Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по Мугалжарскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұғалжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген бұйрығына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мұғалжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мұғалжар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 7
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 шілдедегі № 336 шешіміне 1 қосымша Мұғалжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік 1 есеп бірлігіне тиесілі жылдық норма м3 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 0,85 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 1,1 3 Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,60 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,35 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,60 6 Емханалар 1 келіп кету 0,007 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,70 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,25 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,57 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,04 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 0,03 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,04 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,03 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2 0,33 15 Машиналардан сату Сауда орнының 1 м2 0,27 16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,15 17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,2 18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,2 19 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 0,23 20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,22 21 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,04 22 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,15 23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар 1 машина-орын 0,51 24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,76 25 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,41 26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,31 27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,17 28 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,04 29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны 0,02 30 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,13 31 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,02 32 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 0,89
Басқа 8
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 шілдедегі № 336 шешіміне 2 қосымша Мұғалжар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері Атауы 1 м3 тариф (ҚҚС қоса) (теңге) Жинау және әкету Көму Кәдеге жарату, қайта өңдеу Барлығы Жеке және заңды тұлғаларға (1м3) 885,91 525,94 0 1411,85 1 айға төленетін абонеттік төлем 1 адамнан Жайлы үйлер 62,75 37,25 0 100 Жайлы емес үйлер 81,21 48,21 0 129,42 Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы; м3 - текше метр.