Положение о порядке проведения инспектирования (проверки) Национальным пенсионным агентством Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларында түгендеу тексеру жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижесін құжаттармен рәсімдеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 08.01.2001 № 2-Ө бұйрығымен. "Келісілді" "Бекітілді" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі 05.06.1998 ж. Бұйрық N 69-П 1998 ж. 22.05. Жинақтаушы зейнетақы қорларында түгендеу тексеру жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижесін құжаттармен рәсімдеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы және Қазақстан Республикасы Ұлттық зейнетақы агенттігінің нормативтік актілеріне сәйкес әзірленді. Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларында түгендеу (тексеру) жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижесін құжаттармен рәсімдеу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Ұлттық зейнетақы агенттігі (бұдан әрі - агенттік) заң негізінде қаржы жағдайының мәліметтерінің сенімділігін, салымшылар/алушылардың мүддесі үшін зейнетақы активтеріне тиімді басшылық ету және заңды сақтау, қордың тұтас алғандағы жекелеген мәселелердегі қызметін зерделеу жолымен анықтау, сонымен қатар қордың басшылары немесе жекелеген қызметкерлерінің қызметтерінің қолданыстағы заңға сәйкестігін белгілеу мақсатында заң негізінде жинақтаушы зейнетақы қорларына түгендеу (тексеру) жүргізеді;
Тармақ 1.2
1.2. Түгендеу (тексеру) жүргізгенде Агенттік қызметкерлері Қазақстан Республикасы заң және нормативтік актілерін қатаң басшылыққа алуға міндетті;
Тармақ 1.3
1.3. Қорларды түгендеуді (тексеруді) Ұлттық зейнетақы агенттігі (бұдан әрі - агенттік) дербес жүргізеді. Жекелеген жағдайларда агенттік қызметкерлері басқа да бақылаушы және реттеуші органдармен бірге бірлесіп тексерулерге қатыса алады;
Тармақ 1.4
1.4. Агенттік Қорларды тексерудің белгіленген жоспарына сәйкес кешендік, сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша ағымдық тексеру жүргізе алады;
Тармақ 1.5
1.5. Агенттік алдағы жоспарлы түгендеуді (тексеруді) күнілгері хабардар етуге, түгендеуші тұлғаларға тексеру жүргізу басталатын күні қажетті құжаттар тізімін талап етуге құқылы;
Тармақ 1.6
1.6. Қордың қызметін түгендеуді (тексеруді) алдын-ала хабарламай-ақ (кенеттен тексеру) жүргізілуі мүмкін.
Тарау 2. 2. Түгендеудің (тексерудің) негізгі міндеттері
2. Түгендеудің (тексерудің) негізгі міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Зейнетақылық жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға берілген лицензия мен құжаттардағы мәліметтердің сенімді болуын тексеру;
Тармақ 2.2
2.2. Қордың есепке алу саясатының сақталуын тексеру;
Тармақ 2.3
2.3. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруінің дұрыс жүргізілуін тексеру;
Тармақ 2.4
2.4. Агенттікке тапсырылған қаржылық және статистикалық есептің сенімділігін тексеру;
Тармақ 2.5
2.5. Жеке зейнетақылық шоттағы зейнетақылық жарнаның және инвестициялық кірістің толық және уақтылы жүргізуін тексеру;
Тармақ 2.6
2.6. Салымшылармен зейнетақы қорлары арасындағы шарттарының дұрыстығын және осы шарт бойынша алынған міндеттемелердің орындалуын, зейнетақы төлемдерінің дұрыс жүргізілуін тексеру;
Тармақ 2.7
2.7. Зейнетақылық төлемнің дұрыс жүзеге асырылуын тексеру;
Тармақ 2.8
2.8. Филиалдардың, өкілдіктердің және жергілікті агенттік нүктелердің қызметтерін жүзеге асыруда заңдардың сақталуын тексеру;
Тармақ 2.9
2.9. Меншікті қаражаттың дұрыс инвестициялануын, нормативтің сақталуын тексеру;
Тармақ 2.10
2.10. Қордың зейнетақы активтерін басқаратын компаниялармен және кастодиан банкімен арақатынастарын реттеу;
Тармақ 2.11
2.11. Жинақтаушы зейнетақы қорларының тұтас алғанда қызметін талдауға, күрделі проблемаларды айқындауға және жүйені жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақ 2.12
2.12. Жинақтаушы зейнетақы қорларының нормативтік базасын және жинақтау жүйесін жетілдіру;
Тармақ 2.13
2.13. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 3.1
3.1. Агенттік бөлімшелерінің белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес түгендеу (тексеру) жөнінде Агенттіктің бұйрығы негізінде жоспар-тапсырма жасалады. Бұйрық бойынша қорды түгендеудің жетекшісі тағайындалады;
Тармақ 3.2
3.2. Агенттік әр Қорға жылына кемінде бір рет түгендеу жүргізуге тиіс;
Тармақ 3.3
3.3. Түгендеу жұмысына кірісер алдында комиссия жетекшісі немесе оның орнындағы тұлғаға тексеру жүргізуге өкілетті екенін дәлелдейтін құжатты көрсетеді және тексерудің міндетін түсіндіреді;
Тармақ 3.4
3.4. Комиссия тексеру жөніндегі өз жұмысын дербес ұйымдастырады және қажетті барлық құжаттарды тексеру актісіне қосу үшін жекелеген құжаттардың көшірмелерін қосып алуға құқысы бар. Комиссия Қордың қызметіне қатысты зейнетақы активтеріне басшылық ететін Компания мен кастодиан-банктің кез келген адамынан сауалнама жолымен ақпарат алуға құқылы;
Тармақ 3.5
3.5. Қор талап етілген құжаттарды (мәліметтерді) және оларды түгендеуші тұлғаларға уақтылы беруді әзірлеуге тиісті жауапты мамандарды анықтайды;
Тармақ 3.6
3.6. Тексеру жүргізген кезеңде Қор комиссияға өз ғимаратынан жеке бөлме беруге, оның жұмысы үшін бөлінген бөлме қажет болған жағдайда, келісім бойынша демалыс күндерінде еркін кіріп шығуын қамтамасыз етуге тиіс.
Тарау 4. 4. Тексерудің нәтижесін рәсімдеу тәртібі
4. Тексерудің нәтижесін рәсімдеу тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Түгендеу (тексеру) жұмысының нәтижесін заңды бұзушылық болмаған жағдайда анықтамамен, ал заңды бұзушылық анықталған жағдайда актімен рәсімделеді. Акт (анықтама) қосымшаларымен екі данада жасалады. Бірінші дана қордың басшысына қол қоюға, ал екіншісі тексерушіде қалады;
Тармақ 4.2
4.2. Түгендеу (тексеру) кезінде заңды бұзушылық анықталған жағдайда айқындалған фактілерді ретімен, әділ, анық және толығымен заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес сипаттаған жөн;
Тармақ 4.3
4.3. Актінің мәтіні тапсырмаға байланысты толық және дұрыс ақпаратпен анық әрі дәлелді құрастырылуы тиіс. Қосымшаларда түрлі таблицалар мен біркелкі қайталанған заңды бұзушылықты көрсететін анықтамалық мәліметтер берілуі мүмкін. Актіде түгендеу кезінде қолданылған шаралар көрсетілу керек;
Тармақ 4.4
4.4. Актіге қол қою кезінде қордың басшылары ескертпесі мен келіспеушілігі болса қолының алдында қосымша түсінік беріп, жазбаша түсіндірмені қосады;
Тармақ 4.5
4.5. Қордың басшылары түгендеу (тексеру) актісіне қол қоймаған жағдайда, комиссияның жетекшісі бұл туралы белгілі тәртіпте актіге белгі қояды.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 5.1
5.1. Қордың қызметін көрсететін міндеттемелер мен қызметтік мәліметтерді бермеуі, тексеру жүргізуге бөгет жасаған және талап етілген қажетті құжаттармен қамтамасыз етпеген жағдайда, қордың қызметкерлеріне және олардың басшыларына заңда белгіленген тәртіппен санкцияны қолдануға және басқа да шараларды іске асыруға болады;
Тармақ 5.2
5.2. Комиссия мүшелері тексеру кезінде құжаттардың сақталуын, алынған ақпараттардың құпиялылығын жария етпей, әрекет етуден тоқталып, Қордың және олардың клиенттерінің қызметіне тікелей немесе жанамалай құқына қайшы келетін және заңды мүдделігіне зиянын тигізбеуін қамтамасыз етуге тиіс;
Тармақ 5.3
5.3. Түгендеу (тексеру) жұмысының нәтижесін қызметтің негізгі бағыттарында Агенттіктің директорымен, қажет болған жағдайда Агенттіктің кеңесінде, - қордың басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлерін қатыстыра отырып әйгілейді. Қабылдаған шешім туралы айқындалған кемшіліктер туралы нұсқама-хат дайындалады;
Тармақ 5.4
5.4. Осы Ережемен реттелмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешуге болады.