Об установлении требований к приобретаемым банками, дочерними организациями банка или банковского холдинга акциям (долям участия в уставном капитале) юридических лиц, а также совокупной стоимости долей участия банка в уставном капитале либо акций юридических лиц Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алады: осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары тізімінде көрсетілген еркін айналыстағы Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының акциялары; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары; қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары; қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары;
Тармақша 2
2) банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады;
Тармақша 3
3) банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары депозитарлық қызметті немесе бағалы қағаздар нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алады;
Тармақша 4
4) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың банктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнының мөлшері банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерін құрайды.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы____ ___________ № ___ қаулысына 1-қосымша
Тармақ 1
1. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange).
Тармақ 2
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG).
Тармақ 3
3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ).
Тармақ 4
4. Америка қор биржасы (American Stock Exchange).
Тармақ 5
5. Амстердамдағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam).
Тармақ 6
6. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX).
Тармақ 7
7. Афина қор биржасы (Athens Exchange).
Тармақ 8
8. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE).
Тармақ 9
9. Бразилия қор биржасы (Bovespa).
Тармақ 10
10. Брюссельдегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels).
Тармақ 11
11. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange).
Тармақ 12
12. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing).
Тармақ 13
13. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange).
Тармақ 14
14. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange).
Тармақ 15
15. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange).
Тармақ 16
16. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges).
Тармақ 17
17. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA).
Тармақ 18
18. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa).
Тармақ 19
19. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange).
Тармақ 20
20. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.).
Тармақ 21
21. Лиссабондағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).
Тармақ 22
22. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange).
Тармақ 23
23. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg).
Тармақ 24
24. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia).
Тармақ 25
25. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange).
Тармақ 26
26. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV).
Тармақ 27
27. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal).
Тармақ 28
28. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG).
Тармақ 29
29. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange).
Тармақ 30
30. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).
Тармақ 31
31. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange).
Тармақ 32
32. Осло қор биржасы (Oslo bourse).
Тармақ 33
33. Париждегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris).
Тармақ 34
34. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС).
Тармақ 35
35. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange).
Тармақ 36
36. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange).
Тармақ 37
37. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange).
Тармақ 38
38. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange).
Тармақ 39
39. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange).
Тармақ 40
40. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange).
Тармақ 41
41. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited).
Тармақ 42
42. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange).
Тармақ 43
43. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange).
Тармақ 44
44. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange).
Тармақ 45
45. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange).
Тармақ 46
46. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange).
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы__ _____________ № ___қаулысына 2-қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8357 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 маусымда «Заң газеті» газетінде № 82 (2283) жарияланған).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12338 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.
Тармақ 6
6. «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.