Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в Товариществе с ограниченной ответственностью Комплекс школа-ясли-сад «Бахыт» города Сарани Күшін жойған
Басқа 0
Саран қаласының
Кешенді мектеп – бөбекжай «Бахыт»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
орта білім беруге мемлекеттік білім беру
тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай «Бахыт» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай «Бахыт»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Саран қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ______
№ ___ қаулысына қосымша
Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай «Бахыт»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Ұйым атауы
Оқушылар саны
Бір жылға бір оқушыға орта білім беруге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) 1-4 сыныптар
1
Кешенді мектеп – бөбекжай «Бахыт»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
30
186 121