Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы
елді мекендерінің аумағында
қаңғыбас иттер мен мысықтарды
аулау және жою қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі №5-3 «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4524 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Орал қаласының аумағында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, облыс аумағында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2019 жылғы 28 тамыздағы
№28-3 шешімімен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №16-02/701 «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 ақпанда №10183 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;
Тармақша 2
2) қаңғыбас жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары.
Тармақ 3
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау, уақытша ұстау және жою аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың (аудандар мен Орал қаласының ветеринарлық станциялары) жергілікті атқарушы органдары құрған, ветеринария саласындағы қызметтті жүзеге асырып жатқан мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым) жүзеге асырады.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда, аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау, уақытша ұстау және жоюға жеке және заңды тұлғаларды тартуға құқылы.
Тарау 2. 2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
Тармақ 4
4. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;
Тармақша 2
2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;
Тармақша 3
3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;
Тармақша 4
4) жануарларды иелеріне қайтару;
Тармақша 5
5) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын биозарарсыздандыру тәсілімен реттеу;
Тармақша 6
6) оларды басқа жерге орналастыру.
Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау кестесіне сәйкес Ұйым қызметкерлерімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, тиісті әкімшілік-аумақтың жергілікті атқарушы органдары тапсырысымен, қаңғыбас иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ұйым аулаумен айналысатын қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді, нұсқамалық түсінік жүргізеді, азаматтардың талабы бойынша көрсетілетін иттер мен мысықтарды аулау құқығын растайтын куәлік береді.
Тармақ 7
7. Ұйым аулау және жою құрал-жабдықтарымен жабдықталады (ілмекті аулау құралдары, торқапшықтар, торлы дорбалар және (немесе) фармакологиялық дәрі-дәрмекті пневматикалық ату құралдары).
Тармақ 8
8. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекемелердің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.
Тармақ 9
9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
Тармақ 10
10. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:
Тармақша 1
1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;
Тармақша 2
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды қимылсыз қалдыру үшін фармакологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық ату құралын 10 метрден астам қашықтықта қолдануға;
Тармақша 3
3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғыбас иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;
Тармақша 4
4) адамдарға бағыттап атуға жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеге жеткізіледі.
Тармақ 12
12. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және (немесе) құтыру ауруы күдігі болғанда) Ұйыммен кідірмей жойылады.
Тармақ 13
13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын қызметкерлерге сот шешімісіз немесе учаскелiк полиция инспекторының қатысуынсыз пәтерлерден, жеке үйлердің ауласынан, дүкен, дәріхана және басқа мекемелердің маңында уақытша байлаудағы жануарларды алып кетуіне жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарларды (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе кәсіпорындардың және (немесе) мекемелердің өкілдері, күнтізбелік 10 күн ішінде оқшауда және ветеринариялық мамандардың бақылауында болу үшін Ұйымға немесе жақын маңда орналасқан ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізуі қажет.
Тармақ 15
15. Күнтізбелік 10 күні ішінде оқшауланған бөлмеде ұстау және ветеринариялық дәрігерге тексеріп қарауға мүмкіндік беру жазбаша міндеттемесінің негізінде, ветеринариялық емдеу ұйымы рұқсатынан, адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарды, жекелеген жағдайда иесіне қалдыруға рұқсат беріледі.
Тарау 3. 3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемелерге тасымалдау
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемелерге тасымалдау
Тармақ 16
16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 17
17. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оған қоса жануарларды тиеу мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және (немесе) өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.
Тармақ 18
18. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейтарап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдайтын арнайы автокөлікте қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асыратын Ұйымның атауы мен телефон нөмірі анық оқылатындай жазылуы керек.
Тармақ 20
20. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз қаңғыбас иттер мен мысықтар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.
Тарау 4. 4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға
арналған мамандырылған мекемеде ұстау
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға
арналған мамандырылған мекемеде ұстау
Тармақ 21
21. Уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы туралы мәліметтер енгізіледі. Жануарларды тіркелген күн ішінде жоғарыда аталған мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 22
22. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.
Тармақ 23
23. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.
Ауланған таза тұқымды және қарғыбауы бар иттер күнтізбелік 3 күн бойы бағып-күтіледі. Егер иелерінен өтініш болмаған жағдайда олар қаңғыбас болып танылады. Дені сау қаңғыбас жануарлар тиісті клиникалық жағдайда биозарарсыздандыруға және піштіруге жатады. күнтізбелік 3-7 күн өткен соң зарарсыздандырудан немесе піштіруден өткен жануарлар кері мекендеу ортасына тасымалданады.
Тарау 5. 5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою
Тармақ 24
24. Егер ветеринарлық дәрігермен клиникалық қарау кезінде жануардың ауыр науқас екендігі анықталса, онда ол ветеринарлық дәрігердің ұсынысы бойынша дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандыруға жатады.
Тармақ 25
25. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыздандыру басқа жануарлар ұсталатын бөлмеден бөлек орналасқан мамандырылған бөлмеде жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және (немесе) биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және (немесе) стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 28
28. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.