Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам социальной защиты, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Жангелдин ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 7 маусымдағы № 58 қаулысының (2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7907 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Жангелдин ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 105 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы (директор),
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының меңгерушісі (басшысы),;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 4
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақша 5
5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 6
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
Тармақша 4
4) библиограф;
Тармақша 5
5) кітапханашы;
Тармақша 6
6) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 7
7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 8
8) музыкалық жетекші;
Тармақша 9
9) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 10
10) хореограф;
Тармақша 11
11) дыбыс режиссері;
Тармақша 12
12) барлық мамандық мұғалімдері;
Тармақша 13
13) режиссер;
Тармақ 3
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) спорт-нұсқаушы;
Тармақша 2
2) спорт-әдіскер.