Об утверждении Положения о порядке и условиях компенсации дополнительных затрат на расширение и реконструкцию объектов электроэнергетики при подключении дополнительных нагрузок Күшін жойған
Басқа 0
Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңғыртуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.10.2004 № 1044 қаулысымен.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 Заң күшi бар Жарлығының 6-бабының 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi үш ай мерзiм iшiнде Қосымша жүктеме қосқан кезде энергия көздерiн кеңейту мен қайта жаңартуды, энергия тасымалдау желiлерi мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығыстарын өтеуiн есептеу әдiстемесiн әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Энергетика және электрлендiру министрлiгi 1990 жылғы 13 қыркүйекте бекiткен Кәсiпорындар мен аймақтардың қаражатын энергетикалық объектiлердi салуға тарту туралы уақытша әдiстемелiк ұсынымдардың күшi жойылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарының 1992 жылғы 30 шiлдедегi N 6-13 өкiмiнiң 4-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн.
Басқа 6. Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары Туралы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 30 қарашадағы
N 1459 қаулысымен
бекiтiлген
Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртiбi мен шарттары Туралы
Осы Ереже "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 Заң күшi бар Жарлығының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 1. 1. Электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кететiн қосымша шығыстарды қаржыландырудың тәртiбi мен шарттары
1. Электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кететiн қосымша шығыстарды қаржыландырудың тәртiбi мен шарттары
Тармақ 1
1. Жүктемелердiң табиғи өсуiн жабуға кететiн шығыстар энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың жеке кiрiстерiнiң (тарифтердiң) есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тараптардың келiсуi бойынша қосымша жекеленген жүктеме қосылған кезде энергия сатып алушы энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кететiн шығыстарын энергия берушiнiң жарғылық қорынан (акциялар пакетiнен) үлес ала отырып қамтамасыз етуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Бұл жағдайда қосымша қосылатын қуат үшiн энергия тұтынушылар төлемдерiнiң мөлшерi қосымша жүктеме қосқан кезде энергия көздерiн кеңейту мен қайта жаңғыртуды, жылу және электр желiлерi мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығыстарын өтеуiн есептеу әдiстемесiне сәйкес жобаға дейiнгi және жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлегенде белгiленедi.
Тармақ 4
4. Қосылатын қуат үшiн төлем мөлшерiн есептеуге жаңа жүктемелердi қосу тәртiбiн анықтайтын, энергиямен жабдықтаушы ұйым берген алдын ала техникалық шарттар негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Жүктеменi қосуға арналған техникалық шарттарды екi тарап қосылатын қуат үшiн төлемдi тұтынушының аудару көлемдерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн келiсiмдi ресiмдегеннен кейiн энергиямен жабдықтаушы ұйым бередi.
Тармақ 2. 2. Қосылатын қуат үшiн төлем қаражатын пайдалану
2. Қосылатын қуат үшiн төлем қаражатын пайдалану
Тармақ 6
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйым түскен қаражатты техникалық шарттар мен оларға арналған келiсiмде айтылған нақты объектiнi қаржыландыруға (қаржыландыруға пайдаланылған несие сомаларын өтеуге) жұмсайды.
Тармақ 7
7. Қосылған қуат үшiн төлем қаражатын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Қосылған қуат үшiн төлем қаражатының пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомына жүктелсiн.
Тармақ 3. 3. Тараптардың пiкiр алшақтықтары
3. Тараптардың пiкiр алшақтықтары
Тармақ 9
9. Берiлген техникалық шарттар, қосылатын қуат үшiн төлем жасау көлемдерi мен мерзiмдерi мәселелерi бойынша тараптардың пiкiр алшақтықтарын Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомы бiр
ай мерзiмде қарайды.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомының шешiмiн келiспеген жағдайда тараптар бұл мәселенi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешедi.