О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019 жылғы «___» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2019 жылғы «___» __________
Басқа 0. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығымен бекітілді Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелді, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында: 9-тармақта: 1) тармақшаның орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) экология бөлігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – тиісті бөлім бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдар;»; мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын: «25. Қолданылу мерзімі шектеліп берілген сарапшының аттестаты жергілікті атқарушы органда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-6-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сарапшы аттестаттаудан қайта өтпей, қолданылу мерзімі шектелмейтін аттестатқа өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуге жатады».
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалар мен рұқсат беру талаптарында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Аттестаттау тәртібі»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ басқа ұйымдарда қызметін қоса атқаруды анықтауды аттестаттау орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты қызметкер қарайды.»; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: «10-1. Өтініш берушілер ұсынған құжаттар электронды және (немесе) қағаз түрде аттестаттау орталығының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталуы тиіс.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Аттестаттау орталығы аттестаттау орталығы басшысының қолымен, Excel форматында электрондық нысанда қағаз түрінде есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ай сайын уәкілетті органға мынадай ақпарат ұсынады: 1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізіліміне енгізілген, берілген біліктілік аттестаттарының саны; 2) біліктілік аттестаттарын беруден бас тартулардың саны; 3) біліктілік аттестаттарын алуға өтініш жасаған адамдардың толық тізімі.»; 2-қосымша осы тізілімге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Басқа 1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілді Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Басқа 2. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техника жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымша Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техника жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптары Р/с № Аттестаттау мамандығы Біліктілік талаптары Білімі Жұмыс тәжірибесі 1-тарау. Жобалау қызметі 1. Жобаның бас инженері Жоғары, құрылыс саласында Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл 2. Жобаның бас сәулетшісі Жоғары, сәулет саласында Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл 3. Бас конструктор: тiрек және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс жобалау. Инженерлiк желiлер мен құрылыстар бойынша: желдету және жылу газбен жабдықтау; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жолдар инженері. Технологиялық жабдықтар бойынша Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл 4. Сәулет бойынша жетекші инженер жобалаушы: тiрек және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс жобалау. Инженерлiк желiлер мен құрылыстары бойынша: желдету және жылу газбен жабдықтау; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржолдар инженері. Технологиялық жабдықтар бойынша Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл 2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 5. Бас инженер Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл 6. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Құрылыс саласында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл 7. Учаскенің бастығы: тiрек және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс жобалау. инженерлiк желiлер мен құрылыстары бойынша: желдету және жылу газбен қамту; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржолдар инженері. технологиялық жабдықтар бойынша Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл 8. Жұмыс жүргізуші: тiрек және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс жобалау. инженерлiк желiлер мен құрылыстары бойынша: желдету және жылу газбен жабдықтау; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; теміржолдар инженері. технологиялық жабдықтар бойынша Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл. Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл 9. Мастер: тiрек және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс жобалау. инженерлiк желiлер мен құрылыстары бойынша: желдету және жылу газбен жабдықтау; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және әуеайлақтар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жолдар инженері. технологиялық жабдықтар бойынша Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде бір жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл. Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл