Об утверждении Положения о республиканском государственном учреждении «Комитет по информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 33/НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 9 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі міндетін атқарушының
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 169/НҚ бұйрығымен
бекітілді
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ақпараттандыру саласындағы, дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 55/5 ғимарат.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Комитеттің қысқартылған атауы – «ЦДИАӨМ АҚК».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларда алдын алу және оларға жедел ден қою;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 7
7) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 11
11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындайды;
Тармақша 12
12) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
Тармақша 13
13) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) бухгалтерлік есепті жүргізеді;
Тармақша 15
15) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;
Тармақша 16
16) Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;
Тармақша 18
18) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілеріне қатысты тексерулер жүргізеді;
Тармақша 19
19) ақпараттық қауіпсіздік саласын дамыту мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық даму институтымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 20
20) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асыру кезінде қолданылатын қауіпсіздік шараларына және қорғау әрекеттеріне бағалау жүргізеді;
Тармақша 21
21) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді;
Тармақша 22
22) «электрондық үкімет» жұмыс істеген кезде «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін және қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қарайды;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру, сондай-ақ электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;
Тармақша 8
8) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) домендік аттардың әкімшісін және тіркеушісін айқындау жөніндегі ұсыныстарды, интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын дайындау;
Тармақша 11-1
11-1) интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды қорғауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру кезеңділігі;
Тармақша 13
13) қорғау бейіндерін әзірлеу және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесі;
Тармақша 14
14) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 15
15) электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлеу;
16-1) мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей дайындау;
Тармақша 17
17) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 19
19) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 19-1
19-1) дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 19-2
19-2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жіберу;
Тармақша 19-3
19-3) ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 20
20) дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 21
21) дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 22-1
22-1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 22-2
22-2) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 23
23) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 24
24) ақпараттық жүйелердің, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдардың (бұйымдардың), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
Тармақша 25
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 27
27) дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 28
28) дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисімен интеграциялау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 29-1
29-1) дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік үй-жайдағы немесе деректерді өңдеу орталығындағы электрондық базада меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қол жеткізу берілетін мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциялануын келісу;
Тармақша 31
31) мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын сүйемелдеу, мониторингілеу және дамыту қағидаларын келісу;
Тармақша 32
32) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын келісу;
Тармақша 33
33) ақпараттандыру саласында инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізу қағидаларын келісу;
Тармақша 34
34) ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын келісу;
Тармақша 35
35) мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін келісу;
Тармақша 36
36) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды келісу;
Тармақша 37
37) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын келісу;
Тармақша 38
38) мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыру мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларды келісу;
Тармақша 39
39) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу;
Тармақша 40
40) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 41
Тармақша 42
42) дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру, сондай-ақ оны қалыптастыру тәртібі мен қызметін айқындау;
Тармақша 43
Тармақша 44
44) өз құзыреті шегінде реттеу, бақылау, іске асыру функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Тармақша 45
45) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 46
46) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 47
47) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және олардың орын алуына жол бермеу бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 48
48) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 50
50) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 50-1
50-1) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 50-2
50-2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 50-3
50-3) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 50-4
50-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 50-5
50-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;
Тармақша 50-6
50-6) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
Тармақша 50-7
50-7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
Тармақша 51
51) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 54
54) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады;
Тармақша 55
Тармақша 56
56) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытынды беру;
Тармақша 57
57) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға беруге қатысу;
Тармақша 58
58) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа қарсы әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастыру;
Тармақша 59
59) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындамағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауаптылығы туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 59-1
59-1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне одан әрі енгізу үшін ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстарды, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын дайындау;
Тармақша 60
60) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік бөлігінде ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихат қызметін жүргізу;
Тармақша 61
61) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Тармақша 62
62) дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау;
Тармақша 63
63) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
Тармақша 64
64) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысу;
Тармақша 66
66) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды жүргізуге қатысу;
Тармақша 67
67) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің жұмыс істеу, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 68
68) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 68-1
68-1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;
Тармақша 69
69) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу;
Тармақша 70
70) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 71
71) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 71-1
71-1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 72
72) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқама беру;
Тармақша 74
74) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар беру;
Тармақша 75
75) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 76
76) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамаларды орындау үшін жіберу;
Тармақша 77
77) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеуге қатысу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруге қатысу;
Тармақша 78
78) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 79
79) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі
Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі
Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 2
2) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 8
8) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуына құқығы бар.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.