Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 43-249 (Нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3154 тіркелген, 2015 жылдың 10 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы «____» _________ № _____ шешіміне қосымша Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелеріне, меншік түрлеріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтардың иесі – жеке меншігінде немесе меншіктің басқа түрінде иттер және мысықтарға иелік етуші жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) жетелеуші ит - көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамның белгілі маршруттар бойынша дұрыс және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ете алатын арнайы дайындық барысында үйретілген ит;
Тармақша 3
3) иттерді және мысықтарды асырау - иттер мен мысықтардың иелерімен ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, иттердің және мысықтардың толыққанды тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін іске асырылатын әрекеттер;
Тармақша 4
4) қаңғыбас жануарлар - қоғамдық орындарда серуендетуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар. Қаңғыбас жануарлардың қарғы, қарғы бауы, микрочиптер, таңба, бирка және иесінің байланыс нөмірі жазылған жетондар тәрізді әлдебіреуге тиесілі екенін білдіретін танымдық белгілері болмайды;
Тармақша 5
5) қоғамдық орындар-адамдар көп жиналған немесе көп жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде бақтар, саябақтар және одан басқа азаматтардың демалыс орындары, жағажайлар, стадиондар;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды серуендету - иттер мен мысықтардың тұрғын жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақта болуы.
Тармақша 7
7) жануарларды эвтаназиялау - жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістерімен жансыздандыру;
Тармақша 8
8) биостерилизациялау - жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру;
Тармақша 9
9) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебiнен бағытты қозғалыс алатын қару;
Тарау 2. 2-тарау. Иттер мен мысықтарды асырау
2-тарау. Иттер мен мысықтарды асырау
Тармақ 5
5. Иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтілерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердің төбелерінде), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердің қашып кетуін, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттерді оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақта ит күзеті болса, иттің аумақта бар екендігі туралы аумаққа кіреберісте иттің бейнесі салынған, «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» деген жазба жазылған, көлемі 20х30 сантиметрден кем емес ескерту тақташасымен хабарланады.
Тармақ 7
7. Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелері төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда немесе жекеменшік ветеринарлық клиникаларда тіркеуге қою (одан әрі-ветеринариялық ұйымдар);
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкеліп соқпайтын және қауіп төндірмейтін жүрісін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) иттер мен мысықтардың тарапынан тұрғын үй-жайларда даңғырды болдырмау;
Тармақша 5
5) иттер мен мысықтардың нәжісімен және өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерімен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарының (кіреберістердің, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, лифтілердің, жертөлелердің, шатыр астыларының, үйлердің төбелерінің), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяусоқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеу, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалау;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес асырау, қоғамдық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай асырау, оларға адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, оларға қажетті көлемде тамақ пен ішетін су беру, қатал ұсталуына жол бермеу;
Тармақша 8
8) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мамандарының талабы бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз беру;
Тармақша 9
9) иттер мен мысықтарды жыл сайын, екі айлық жасынан бастап аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға байқау және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшін әкелу;
Тармақша 10
10) жүйелі түрде, тоқсанына бір реттен кем емес иттер мен мысықтарды тері паразиттеріне және гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргізу;
Тармақша 11
11) иттер мен мысықтардың ауыруының барлық жағдайларында немесе ауруға күдікті болғанда дереу аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау, зерттеудің қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз орындау;
Тармақша 12
12) иттер мен мысықтардың белгісіз себептермен өліп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгілері болғанда дереу аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау және оларды ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулау;
Тармақша 13
13) иттер мен мысықтардың адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеу жағдайлары туралы, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлау;
Тармақша 14
14) ит немесе мысықтан жарақат алған тұлғаға өзі туралы толық деректерді дереу беру (фамилиясы, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен жайы);
Тармақша 15
15) иттер мен мысықтарды одан әрі асырауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, иттер мен мысықтарды қорғау ұйымына беру немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау;
Тармақша 16
16) иттер мен мысықтардың өліктерін алып кетуін ұйымдастыру мақсатында аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына дереу хабарлау және олардың есептен шығарылуын қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3-тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету
3-тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету
Тармақ 8
8. Серуендету барысында иттер мен мысықтардың иелері келесі талаптарды сақтауға міндетті:
Тармақша 1
1) иттерді асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергілер келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етіледі. Айналадағы адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілу шартымен иттердің үш айға дейінгі күшіктерін және анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге келмейтін декоративтік тұқымды иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
Тармақша 2
2) иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергілікті атқарушы органдарымен, пәтер иелерінің кооперативтерімен қаралған еркін серуен алаңдарында алып жүруге жол беріледі;
Тармақша 3
3) иттердің иелері әрдайым иттің мойнында иттің лақап аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген нөмірлі жетон бекітілген қарғыбау тағуға міндетті. Иесінің қалауы бойынша нөмірлі жетонда итке қатысты басқа да мәлімет көрсетілуі мүмкін;
Тармақша 4
4) көшелерден және магистральдардың жанынан өткен кезде иттердің иелері жол-көлік оқиғаларын және иттің өлуін болдырмау үшін оларды қысқа мойын жіппен алып жүруге міндетті;
Тармақша 5
5) серуендетіліп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиісті дәрігерлік көмек шақыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 7
7) иттер мен (немесе) мысықтар қоғамдық орындарды ластаған жағдайда нәжісті және олардың өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерін дереу алып тастауға міндетті.
Тармақ 9
9. иттерді тұмылдырықтарда және қысқа мойын жіптерде, өздігінен шешіліп кетуін болдырмайтын, иелері ғимараттардың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де иттер басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәріпті бұзбайтын, қозғалысқа және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен бірге иттер адамдардың және автокөліктердің өтуіне кедергі болмауы керек.
Тармақ 10
10. Мыналарға рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) құтырма ауруына қарсы егілмеген және паразитарлық ауруларға (эхинококкоз және токсоплазмоз) тексерілмеген иттер мен мысықтарды серуендетуге;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды рұқсат етілген немесе осы мақсаттарда арнайы бөлінген орындардан басқа, балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емделу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және тұрғындар жаппай демалатын өзге де орындарда, тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге;
Тармақша 3
3) иттермен және мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жетелеуші иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпыға білім беру мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бірге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
Тармақша 4
4) жетектеп жүрген кәмелет жасындағы тұлғаларсыз 12 жастан кіші тұлғаларға, иттердің үш айға дейінгі күшіктерінен және иттердің декоративтік тұқымдарынан басқа, иттерді серуендетуге;
Тармақша 5
5) алкогольдік, есірткі мас күйіндегі адамдарға иттерді серуендетуге;
Тармақша 6
6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшілік шомылатын жерлерде, тоғандарда, бұрқақтарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;
Тармақша 7
7) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, сондай-ақ көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамды жетелеуші иттерден басқа иттермен бірге болуға жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
4-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Тармақ 11
11. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады (бұдан әрі - Ұйымдар).
Тармақ 12
12. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы егу жасалған, жүйке аурулары және наркологиялық диспансерлерде тіркелмеген тұлғалар жіберіледі. Аулау бригадасы Ұйымның эмблемасы бар жеке қорғану құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталады.
Тармақ 13
13. Аулауға иелері ғимараттардың жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда) серуендетуші тұлғасыз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады.
Тармақ 14
14. Қанғыбас иттер мен мысықтарды аулау, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісіліп Ұйым басшысымен бекітілген кестесі бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері арқылы жүзеге асырылады. Өтініштер журналыда міндетті түрде тіркеліп, мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) аулау себебі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші туралы мәліметтер (азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның аты, өкілдің толық аты, мекен-жайы, байланыс телефоны);
Тармақша 3
3) жануардың түрі;
Тармақша 4
4) жануардың мекендеу ортасы (мекен-жайы және мекен-жайының толық сипаттамасы);
Тармақша 5
5) жануардың сипаттамасы;
Тармақша 6
6) аулаудың себебі туралы ақпарат (қауып алу, агрессия).
Тармақ 15
15. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімге жергілікті атқарушы органдар көздеген уақытша ұстау изоляторында немесе үй-жайларында ұсталады.
Тармақ 16
16. Талап етілмеген иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эвтаназияға жатады.
Тармақ 17
17. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырларда) немесе арнайы биологиялық қалдықтарды (өртейтін) жоятын құрылғыларда (инсинераторларда крематорларда) жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) тастауға және оларды мал қорымынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді. Өлген жағдайда Ұйымдарға хабарласып иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтары) жоюға өткізіледі. Өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін шығару тегін жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, адамгершілік қағидаттар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі.
Тармақ 20
20. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау барысында мертігуін болдырмайтын немесе денсаулығына басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды жануарлардың өлексесімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 22
22. Заң талаптарына сәйкес иттер мен мысықтарды меншiк иесiне қайтарған кезде иттер мен мысықтарды ұстап алған адам және иттер мен мысықтарды бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен иттер мен мысықтарды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.
Тармақ 23
23. Ұсталған иттер мен мысықтарды қайтару және (немесе) беру туралы Ұйымға өтініш берген кезде, иелер немесе өтініш беруші:
Тармақша 1
1) жеке куәлік;
Тармақша 2
2) ит пен (немесе) мысықтың ветеринариялық паспорты (бар болса) және (немесе) иесі бар фотосурет;
Тармақ 24
24. Иттер мен мысықтарды қорғау жөніндегі ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, жеке және заңды тұлғалардың ұйымдарына беру кезінде тіркеу туралы куәлiк және келісімшартқа қол қою түпнұсқа сенімхаты беріледі.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мер мысықтардың иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.