Об утверждении Правил выдачи свидетельства, удостоверяющего регистрацию лица в качестве участника специальной экономической зоны Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы «__» _________ № _____ бұйрығымен бекітілген Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
Тармақша 3
3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру тәртібі
2-тарау. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру тәртібі
Тармақ 3
3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығына және мемлекеттік кіріс органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 4
4. Бірыңғай үйлестіру орталығы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік береді.
Тармақ 5
5. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын куәлікті Бірыңғай үйлестіру орталығы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдейді.
Тармақ 6
6. Төлнұсқа (тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда қалпына келтіру бірыңғай үйлестіру орталығының тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәліктің телнұсқасын беруі арқылы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бірыңғай үйлестіру орталығының тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелуін куәландыратын куәліктің телнұсқасын беруі тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелуін куәландыратын куәлік төлнұсқасының күшін жойғанын растайды.
Тармақ 8
8. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын куәліктің телнұсқасы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына немесе оның уәкілетті өкіліне ғана беріледі.
Тармақ 9
9. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын куәліктің телнұсқасын алу үшін бірыңғай үйлестіру орталығына мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) бүлінген немесе жоғалған жағдайда арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтініші;
Тармақша 2
2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесі.
Тармақ 10
10. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына өзгеріс кезінде жаңа куәлік берілуі мүмкін:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақтың атауы;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының атауы;
Тармақша 3
3) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орналасқан жері. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын телнұсқаны немесе жаңа куәлікті беру кезінде арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы мәліметтерді енгізу күні мен тіркеу нөмірі өзгертілмейді.
Тармақ 11
11. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын берілген куәлікті арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары қайтарады және тиісті мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған кезде;
Тармақша 2
2) қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімі аяқталғаннан кейін немесе мерзімінен бұрын бұзу бойынша.
Басқа 1
Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларға қосымша Нысан Жауапты бөлімшенің басшысы _______________________ ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты ол бар болған жағдайда) (қолы) № ________