О проведении месячника по социальной поддержке пожилых людей и инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлық өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.03.2003 № а-4/112 қаулысымен.
Қарт адамдар және мүгедектермен жүргізілетін жұмыстың белсенділігін арттыру, олардың, проблемаларының шешілуіне қоғамның, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың назарын аудару үшін және Кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 01.10.02 ж. бастап 31.10.02 ж. дейін Ақмола облысының аумағында карт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша дәстүрлі айлық жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша дәстүрлі айлық өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) Қарттар күні мен Мүгедектер күні өткізіліп жатқан айлық ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге жалғыз ілікті азаматтарға моральдық және материалдық қолдау көрсету шараларын қолдансын;
Тармақша 3
3) шаруашылық субъектілерінің, коммерциялық құрылым басшыларының, бизнесмендердің қатысуымен қарт адамдарға қысқы мерзімге әзірленуге, көкөністер мен мал азығын дайындауға көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) қалаларда, аудан орталықтарында, елді-мекендерде мәдени-көпшілік шаралар, қарттармен және мүгедектермен кездесулер өткізсін, интернаттар мен қарттар үйлерінде тұрып жатқандарға ерекше назар аударсын.
Тармақ 3
3. Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың дәстүрлі айлығын өткізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына 06.11.2002ж. дейін тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.