Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Шымкент Күшін жойған
Басқа 0
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 4
4) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Шымкент қаласы
мәслихатының 2019 жылғы
17 шілдедегі № 52/444-6с
шешімімен бекітілген
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.
әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 3
3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 4
4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 5
5) толық емес отбасылар;
Тармақша 6
6) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.