Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Жамбылской области Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 7 тамыздағы
№ 168 қаулысына қосымша
Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
№
Су объектісінің атауы
Көпшілік демалатын орын
Орналасқан жері
1
Талас өзені
жағажай
автомобиль жолы
Тараз-Алматы, Талас өзені арқылы өтетін көпірдің жанында
2
Талас өзені
жағажай
Тараз қаласы,
«Тектұрмас» кесенесі маңындағы аумақ
3
Сеңгірбай су қоймасы
жағажай
Жамбыл ауданы,
Шайдана ауылы
4
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы
жағажай
Жуалы ауданы,
Қызыл Арық ауылы
5
Қарабастау бұлағы
жағажай
Жуалы ауданы,
Қарабастау ауылы
6
Саяхат көпшілік демалатын орын
жағажай
Қордай ауданы,
Қордай ауылы
7
Алмаз су қоймасы
жағажай
Қордай ауданы,
Бетқайнар ауылы
8
Орталық саябақтағы көл
жағажай
Сарысу ауданы,
Жаңатас қаласы
9
Жартас су қоймасы
жағажай
Талас ауданы,
Қаратау қаласы
10
Пионер су қоймасы
жағажай
Талас ауданы,
Көктал ауылдық округі
11
Тасөткел су қоймасы
жағажай
Шу ауданы,
Белбасар ауылы
12
Шу өзені
жағажай
Шу ауданы, Белбасар ауылы
«Ақ жайлау» демалыс орны»
13
Шу өзені
жағажай
Шу ауданы,Төле би ауылы, Мерке-Бұрылбайтал тас жолы 109 шақырым Шу өзені арқылы өтетін көпірдің жанында