Об установлении правил общего водопользования в Кызылординской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешімімен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қызылорда облысының өңірлік жағдайының ерекшелігін ескере отырып ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Қызылорда облысының әкімдігі белгілейді.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 11
11. Қызылорда облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
Тармақ 11-1
11-1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) талаптарына сәйкес су айдындарының қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар су айдындарында тыйым салатын және ескертетін қауіпсіздік белгілерін орнатады. Жабдықталмаған су айдындарында және «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға болмайды.
Тармақ 11-2
11-2. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қызылорда облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған жерлер осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 12
12. Қызылорда облысының әкімдігі тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдерінде өзгеше белгіленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Қызылорда облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 15
15. Қызылорда облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 16
16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 17
17. Су пайдаланушы Қызылорда облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 19
19. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға;
Тармақша 8
8) су акваториясында қозғалтқыштың қуаттылығы 40 ат күші және күші одан жоғары шағын көлемді кемелердің пайдаланылуына және қозғалуына (оның ішінде қолдан жасалған Байдалар) жол берілмейді.
Басқа 41
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешімімен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларына қосымша Қызылорда облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған жерлер № Су объектісінің атауы Су объектісінің немесе учаскесінің орналасқан жері Су объектілеріндегі орындар (еңдік пен бойлық координаттары) Коорди наттар арасын дағы қашық тық Ортақ суды пайдала нуды шектеу Координат тың басталуы Координат тың аяқталуы Қызылорда қаласы 1 Сырдария өзені «КОПЭС» саяжай аймағы тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 44.75728 ºC 65.55432 ºB 44.76181 ºC 65.57808 ºB 3000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 2 Тасбөгет кентіндегі Қызылорда су торабынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолының 1815+700 шақырымындағы көпіріне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 44.763511 ºC 65.536711 ºB 44.759696 ºC 65.582654 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 3 «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралды тас жолының 1815+700 шақырымындағы көпірінен Тасбөгет кентіндегі су тазалау станциясына дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 44.77536 ºC 65.53862 ºB 44.77850 ºC 65.54422 ºB 500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 4 «Арай» шағын ауданы тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 44.79824 ºC 65.49461 ºB 44.81327 ºC 65.49522 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 5 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 44.82216 ºC 65.49609 ºB 44.82950 ºC 65.49583 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 6 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті жанындағы автокөлік көпірінен 3-ші іріленді рілген кварталға дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 44.84668 ºC 65.45633 ºB 44.85748 ºC 65.45318 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 7 «Мерей» шағын ауданы тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 44.83939 ºC 65.46196 ºB 44.85463 ºC 65.45686 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 8 Т.Рысқұлов пен М.Саламатов көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік көшесіне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 44.86466 ºC 65.43121 ºB 44.87498 ºC 65.42050 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 9 Тәуелсіздік көшесінен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 44.75704 ºC 65.55396 ºB 44.76339 ºC 65.56381 ºB 900 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 10 «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан «Ягодка» саяжай аймағына дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 44.85588 ºC 65.45591 ºB 44.87241 ºC 65.42155 ºB 3000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 11 Сол жаға магистрал ды каналы (Шіркейлі каналы) Қызылорда су торабынан «Наурыз» шағын ауданына дейінгі каналдың екі жақ жағалауы 44.76328 ºC 65.53466 ºB 44.78795 ºC 65.46693 ºB 5000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 12 Оң жаға магистрал ды каналы Тасбөгет кентінен Қарауылтөбе елді мекеніне дейінгі каналдың екі жақ жағалауы 44.81208 ºC 65.57787 ºB 44.76443 ºC 65.53765 ºB 4000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 13 Белкөл кентіндегі көне көпірден Абай елді мекенінің көпіріне дейінгі каналдың екі жақ жағалауы 44.76016 ºC 65.57142 ºB 44.74955 ºC 65.58967 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 14 Байқадам су торабынан Қарауылтөбе және Досан елді мекендеріне дейінгі каналдың екі жақ жағалауы 44.87961 ºC 65.54675 ºB 44.90125 ºC 65.56364 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 15 Қалғандария көлі «ПМК-29» саяжай аймағы тұсындағы көлдің жағалауы 44.72473 ºC 65.62443 ºB 44.71528 ºC 65.68856 ºB 2500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 16 Жаңадария каналы «ПМК-66» саяжай аймағынан «Тепловик» бау-бақша кооперативіне дейінгі каналдың екі жақ жағалауы 44.72634 ºC 65.55215 ºB 44.71006 ºC 65.53572 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Арал ауданы 17 Сырдария өзені Қызылжар елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 46.002455 ºC 61.757992 ºB 46.023311 ºC 61.750837 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 18 Аманөткел елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 46.113488 ºC 61.508567 ºB 46.097736 ºC 61.543048 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 19 Хан елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 46.0652°С 61.3000°В 46.0550°С 61.2957°В 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 20 Аққұлақ елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 46.0421°С 61.2057°В 46.0401°С 61.2019°В 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 21 Ақлақ су торабының екі жақ беті 46.107557 ºC 60.865016 ºB 46.163418 ºC 60.882022 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 22 Қамыстыбас көлі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тұсындағы учаске 46.0904°С 61.4523°В 46.0903°С 61.4521°В 500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 23 «Кәрібөгет» көпірінің тұсында 46.0923°С 61.3752°В 46.0930°С 61.3750°В 100 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 24 Кіші Арал теңізі Көкарал су бөгетінің екі жақ беті 46.111516 ºC 60.782033 ºB 46.365042 ºC 60.792710 ºB 2500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Қазалы ауданы 25 Сырдария өзені Байқожа елді мекенінен Ақсуат елді мекеніне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 45.723723 ºC 62.941489 ºB 45.728989ºC 62.925936 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асыры лмайды 26 Ақсуат елді мекенінен Майлыбас теміржол станциясына дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 45.812889 ºC 62.617268 ºB 45.821383 ºC 62.610500 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 27 Басықара су торабының жоғары су деңгейін өлшеу бекетінен төменгі су деңгейін өлшеу бекетіне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 45.760213 ºC 62.330145 ºB 45.752806 ºC 62.295098 ºB 800 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 28 Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан Абай елді мекенінің қалқымалы көпіріне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 45.741510 ºC 62.131177 ºB 45.740309 ºC 62.104341 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 29 Қарлан көпірінен Бірлік елді мекеніне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 45.658944 ºC 61.942505 ºB 45.686886 ºC 61.896273 ºB 3000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 30 «Досқали» учаскесінен Әлсейіт қалқымалы көпіріне дейінгі өзеннің екі жақ жағалауы 45.775360 ºC 61.692116 ºB 45.783429 ºC 61.678272 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 31 Оң жаға магистрал ды каналы Басықара елді мекенінен Қазалы қаласына дейінгі каналдың екі жақ жағалауы 45.760575 ºC 62.316547 ºB 45.758303 ºC 62.311567 ºB 600 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 32 Қазалы қаласы тұсындағы каналдың екі жақ жағалауы 45.776924 ºC 62.077437 ºB 45.776764 ºC 62.075111 ºB 300 метр Шомылу жүзеге асырылмайды 33 Мариямкөл көлі Тасарық елді мекені тұсындағы көлдің жағалауы 45.511110 ºC 61.996221 ºB 45.505053 ºC 61.928375 ºB 7000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 34 Кәукей елді мекені тұсындағы көлдің жағалауы 45.387871 ºC 61.803238 ºB 45.373457 ºC 61.790594 ºB 1200 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Қармақшы ауданы 35 Сырдария өзені Дүр Оңғар елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.256639 ºC 64.249364 ºB 45.279768 ºC 64.230549 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырылмайды 36 Абыла елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.360528 ºC 64.203845 ºB 45.392994 ºC 64.199627 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 37 Сырдария өзенінің Қараөзек арнасына қосылған тұсынан «Шымкент-Самара» автокөлік көпіріне дейін 45.47454 ºC 64.09183 ºB 45.46932 ºC 64.06467 ºB 3000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 38 Қорқыт станциясының тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.591389 ºC 63.923217 ºB 45.623972 ºC 63.908520 ºB 2500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 39 Ақай елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.59537 ºC 63.28597 ºB 45.59747 ºC 63.25350 ºB 200 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 40 «Тастақ» учаскесінің тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.69902 ºC 63.02702 ºB 45.70133 ºC 63.00049 ºB 200 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 41 Қараөзек арнасы «Шығыс» каналынан Сырдария өзенінің Қараөзек арнасына қосылған тұсына дейін 45.48049 ºC 64.11472 ºB 45.47454 ºC 64.09183 ºB 4000 метр Шомылу жүзеге асырылмайды Жалағаш ауданы 42 Қараөзек арнасы Есет батыр елді мекенінен Жаңадария елді мекеніне дейінгі арнаның екі жақ жағалауы 44.77878 ºC 64.62346 ºB 44.77891 ºC 64.62799 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 43 Сол жаға магистрал ды каналы (Шіркейлі) «Жалағаш-Бұқарбай батыр» автокөлік жолы көпірінің тұсындағы каналдың екі жақ жағалауы 45.02736 ºC 64.64077 ºB 45.02728 ºC 64.64089 ºB 2500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 44 Сырдария өзені «Жалағаш-Бұқарбай батыр» автокөлік жолы көпірінің тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.04856 ºC 64.65245 ºB 45.04836 ºC 64.65082 ºB 2500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 45 Елтай каналы Жалағаш кенті тұсындағы каналдың екі жақ жағалауы 45.06162 ºC 64.65609 ºB 45.06160 ºC 64.65625 ºB 2500 метр Шомылу жүзеге асыры лмайды 46 Коммунизм каналы Ақсу елді мекені тұсындағы каналдың екі жақ жағалауы 45.05505 ºC 64.69816 ºB 45.05481 ºC 64.69867 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 47 Иіркөл көлі М.Шәменов елді мекені тұсында 45.120911 ºC 64.497219 ºB 45.120988 ºC 64.497082 ºB 1500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Сырдария ауданы 48 Сасық көлі Жетікөл елді мекені тұсындағы учаске 44.62684 ºC 65.57019 ºB 44.62750 ºC 65.56069 ºB 500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 49 Әйтек каналы Әйтек су торабының тұсындағы каналдың екі жақ жағалауы 45.04173 ºC 64.97871 ºB 45.04448 ºC 64.99058 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 50 Сол жаға магистрал ды каналы (Шіркейлі) Шаған елді мекені тұсындағы каналдың екі жақ жағалауы 44.89232 ºC 64.96722 ºB 44.89626 ºC 64.95354 ºB 1200 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 51 Қараөзек арнасы № 10 разъезд тұсындағы арнаның екі жақ жағалауы 44.98768 ºC 65.27107 ºB 44.98600 ºC 65.26705 ºB 500 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 52 Қалғандария көлі Тереңөзек кенті тұсында 45.02704 ºC 64.98713 ºB 45.02940 ºC 64.97911 ºB 800 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 53 Cырдария өзені Тереңөзек кентінің көпірі тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 45.01732 ºC 64.98941 ºB 45.01559 ºC 64.98302 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Шиелі ауданы 54 Сырдария өзені Жөлек елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 44.2996969 ºC 66.4406679 ºB 44.2862166 ºC 66.4212672 ºB 1800 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 55 Бұланбай бауы елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 43.9176395 ºC 66.6102073 ºB 43.8943015 ºC 66.6152660 ºB 2000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 56 Ботабай елді мекені тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 44.3437265 ºC 66.2137949 ºB 44.3530372ºC 66.1905562 ºB 1300 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 57 Р - 7 каналы Бидайкөл елді мекенінің тұсында 44.1535049 ºC 66.7393209 ºB 44.1314809ºC 66.7451709 ºB 3100 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 58 Ханқожа көлі Бәйгеқұм елді мекені 44.3060025 ºC 66.5012387 ºB 44.3233758 ºC 66.4669673 ºB 2700 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Жаңақорған ауданы 59 К-1 каналы Өзгент елді мекенінің тұсында 43.747898 ºC 67.245869 ºB 43.747369 ºC 67.244060 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 60 Сырдария өзені Жаңақорған кентінің қалқымалы көпірі тұсындағы өзеннің екі жақ жағалауы 43.86476 ºC 67.20203 ºB 43.86662 ºC 67.2029 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 61 Тайпақкөл каналы Жаңақорған кенті 43.87797 ºC 67.24763 ºB 44.88705 ºC 67.23963 ºB 1000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 62 «Проток левый» каналы Жаңақорған кенті 43.88576 ºC 67.22705 ºB 43.90898 ºC 67.22795 ºB 3000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды 63 Сунақата каналы Төменарық елді мекенінің тұсында 44.01756 ºC 67.02686 ºB 44.03209 ºC 67.00165 ºB 3000 метр Шомылу жүзеге асырыл майды Ескертпе: Қызылорда облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған жерлер тізбесі «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған ақпаратқа сәйкес қалыптастырылды.