О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) және 98) тармақшаларына сәйкес және Қарағанды облысы үшін пилоттық жобада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды апробациялау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (27725) жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру Стандартында: 4-7-тараулар алып тасталсын;
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ережесі, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы ______ № ҚР ДСМ_____бұйрығына қосымша Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ережесі, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары