Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера объектового масштаба на территории месторождения «Каратобе» Жаркамысского сельского округа Байганинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес және Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы отырысының 2019 жылғы 12 тамыздағы № 3 хаттамасы негiзiнде, халықтың тыныс-тіршілігін және төтенше жағдайды таралу ауқымына қарай жоюды қамтамасыз ету мақсатында, Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Қаратөбе» кен орыны аумағында қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына байланысты, объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж. Жаңабай тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Байғанин ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 19 «Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қыркүйекте «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.