О городской чрезвычайной противоэпидемической комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 03.06.1996 жылғы  N№685  "Республикалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы туралы", 28.08.1997 жылғы N№1298  "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюдың Мемлекеттiк жүйесi туралы"  Қаулыларына сәйкес халықты және аумақты жұқпалы аурулар iндеттердiң пайда болуынан, жайылмауды алдын алу және жою, адамдарды жаппай уланудан сақтау, жануарлардың эпизоотиялық жағдайымен өсiмдiктердiң зақымдануы бойынша барлық меншiк түрiндегi атқарушы органдар, мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың қызметiн үйлестiру мақсатында, Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалық iндетке қарсы төтенше комиссия Ережесi және оның дербес құрамы бекiтiлсiн (N№1, N 2 қосымшалар).
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдерiне - бiр ай мерзiм iшiнде аудандық iндетке қарсы төтенше комиссиясы құрылсын және оның қызметінде қалалық індетке қарсы төтенше комиссиясы туралы Ережесi басшылыққа алынсын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Әкiмiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N№78 "Қалалық iндетке қарсы төтенше комиссия құрамы туралы" шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 5. Қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы туралы ЕРЕЖЕСI
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн. Алматы қаласының Әкімі Алматы қаласы Әкiмiнiң 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 132 шешiмiне N№1 қосымша Қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы туралы ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы Алматы қаласы Әкiмнiң тұрақты қызмет органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында " Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ", " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " Заңдарын, " Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюдың Мемлекеттiк жүйесi туралы ",  "Республикалық iндетке қарсы төтенше комиссиясы туралы"  Қаулыларын, басқа да халықты және аумақты аса қауiптi жұқпалы аурулар таралуынан қорғау және оны жою бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмiмен анықталады және бекiтiледi. Комиссия төрағасы Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады (лауазымы бойынша).
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Алматы қаласы аумағына аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың жайылуын, таралуын және шекараны санитарлық қорғау, жануарлардың эпизоотиялық жағдайы және өсiмдiктердiң зақымдануын, адамдардың жаппай улануы және жұқпалы аурулар iндетiн алдын алу және оны жоюға бағытталған барлық меншiк түрлерiндегi (ары қарай-заңды тұлғалар) атқару, мемлекеттiк және басқа да органдардың, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдардың қызметiн уйлестiру.
Тармақша 2
2) Аудандық iндетке қарсы төтенше комиссия қызметтерiн үйлестiру және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру.
Тармақша 3
3) Аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың пайда болуы және таралу жағдайындағы денсаулық сақтау органдарының дайындығына бақылауды ұйымдастыру.
Тармақша 4
4) Халықты аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардан қорғау бойынша iндетке қарсы iс-шаралардың орындалуы жолында резервтiк және материалдық-техникалық құралдарды өз уақытында жинақтау, жаңарту және қолдануға бақылау жасау.
Тармақша 5
5) Халықты және ұйымдарды аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шаралары жөнiнде, қажеттi қауiпсiздiк туралы ақпараттармен хабардар ету.
Тармақ 5
5. Комиссия өз өкiлеттiлiгiн жергiлiктi атқару органдарымен, ведомстволармен, сондай-ақ, қоғамдық бiрлестiктермен өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырады. Комиссия шешiмi кепiлдеме сипатқа ие және эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және оны жою бойынша iс-шаралар өткiзудегi Төтенше жағдайдағы iс-әрекеттер және алдын-алу бойынша Мемлекеттiк Жүйесiнiң басқару органдарымен санасады.
Тармақ 6
6. Комиссияның ұйымдастыру құрылымына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң аумақтық органдары, атқару, денсаулық сақтау органдары, мал дәрiгерлiк, қоғамдық тәртiптi сақтау және басқа да мүдделi құрылымдар кiредi, өкiлеттерi болса, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау мәселелерiн шешедi.
Тармақ 7
7. Комиссия құқығы:
Тармақша 1
1) Комиссия жұмысына қажеттi ақпараттарды барлық меншiк түрiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден, ұйымдардан, мекемелерден, жергiлiктi атқару органдарынан алуға.
Тармақша 2
2) Алматы қаласы Әкiмшiлiгiне iндетке және эпизоотияға қарсы iс-шаралар жүргiзуге байланысты карантиндiк-шектеу шараларын енгiзу және алу туралы ұсыныстар жасауға.
Тармақша 3
3) Адамдарды және жануарларды, жүктердi iндет ошақтарынан алыс жерге ауыстыруға енгiзiлген шектеулердi сақтау барысында басқа да шектеу шараларын орындауда бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 4
4) Жұқпалы аурулар iндеттерiн және адамдардың жаппай улануына, аса қауiптi ауруларды болдырмауға бағытталған шешiмдердi, өкімдердi, ескертулердi дайындауға.
Тармақша 5
5) Адамдар арасындағы жаппай улану оқиғасы, жұқпалы аурулар эпизоотиялары iндеттерiн таратуға, жұқтыруға себепкер жеке және заңды тұлғалар болатын болса, оларды Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес жауапқа тарту туралы қатысты органдарға материалдарды жiберуге.
Тармақша 6
6) Жергiлiктi атқару органдар, кәсiпорын және ұйымдар лауазымды тұлғаларының, комиссия құзырына қатысты мәселелерi бойынша, соның iшiнде, санитарлық-профилактикалық, iндетке және эпизоотияға қарсы iс-шараларын орындау, жұқпалы аурулар профилактикасы бойынша олардың қабылдаған шаралары туралы есептерiн тыңдауға.
Тармақша 7
7) Адам өмiрi мен денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша мақсатты бағдарламаның орындалуына талдау жасауға бюджеттiң бөлiнген қаражатты бағдарламалық iс-шараларды мақсатты орындауға жұмсауға.
Тармақша 8
8) Алматы қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институтының кәсiпорын және ұйымдардың, мекемелердiң мамандарын талдау, сараптау және тағы басқа да жұмыстарға жұмылдыруға, баулуға.
Тармақша 9
9) Карантиндiк және аса қауiптi жұқпалы ауруларды болдырмау және таратпау бойынша шаралар, халықты санитарлық ағарту бойынша қажеттi қауiпсiздiктер туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында қолдануға.
Тармақша 10
10) Қалалық және аудандық Әкiмшiлiктерiнiң, Алматы қалалық Мәслихатының қарауына - жұқпалы аурулар деңгейiн түсiруге және профилактикаға байланысты, сонымен қатар, тамақтан улануды алдын-алу мәселелерi бойынша ұсыныс енгiзуге.
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметiн-төрағаның бекiтуiмен жасалған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай, тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия төраға қолы қойылған Қаулыны қабылдайды, егер ол болмай қалған жағдайда, төраға мiндетiн атқару орынбасарына жүктеледi.
Тармақ 9
9. Осы Ережеде анықталған мiндеттердi орындау үшiн Комиссия Алматы қаласы Әкiмiнiң тұрақты органы және құрам бойынша қоғамдық құрылымы бола отырып, комиссия төрағасымен келiсiлген номенклатура бойынша жеке iс қағаздарын жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз етуiн теңдей етiп, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма және Төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 11. Алматы қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясының ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
11. Комиссия өз қызметi туралы қала Әкiмiн жүйелi түрде хабардар етiп отырады. Әкiмшiлiк хатшысы Алматы қаласы Әкiмiнiң 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 132 шешiмiне N№2 қосымша Алматы қалалық iндетке қарсы төтенше комиссиясының ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Қайрат Ахмадиұлы           - Алматы қаласы Әкiмiнiң Бөкенов                      бiрiншi орынбасары, қалалық iндетке қарсы төтенше комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Виталий Николаевич         - қалалық санитарлық- Шеянов                       эпидемиологиялық басқарманың бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Бауыржан Бейсенұлы         - қалалық төтенше жағдайлар Ысқақов                      жөнiндегi басқарма бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 4
4. Күнайым Мақбозқызы         - қалалық санитарлық- Сариева                      эпидемиологиялық басқарма бастығының орынбасары, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi:
Тармақ 5
5. Тұрарбек Мәжiлұлы          - Алмалы ауданының Әкiмi Асанов
Тармақ 6
6. Владимир Николаевич        - Әуезов ауданының Әкiмi Устюгов
Тармақ 7
7. Амангелдi Кәрiмұлы         - Бостандық ауданының Әкiмi Кәрiммолин
Тармақ 8
8. Әмiр Құлмаханұлы           - Жетiсу ауданының Әкiмi Құлмаханов
Тармақ 9
9. Владимир Алексеевич        - Медеу ауданының Әкiмi Васильев
Тармақ 10
10. Борис Константинович      - Түрксiб ауданының Әкiмi Малиновский
Тармақ 11
11. Василий Николаевич        - Алматы қалалық денсаулық Девятко                     сақтау Департаментiнiң бастығы
Тармақ 12
12. Қалмұханбет               - Алматы қалалық Iшкi Iстер Бас Нұрмұханбетұлы              басқармасының бастығы Қасымов
Тармақ 13
13. Рыскелдi Әбiлханұлы       - Алматы қалалық кеден Жандарбеков                 басқармасының бастығы
Тармақ 14
14. Бақыт Бақыұлы             - Қазақ карантиндiк және Атшабар                     аймақтық жұқпалы аурулар ғылыми Орталығының директоры
Тармақ 15
15. Босатхан Ұлдарбекұлы      - Қазақстан Республикасы Ауыл Ұлдарбеков                  шаруашылығы министрлiгi аумақтық қалалық басқармасының бастығы
Тармақ 16
16. Қыдыр Қасымбекұлы         - Алматы қалалық қаржы Тәжiбаев                    басқармасының бастығы
Тармақ 17
17. Александр Идорович        - Алматы қаласы Әкiмi аппараты Ким                         денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Әкiмшiлiк хатшысы