О дальнейшей работе по внедрению Президентских тестов физической подготовленности населения области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс тұрғындардың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамаларын іске асыру жөніндегі мұнан былай жүргізілетін жұмыс туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үеіметінің 1996 жылғы маусымның 24-дегі «Қазақстан Республикасындағы халықтын дене тәрбиесі даярлағының Президенттік сынамалары туралы» № 774 Қаулысын орындау үшін және облыс тұрғындарын дене шынықтырумен, спорт пен үнемі айналысуға баулу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың, департаменттер мен комитеттердің, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, оқу орындарының басшылары оқу және еңбек ұжымдарында, тұрғылықты жерлерде және демалыс орындарында халықтын дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамаларын енгізу жөніндегі жұмысты, сынамалардың бағдарламасындағы спорт түрлеру бойынша жағдайлар жасауда қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 2
2. Білім департаменті /Ахметова/, ІІМ-нің техникалық колледжі /Скаков /, Торайғыров атындағы ПМУ /Фрезоргер/: - дене тәрбиесі жөніндегі оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы халқының дене тәрбиесі даярлығын Президенттік сынамалардың талаптарына сәйкес келтіріп, оларды жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне кіргізіп, олардың нормативтік талаптарының меңгерлуін қамтамасыз ететін болсын; - халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамаларының нормативтерін ойдағыдай дайындап қабылдау үшін жағдайлар жасап, осы сынамаларды іске асыру жөніндегі комиссияларды құратын болсын. Комиссияларды басшылардың бірінші орынбасалары басқаратыны белгіленсін.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары /Науразбаева, Поминов, Мұхамеджанов/, облыс әкімі аппараты ішкі саясат бөлімі /Жакина/ Президенттік сынамаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты кең түрде жариялауды, ең үздік дене шынықтыру ұжымдарының озат тәжірибесін насихаттап таратуда қамтамасыз етсін, сынамаларды іске асыруға арналған тұрақты айдарлар ашатын болсын.
Тармақ 4
4. Жастар істері, туризм және спорт жөніндегі басқарма (Мамашев): - білім департаментімен (Ахметова) және мүделлі ұйымдармен 1997 жылдың мамыр айында ІІМ-нің Павлодар техникалық колледжі мен Павлодар қаласының орта мектебінің бірінде дене шынықтыру мамандарымен, аудандық және қалалық бөлімшелердің жұмысты ұйымдастыру және халықтың дене тәрбиесі даярлағының Президентік сынамаларын іске асыру жөніндегі жауапты қызметкерлерімен облыстық семинар өткізетін болсын; - 1997 жылғы маусымның 1-не дейін дене шынықтыру ұжымдарын омырауға тағатын белгілер мен мадақнамалардың қажетті санымен қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 5
5. Облыста халықтың дене тәрбиесі даярлағының Президенттік сынамаларын ұйымдастырып іске жұмысына бақылау жасау қалалар мен аудандардың әкімдері жанында құрылған дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестірге жүктелсін.