Об утверждении Положения о республиканском государственном учреждении «Комитет телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телкоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 46/НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығымен бекітілді «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің байланыс саласындағы реттеушілік және стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан және Комитеттің аумақтық органдарының атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Тармақ 5
5. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Комитет мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5 ғимараты, С2.4.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi. Комитеттің қысқартылған атауы – «Телекоммуникациялар комитеті».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері, функциялары
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері, функциялары
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін, оның ішінде телекоммуникация және пошта байланысы саласында байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шеңберінде байланыс, пошта саласындағы қызметті, сондай-ақ байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2-1
2-1) өз құзыреті шегінде пошта саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 2-2
2-2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 3
3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау;
Тармақша 5
5) байланыс саласындағы инфрақұрылымның дамуын жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 7
7) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 10
10) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындайды;
Тармақша 11
11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 13
13) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) орталықтандырылған бухгалтерлік есеп жүргізеді;
Тармақша 15
15) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;
Тармақша 16
16) Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;
Тармақша 18
18) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес байланыс бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болып табылатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және оларға қол қою бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 19
19) Құқықтық қамтамасыз ету, қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүргізеді. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ байланыс аясындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өз құзыреті шегінде қатысуды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
Тармақша 6
6) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін әзірлеу;
Тармақша 7
7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
Тармақша 8
8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;
Тармақша 9
9) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 10
10) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 11
11) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметін енгізу күнін әзірлеу;
Тармақша 12
12) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 12-1
Тармақша 13
13) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 14-1
14-1) байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 15
15) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
Тармақша 16
16) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін шығару түрлері мен көлемін әзірлеу;
Тармақша 16-1
16-1) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 16-2
16-2) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 16-3
16-3) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
Тармақша 16-4
16-4) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;
Тармақша 17
17) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлігін немесе сәйкестендіру картасын (ID card) көрсету арқылы кіру;
Тармақша 18
18) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 20
20) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 21
21) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
Тармақша 22-1
22-1) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын әзірлеу;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 24
24) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін әзірлеу;
Тармақша 25
25) байланыс саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 26
26) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 28
28) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
Тармақша 29
29) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
Тармақша 30
30) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін әзірлеу;
Тармақша 32
32) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін әзірлеу;
Тармақша 33
33) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 34
34) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 35
35) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 36
36) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 37
37) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 38
38) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 39
39) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 40
40) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Тармақша 41
41) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 42
42) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөлу үшін ұсынылған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурстар (немесе аукциондар) ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, конкурстардың (немесе аукциондардың) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 43
43) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
Тармақша 45
45) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
Тармақша 47-1
47-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48
48) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 49
49) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Тармақша 50
50) Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 51
51) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
Тармақша 51-1
51-1) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу қағидалары мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 52
52) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
Тармақша 54
54) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;
Тармақша 55
55) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 56
56) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 57
57) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 57-1
57-1) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын әзірлеу;
Тармақша 58
58) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық деректер базасын жүргізу;
Тармақша 60
60) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 62
62) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
Тармақша 63-1
63-1) цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттіліктерін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
Тармақша 64-1
64-1) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді әзірлеу;
Тармақша 65
65) байланыс операторларының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, хабарламалар мен ақпаратты берудің немесе қабылдаудың технологиялық процестерінде байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде бірыңғай есепке алу-есептік уақытты белгілеу;
Тармақша 66
66) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу және беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 67
67) нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөлу, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 68
68) байланыс операторларының «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және қауіп-қатері жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мүдделері үшін қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін айқындау және халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөніндегі қызметтерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 68-1
68-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 68-2
68-2) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
Тармақша 68-3
68-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 69
69) телекоммуникация желілері мен құралдарының зақымдануынан болған залалдарды айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 70
70) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін, тарификация бірліктерінің мөлшерін әзірлеу;
Тармақша 70-1
70-1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін әзірлеу;
Тармақша 71
71) бөгеуілдердің көздері мен сипатын, олардың туындау себептерін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 72
72) Комитет құзыреті шегінде реттеушілік, іске асырушылық бақылау-қадағалау функцияларын және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Тармақша 73
73) Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 74
74) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 75
75) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Тармақша 76
76) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;
Тармақша 77
77) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Тармақша 78
78) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 79
79) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес байланыс саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 80
80) жергілікті атқарушы органдардың ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынуды келіседі;
Тармақша 80-1
80-1) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 81
81) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 82
82) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 83
83) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 84
84) реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын әзірлеу;
Тармақша 85
85) байланыс қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан шығару қажеттігі туралы қорытынды қалыптастыру;
Тармақша 86
86) Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 87
87) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісуі, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 88
88) ішкі су көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 88-1
88-1) пошта жөнелтілімдерін (пошта карточкасынан басқа) растау құжаттарын ұсыну арқылы беру кезінде жөнелтушінің олардың құнын жариялау тәртібін айқындау;
Тармақша 89
89) Қазақстан Республикасының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 90
90) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және байланыс саласында әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 91
Тармақша 92
92) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 93
93) Қазақстан Республикасының пошта әкімшілігі сияқты Комитеттің құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің пошта әкімшіліктерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасының пошта байланысы саласындағы мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 94
94) Комитеттің құзыреті шегінде Халықаралық Электр байланысы одағы (ХЭО), Байланыс саласындағы аймақтық достастығы (БАД), телекоммуникациялар және пошта байланысы мәселелері бойынша Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) ретінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 95
95) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
Тармақша 96
96) пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
Тармақша 97
97) Кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын әзірлеуді қаматамсыз ету;
Тармақша 98
Тармақша 99
99) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 100
100) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
Тармақша 101
101) Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 101-1
101-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің өздерінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін келісу;
Тармақша 102
102) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 103
Тармақша 104
Тармақша 105
Тармақша 106
Тармақша 107
107) тағайындалған пошта операторын тағайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алу;
Тармақша 108
108) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 109
109) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының өндіріс объектілеріне пошта индекстерін беру;
Тармақша 110
110) Ұлттық пошта операторын айқындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 110-1
110-1) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 111
111) байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған байланыс саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ іске асыруға қатысу;
Тармақша 111-1
111-1) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;
Тармақша 112
112) байланыс саласындағы статистикалық көрсеткіштердің мониторингі;
Тармақша 113
113) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу және мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың интранет ресурсына мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы қол жеткізуге рұқсат беру ережесін анықтау;
Тармақша 113-1
113-1) байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде ақпарат беруді радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
Тармақша 114
114) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау;
Тармақша 115
115) Комитет құзыреті шегінде байланыс саласында, оның ішінде телекоммуникациялар және пошта байланысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 115-1
115-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 115-2
115-2) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 115-3
115-3) деректерді өңдеу орталықтарының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 115-4
115-4) деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 115-5
115-5) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 115-6
115-6) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін әзірлеу;
Тармақша 115-7
115-7) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуі тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 116
116) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Төрағаның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Төрағаның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіліктері:
Тармақша 1
1) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар мен сыйлықақылар төлеу, сондай-ақ тәртіптік жауаптылық мәселелерін шешеді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 8
8) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.