Об установлении изъятия из национального режима Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тауардың шығу тегі туралы «CT-KZ» нысанындағы сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығаратын тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
Басқа 1. Шет мемлекеттерде шығарылатын, ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Шет мемлекеттерде шығарылатын, ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар
тізбесі
Р/с
№
Атауы
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
1.
Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа)
8703
2.
Электр трансформаторлары, статикалық электр түрлендіргіштер (мысалы, түзеткіштер) индуктивтілік орауыштар және дроссельдер
8504
3.
Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен жиынтықта болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабығы бар талшықтардан жасалған талшықты-оптикалық кабельдер
8544