақ 4
4. Ұйымның, оның филиалдарының орналасқан жерін.
Тармақ 5
5. Ұйымның оның құрылтайшыларымен, құрылтайшылардың құрылтайшыларымен және басқа аффилиирленген жеке әрі заңды тұлғалармен өзара байланысын көрсететін нобайды.
Тармақ 6
6. Заңгерлер, бухгалтерлер, актуариилер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлар туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.
Тармақ 7
7. Ішкі аудит қызметінің принциптерін.
Тармақ 8
8. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз етуді.
Тармақ 9
9. Өндірістік қорларды: бөлменің болуын (жеке не жалға алынған), компьютерлік және басқа да техниканы.
Сақтандыру саласын дамыту.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Өткен шағын:
өнім тарихының қысқаша сипаты;
өнімнің уақытша қолданылу мерзімі.
Тармақ 2
2. Қазіргі уақытын:
рыноктағы ағымдағы әзірлеулер.
Тармақ 3
3. Болашақты:
даму болжамы;
рынок конъюнктурасы жақсы не нашар жағына өзгерген жағдайда саланың сипаты;
сақтандыру саласының дамуына әсер ететін кез келген әлеуметтік үрдістер немесе басымшылықтар;
демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлардан
туындайтын кез келген мүмкіндіктер.
Өнімдер/қызметтер.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Өнімдердің/қызметтердің сипатын.
Тармақ 2
2. Керемет мүмкіндіктер жөніндегі болжамдарды:
Тармақша 1
1) сіздің өніміңіздің/қызметіңіздің бәсекелесушілер алдында
басымдықтар;
Тармақша 2
2) жоғары сапа;
Тармақша 3
3) баға;
Тармақша 4
4) кереметтігі.
Тармақ 3
3. Өнімді/қызметті сатуға мүмкіндік беретін өзіне тән ерекшеліктерін - басымдықтарын.
Тармақ 4
4. Болашақта көрсетілетін кез келген қосымша қызметтерді.
Тармақ 5
5. Сақтандыру өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеу саясатын.
Рыноктың сегменті.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Өнімді/қызметті сатып алушылардың/пайдаланушылардың сипатын.
Тармақ 2
2. Сату бағыттарын: жеке және заңды тұлғаларға.
Тармақ 3
3. Демографиялық талдау:
жасы, жынысы, әлеуметтік экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі.
Тармақ 4
4. Қызметті тұтынушыларға психографиялық талдау (өмір салты).
Маркетингтік зерттеулер.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Рынок сегменттерінің сипатын.
Тармақ 2
2. Рынок мөлшерін.
Тармақ 3
3. Рыноктың орналасқан жерін.
Тармақ 4
4. Мақсатты рыноктың демографиялық көрсеткіштер - жасы, кірісі.
Тармақ 5
5. Осы рынокта сату үшін қажетті стратегия (бағасы, жылжыту
құралдары, коммуникациялар, бөлу әдістері).
Тармақ 6
6. Сақтандыру өнімін бөлу тәсілдері.
Сақтандыру андеррайтингі.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Баға деңгейлерін.
Тармақ 2
2. Сақтандыру андеррайтингісінің қолданылатын критерийлерін.
Тармақ 3
3. Шығыс деңгейлерін (белгіленген, ауыспалы).
Тармақ 4
4. Шығын қорының деңгейлерін.
Тармақ 5
5. Қайта сақтандыруға тапсырылатын және қабылданатын тәуекелдер.
Тармақ 6
6. Сақтандыру андеррайтингінің процесіне әсер етуі мүмкін рынокта қызметті жүзеге асырудың маңызды мәселелері.
Тармақ 7
7. Сақтандыру андеррайтингісіне жауап беретін ұйымның басты тұлғалары.
Бәсекелестік.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Тікелей және тікелей емес бәсекелестікті.
Сіздің бәсекелестер туралы біліміңіз:
Тармақша 1
1) орналасқан жері: барлық Ұлттық рынокқа бағыт ұстау немесе
жергілікті рыноктарға бағыт ұстау;
Тармақша 2
2) олардың операцияларын өзіңіздікімен салыстыру;
Тармақша 3
3) баға стратегиясы;
Тармақша 4
4) қызмет көрсету уақыты және/немесе өнімді пайдалана алу;
Тармақша 5
5) өнімді салыстыру;
Тармақша 6
6) қызметінің ұзақтығы;
Тармақша 7
7) олардың жарнама әдістері;
Тармақша 8
8) соңғы бірнеше жылдарда өнім түрлері бойынша салада өсуі.
Тармақ 2
2. Өнім түрлері бойынша барлық бәсекелесушілердің (тікелей және тікелей емес) тізімі.
Менеджмент және ұйымдық құрылым.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Басқару органдарын.
Тармақ 2
2. Басқарушы қызметкерлер - біліктілігі, білімі туралы ақпарат, басшы ретінде жұмыс тәжірибесі, оның ішінде қаржы саласында және өзге де мәліметтер.
Тармақ 3
3. Ұйымдық құрылымын.
Тармақ 4
4. Барлық басты мамандардың функционалдық міндеттерінің сипатын.
Тармақ 5
5. Үлгі еңбек шарттарын, агенттік және брокерлік келісімдерді.
Тармақ 6
6. Кеңесшілер және қауымдастықтар туралы ақпаратты.
Тармақ 7
7. Қызметкерлерге қойылатын болашақ талаптарды.
Тармақ 8
8. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Сақтандыру ұйымының қызметкерлерін және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.
Инвестициялық саясат.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Инвестициялық саясаттың, инвестициялық жоспарлардың сипатын, портфельді қалыптастыру.
Тармақ 2
2. Осы жоспарлардың сақталуына жауапкершілік.
Тармақ 3
3. Инвестициялардың түрлері бойынша диверсификациялау.
Тармақ 4
4. Активтер сапасын бағалауды.
Тармақ 5
5. Инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның басты тұлғалары.
Қаржылық ақпарат.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Бастапқы шығыстар, баптар бойынша бөлу.
Тармақ 2
2. Жақын арадағы үш жылға болжанатын кіріс пен шығыстар.
Тармақ 3
3. Жақын арадағы үш жылға болжанатын бухгалтерлік баланс.
Тармақ 4
4. Жақын арадағы үш жылға болжанатын ақша ағымы туралы есеп.
Тармақ 5
5. Белгіленген және ауыспалы шығыс пен кірісті есептеген кезде
қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жан-жақты ашу, актуарлық қорларды, инвестициялардың, салықтардың, қайта сақтандырудың
мөлшерін белгілеу.
Тармақ 6
6. Ұйымның рыноктағы ең нашар және ең жақсы жағдайы сценарийлердің қаржылық сипатын.
Тармақ 7
7. Активтердің/міндеттемелердің бағасын.
Тармақ 8
8. Өтімділікті талдау.
Тармақ 9
9. Келесі үш жыл ішінде капиталға инвестициялар немесе алып тастау.
Тармақ 10
10. Келесі үш жылға акционерлерге дивидендтер.
Қаржыландыру.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Ұйымды құрған кезде қаржыландыру бойынша бастапқы іс-шараларды.
Тармақ 2
2. Қажет болған жағдайда қаржыландыру көздерінің болуын.
Тармақ 3
3. Заемдар болған кезде олардың өтеудің болжамдық кестесін.
Баға стратегиясы.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Баға стратегиясының объектілерін.
Тармақ 2
2. Қолданылатын бағалар, негіздеме.
Тармақ 3
3. Төмен, орташа және жоғары бағаның стратегиясын.
Тармақ 4
4. Бағаның рыноктың қажеттілігіне сәйкес болуын.
Тармақ 5
5. Мыналардан ұсынуды күту:
Тармақша 1
1) бағаның өзгеруінен табыстың;
Тармақша 2
2) тұрақты негізде жеңілдіктерді ұсынудан.
Тармақ 6
6. Сақтандыру өнімдерінің түрлері бойынша кірістілікті талдау.
Тармақ 7
7. Қабылданатын тәуекел түрлерін.
Жылжыту стратегиясы.
(жарнама, тікелей сату, почта, интернет, сатуды жылжыту және басқалары.)
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Сату жүйесін әрі сақтандыру өнімдерін ұйымдастыруды және өткізуді ынталандыруды.
Тармақ 2
2. Стратегияны іске асырған кезде ұйымдастырудың міндеттерін.
Тармақ 3
3. Жылжыту әдістерін және оларды пайдалану себептерін:
Тармақша 1
1) мамандандырылған басылымдар, қоғамдық баспа, радио, теледидар;
Тармақша 2
2) почтамен жөнелту, мекен-жай бойынша жөнелту, веб-сайт, брошюралар, буклеттер және т.б.
Тармақ 4
4. Бизнесті жылжытудың басқа да ерекше түрлерін.
Тармақ 5
5. Жарнамаға шығатын шығынға талдау.
Тармақ 6
6. Жарнаманың бағытын талдау.
Тармақ 7
7. Жарнаманың жыл сайынғы бюджеті.
Тармақ 8
8. Өнімді жылжытуға байланысты барлық шығыстар және уақытша шектеулер.
Сақтандыру өнімдерін бөлу.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Сақтандыру өнімдерін бөлу саясатын.
Тармақ 2
2. Мақсатты сегменттерді.
Тармақ 3
3. Аймақтық, аудандық, ұлттық, халықаралық бөлуді.
Тармақ 4
4. Қалалық және ауылдық рыноктар.
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғаларға бағыт бағдары.
Тармақ 6
6. Сіздің қызметіңіз үшін географиялық бөлудің маңыздылығын.
Тармақ 7
7. Бөлудің басқа да көздерін.
Тармақ 8
8. Сақтандыру өнімдерін таратушыларға қойылатын критерийлер.
Қайта сақтандыру.
Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақ 1
1. Өнім түрлері бойынша өзінің ұстап қалу лимиттерін.
Тармақ 2
2. Қайта сақтандыру келісімдерінің сипатын.
Тармақ 3
3. Ынтымақтастық құру болжанып отырған қайта сақтандыру ұйымдарының атауын.
Тармақ 4
4. Қайта сақтандыруға тапсыру үшін тәуекелдің болжанып отырған проценті (қабылданатын тәуекелдердің жалпы сомасынан).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Сақтандыру (қайта
Тармақша сақтандыру
сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу
үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына
қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты
бекіту жөніндегі" 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 317 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын
құжаттардың мазмұнына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулыққа
N 5 қосымша
Сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының суреті бар
бланкіге басылады)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
РҰҚСАТ N _____
Осы рұқсат____________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
______________________________ құруға берілді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген құрылтай құжаттарымен бірге Қазақстан Республикасының Әділет органдарына ұсынылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын бермейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат оны берген күннен бастап алты ай ішінде заңды күшке ие болады.
Сақтандыру қызметін реттеу
және қадағалау жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның
басшысына (Басшының орынбасары)
_________________ "___" ____________ ____ жыл М.О.