Об утверждении Требований к трехкомпонентной интегрированной системе и ее учету, Правил ее установки и применения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Келісілді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
Басқа 1. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына 1-қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) - төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған электрондық-механикалық құрылғылар, бір немесе әртүрлі банктерде қолма-қол ақшасыз төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына ақшаны жедел есептей отырып, пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және мобильдік қосымшалары;
Тармақша 2
2) үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің құқық иеленушісі – үш құрамдасты интеграцияланған жүйенінің (бұдан әрі – ҮИЖ) өндірушілері болып табылатын немесе ҮИЖ меншік, жалға алу құқығына тиесілі немесе ҮИЖ пайдаланушыларына сату немесе жалға беру үшін өзге де заңды негізге жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) ҮИЖ пайдаланушысы – ҮИЖ қызметін жүзеге асыру кезінде қолданатын салық төлеуші;
Тармақша 4
4) ҮИЖ бірыңғай тізілімі – салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ҮИЖ моделдерінің тізбесі;
Тармақша 5
5) ҮИЖ интеграциялау технологиялары – серверлік аппараттық және бағдарламалық бөлігі, клиенттік бағдарламалық бөлігі бар техникалық шешімдер, бұл ретте клиенттік аппараттық бөлігі ҮИЖ пайдаланушысының жеке құрылғысымен ұсынылады;
Тармақша 6
6) ҮИЖ клиенттік модулі (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) – сату нүктесінің жұмысын және деректерді ҮИЖ Орталық торабына тұрақты үздіксіз беруді, оның ішінде ҮИЖ Орталық торабымен байланысты жоғалтқан кезде 72 (жетпіс екі) сағаттан артық емес кезеңге автономды жұмыс режимін (ол болған кезде) қамтамасыз ететін ҮИЖ аппараттық-бағдарламалық кешенінің бөлігі;
Тармақша 7
7) ҮИЖ орталық торабы – операцияларды өңдеуді және деректерді сақтауды, сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуді, автономды операцияларды (олар болған кезде) қабылдау мен өңдеуді және ҮИЖ деректерін сақтауды қамтамасыз ететін ҮИЖ аппараттық - бағдарламалық кешенінің бөлігі.
Тармақ 3
3. ҮИЖ бірыңғай тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық серверлік бөлім (серверлік жабдық) және (немесе) ҮИЖ Орталық торабының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыс станциялары Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) орналастырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар
2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Техникалық талаптар
1-параграф. Техникалық талаптар
Тармақ 5
5. Жүйені техникалық қамтамасыз ету ҮИЖ жұмыс істеуі үшін жеткілікті техникалық құралдардан тұрады. Техникалық қамтамасыз етудің құрамына ақпаратты жинау және дайындау құралдары, деректерді беру құралдары, ақпаратты өңдеу және шығару құралдары енеді.
Тармақ 6
6. Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуі ҮИЖ функцияларын іске асыру үшін қажетті ҮИЖ Орталық торабынан және ҮИЖ Клиенттік модулінен, техникалық қамтамасыз етудің белгіленген жұмыс істеу режимінен және ҮИЖ болжамды дамуынан тұратын бағдарламаны (бағдарламалар жиынтығы) білдіреді. Жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету операциялық жүйелерді, қызметтік және стандартты бағдарламаларды қамтиды.
Тармақ 7
7. ҮИЖ жұмысы:
Тармақша 1
1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан тұратын (бұдан әрі – БКМ) бақылау құрамдасын;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден тұратын (құрылғы) ҮИЖ төлем құрамдасын;
Тармақша 3
3) ҮИЖ есепке алу құрамдасын (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама) қамтитын аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. ҮИЖ қойылатын жүйелік талаптар: функционалдық үйлесімділік – осы Бұйрықта көзделген ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесуді және жұмыс істеуді қамтамасыз ету; масштабтау – өңделетін ақпарат көлемінің және бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар санының өсуіне қарай жүйенің өнімділігін ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз ету; кеңею – пайдаланушылардың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес бастапқыда қабылданған даму тұжырымдамасы мен технологиялық базаның шеңберінен шықпастан, жүйенің функциясын арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Тармақ 9
9. ҮИЖ:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (немесе құрылғылар) арқылы қабылдауды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына (бұдан әрі – ФДО) деректерді берудің хаттамасы бойынша қосуды және ҮИЖ бөлігі болып табылатын БКМ арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына беруді;
Тармақша 3
3) Салық кодексінің 412-бабына сәйкес Комитеттің «Электрондық шот-фактуралар» (бұдан әрі – ЭШФ) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) тіркеуге жататын құжаттарды, оларды ЭШФ АЖ-де тіркеуге беруді, сондай-ақ виртуалды қоймаларды қалыптастыру мақсатында «Виртуалды қойма» модулінің бизнес-процестерін іске асыруды, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ТІЖ), ТІЖ негізінде электрондық шот-фактураны қалыптастыру;
Тармақша 4
4) осы Талаптарға сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын ҮИЖ-де құжаттарды қалыптастыруды;
Тармақша 5
5) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды (функциялар немесе операциялар барлық ашық жолдарды толық толтырмай орындалған жағдайда, жүйе пайдаланушыны тиісті хабарламамен хабардар етеді);
Тармақша 6
6) қоймалық және сауда жабдығымен жұмыс істеу және принтер мен штрих-код сканерін қолдау мүмкіндігін;
Тармақша 7
7) ҮИЖ-де есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолданумен және (немесе) қолданбай жүзеге асырылуын;
Тармақша 8
8) ҮИЖ пайдаланушылар үшін қажетті қосымша сервистерді іске асыруды қамтамасыз етеді. ҮИЖ-нің жұмыс істеу шартттары өзгерген жағдайда ҮИЖ-нің осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу талап етіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. ҮИЖ жұмыс істеу режимдеріне және сәулетіне қойылатын талаптар
2-параграф. ҮИЖ жұмыс істеу режимдеріне және сәулетіне қойылатын талаптар
Тармақ 10
10. ҮИЖ жұмыс істеуі:
Тармақша 1
1) фискалдық режимде (онлайн және автономды (ол болған кезде)) БКМ есебінен жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) автономды режимде (ол болған кезде), мынадай: ҮИЖ-дің ҮИЖ Орталық торабымен байланысты жоғалтқан; ҮИЖ Орталық торабына қосылған кезде 3 (үш) секундтан астам кідірген жағдайларда. ҮИЖ сұрау салуы мен ҮИЖ Орталық торабынан жауап алу арасындағы уақыт аралығы кідіріс болып табылады.
Тармақ 11
11. ҮИЖ аппараттық-бағдарламалық кешені:
Тармақша 1
1) ҮИЖ Орталық торабынан;
Тармақша 2
2) ҮИЖ Клиенттік модулінен (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) тұрады.
Тармақ 12
12. ҮИЖ Орталық торабына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) бағдарламалық құрауыш ҮИЖ құқық иеленушісіне тиесілі серверлік жабдықта орналасады;
Тармақша 2
2) серверлік жабдық кемінде екі серверден тұрады: негізгі және резервтік. Резервтік серверде негізгі серверден кем емес өнімділік параметрлері бар;
Тармақша 3
3) серверлік жабдық Қазақстан Республикасының аумағында деректерді өңдеудің мамандандырылған орталықтарында (бұдан әрі – ДӨО) орналастырылады. Негізгі және резервтік серверлер бір-бірінен географиялық алыс орналастырылады;
Тармақша 4
4) деректерді қарау және пайдалану үшін ҮИЖ пайдаланушысына қолжетімділік есептік жазба арқылы беріледі;
Тармақша 5
5) ҮИЖ-бен жұмыс істеу кезінде функцияларға қолжетімділік пайдаланушының есептік жазбасы бойынша рөлдер бойынша немесе жеке пайдалану құқықтарын теру бойынша шектеледі.
Тармақ 13
13. ҮИЖ Клиенттік модуліне (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ҮИЖ пайдаланушылық интерфейсін мемлекеттік және орыс тілдерінде іске асыру;
Тармақша 2
2) пайдаланушының талабы бойынша тілді ауыстыру функциясының болуы;
Тармақша 3
3) пайдаланушының талабы бойынша құжаттардың баспа нысандары үшін тілді ауыстыру функциясының болуы;
Тармақша 4
4) қандай да бір операцияны орындау мүмкін болмаған жағдайда, тиісті хабарламамен операцияны орындау мүмкін еместігі туралы ҮИЖ пайдаланушысын хабардар ету.
Тармақ 14
14. ҮИЖ мынадай құрамдастарды:
Тармақша 1
1) мынадай функционалдық модульдерден тұратын есепке алу құрамдасын: қоймалық есепке алу модулін (тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) қозғалысы); кірістер мен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу модулін; жалақы және персоналды басқару модулін (бұдан әрі – ЖПБ); салықтық есепке алу және тіркелімдер модулін; интеграция модулін; ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулін; АБК сервері мен ҮИЖ клиенттік бөлігі арасында байланыс болмаған кезде тауар чектерін беру бойынша модулін;
Тармақша 2
2) төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше электрондық-механикалық құрылғылармен, бір немесе әртүрлі банктерде төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына төлемдерді жедел есептей отырып, төлем карточкаларын пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және (немесе) мобильдік қосымшаларымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін модульден тұратын төлем құрамдасын;
Тармақша 3
3) мынадай функционалдық модульдерден тұратын, «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген БКМ-ге қойылатын техникалық талаптарға, сондай-ақ «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру қағидаларына сәйкес бақылау құрамдасын: ФДО серверіне деректерді беру және фискалдау модулін; акцизделетін тауарларды бақылау модулін; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулін қамтиды.
Тармақ 15
15. ҮИЖ есепке алу құрамдасының қоймалық есепке алу (ТМЗ қозғалысы) модулі:
Тармақша 1
1) сандық және құндық мәнде ТМЗ қозғалысын (кіріске алуды, есептен шығаруды, өткізуді, сатуды, сату мен сатып алуды қайтаруды, түгендеуді) жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) бір немесе бірнеше қоймаларда ТМЗ қозғалысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) қоймаларды басқару функциялары бар (құру, редакциялау, жою);
Тармақша 4
4) қалдықтарды есепке алу функционалы бар;
Тармақша 5
5) тауар қозғалысын қарау функционалы бар;
Тармақша 6
6) ТМЗ қозғалысының барлық операциялары тиісті құжатты қалыптастырумен аяқталады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда, сату және сатуды қайтару ҮИЖ құрамында пайдаланылатын БКМ арқылы фискалдандырумен жүзеге асырылады;
Тармақша 8
8) пайдаланушының сұрау салуы бойынша ТМЗ қозғалысының осы операциясы үшін қоймада тауардың қажетті саны болмаған кезде ТМЗ қозғалысын бұғаттайды;
Тармақша 9
9) фискализацияға есепке алу құрамдастан берілген ТМЗ қозғалысын фискализациялауды ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасында фискалдық белгі операциясын беру және фискалдық белгі мен фискалдау күнін бір транзакция шеңберінде есепке алу құрамдасқа қайта беру жолымен жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) есепке алу құрамдаста ТМЗ қозғалысы операциясы кезінде берілген фискалдық белгіні сақтайды не автономды режимде (ол болған кезде) ҮИЖ жұмысы кезінде ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульден ҮИЖ Орталық торабына береді;
Тармақша 11
11) ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасынан алынған фискалдық белгі берілген құжаттар мен операцияларды түзетуге және жоюға тыйым салады;
Тармақша 12
12) егер ҮИЖ (БКМ) бақылау құрамдасы операцияны орындау, БКМ ажырату, БКМ істен шығу не БКМ 24 (жиырма төрт) сағаттан артық ашық ауысым асқанда немесе БКМ автономды режимде (ол болған кезде) 72 (жетпіс екі) сағаттан артық болғанда БКМ қолжетімсіздігі себебінен осы операцияны фискалдандырмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға БКМ қолдану талап етілетін ТМЗ қозғалысы операцияларын бұғаттайды;
Тармақша 13
13) қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу түрін көрсете отырып, сату операцияларын орындау кезінде ҮИЖ төлем құрамдасын пайдаланумен операцияны аяқтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. ҮИЖ есепке алу құрамдасының кірістері мен ақша қаражатының қозғалысын есепке алу модулі:
Тармақша 1
1) операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша қозғалысын есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) банк шоттары бойынша түсімдер мен төлемдерді тіркеу және есепке алуды жүргізу үшін функционалы бар;
Тармақша 3
3) ұйым кірістерінің есепке алуын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. ҮИЖ есепке алу құрамдасының ЖПБ модулі мынадай функциялар арқылы қызметкерлердің есепке алуын жүргізуді және олардың еңбекақысын төлеуді қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) жұмысқа қабылдау;
Тармақша 2
2) демалыстарды есепке алу;
Тармақша 3
3) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әсер ететін әлеуметтік мәртебелерді есепке алу;
Тармақша 4
4) жалақыны есептеу және беру.
Тармақ 18
18. ҮИЖ есепке алу құрамдасының салықтық есепке алу және тіркелімдер модулі:
Тармақша 1
1) салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысудың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мынадай салық тіркелімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді: сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша; кірістерді, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен алынған кірістерді есепке алу бойынша; төлем көзінен салық салынуға жататын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығы, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдер салынатын объектілерді есепке алу бойынша.
Тармақ 19
19. ҮИЖ есепке алу құрамдасының интеграция модулі:
Тармақша 1
1) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелді) бекітілген 910.00 «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» нысаны бойынша салық есептілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) қалыптасқан салық есептілігін Комитеттің «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» АЖ-ге беру жолымен салық есептілігінің тапсыруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комитеттің «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» АЖ-ден төлеуге салынатын салықтар сомасын қалыптастыру үшін есептелген және төленген салықтар бойынша деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының «Есепке алу-бақылау таңбаларды, акциздік таңбаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру» АЖ-ден есепке алу-бақылау маркалары, акциздік маркалар бойынша деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Комитеттің ЭШФ АЖ-бен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасы интеграциялауға дайын болмаған жағдайда, тауардың, жұмыстар мен қызметтердің атауын қолмен енгізу функциясын көздейді;
Тармақша 7
7) принтермен және штрих-код сканерімен жұмысты қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. ҮИЖ есепке алу құрамдасының ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модулі:
Тармақша 1
1) ҮИЖ Орталық торабымен байланыс 3 (үш) секундтан астам уақыт болмаған кезде ҮИЖ Орталық торабына қолжетімділіктің жоқтығын анықтайды;
Тармақша 2
2) ҮИЖ Орталық торабына қолжетімділік болмаған кезде автономды жұмыс режиміне (ол болған кезде) өтеді;
Тармақша 3
3) ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульде ақпаратты және деректерді сақтау және қорғауды қамтамасыз ететін мынадай тетіктерді қолдану есебінен санкцияланбаған өзгертуден, жоғалудан және (немесе) зақымданудан автономды режимде (ол болған кезде) жұмыс кезеңінде жинақталған ақпаратты және деректерді сақтауды және қорғауды жүзеге асыру бойынша бағдарламалық функциялары бар: ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің жергілікті қоймасының деректерін санкцияланбаған тазалаудан, өзгертуден немесе жоюдан; пайдаланушының бөлінген есептік жазбасы арқылы ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің деректеріне қосуды ұйымдастыру есебінен сыртқы көздерден алынған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден (ҮИЖ Орталық торабын қоспағанда); ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің бағдарламалық қамтамасыз етілуін санкцияланбаған өзгертуден;
Тармақша 4
4) ҮИЖ Орталық торабына ҮИЖ Орталық торабымен байланысты қалпына келтіру кезінде байланыс болмаған кезеңде жергілікті қоймада сақталған барлық операцияларды береді;
Тармақша 5
5) 72 (жетпіс екі) сағаттан астам ҮИЖ Орталық торабымен байланыстың болмауы себебінен ҮИЖ-да операцияларды орындауды бұғаттау туралы ҮИЖ пайдаланушысын хабардар етеді.
Тармақ 21
21. ҮИЖ төлем құрамдасының қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау модулі:
Тармақша 1
1) нақты уақыт режимінде ҮИЖ пайдаланушысының төлем қызметтерін жеткізушіге төлемдердің беруін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдердің қабылдауын және (немесе) төлем карточкаларын пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктердің мобильді қосымшаларымен немесе веб-сервистерімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. ҮИЖ бақылау құрамдасының ФДО - ға (БКМ) деректерді беру және фискалдау модулі:
Тармақша 1
1) операцияны фискалдау кезінде есепке алу құрамдастан тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кодтарын алады;
Тармақша 2
2) есепке алу құрамдастан алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтарын оларға берілген фискалдық белгісімен сақтайды;
Тармақша 3
3) фискальдандырылған операциялар туралы деректерді есепке алу құрамдасқа беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) фискалдау күні мен уақытын және фискалдау операциясының бірегей белгісін көрсете отырып, фискалдық белгіні есепке алу құрамдасқа беру арқылы фискалдау операциясының аяқталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 23
23. ҮИЖ бақылау құрамдамасының акцизделетін тауарларды бақылау модулі:
Тармақша 1
1) есепке алу құрамдастан алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларының деректерін алады;
Тармақша 2
2) акциздік марканы тексереді және жүйенің пайдаланушысына верификация нәтижесін хабарлайды;
Тармақша 3
3) есепке алу құрамдастан алынған маркаларды олардың мәртебесімен сақтайды;
Тармақша 4
4) есепке алу құрамдастан алынған акциздік таңбалар туралы деректерді және оларды тексеру нәтижесін сақтайды;
Тармақша 5
5) тексеру нәтижелері туралы деректерді есепке алу құрамдасқа береді.
Тармақ 24
24. ҮИЖ бақылау құрамдасының тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің электрондық паспорттары базасымен интеграциялауды пайдалану арқылы кодтарды верификациялау модулі:
Тармақша 1
1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер паспорттарының электрондық базасын алады;
Тармақша 2
2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің электрондық паспорттарының базасын сақтайды және тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кодтарын онлайн және автономды режимде (ол болған кезде) верификациялауды жүзеге асырады.
Тармақ 3. 3-параграф. Сенімділікке, қауіпсіздікке және деректердің сақталуына қойылатын талаптар
3-параграф. Сенімділікке, қауіпсіздікке және деректердің сақталуына қойылатын талаптар
Тармақ 25
25. ҮИЖ:
Тармақша 1
1) ақпараттың сенімді сақталуын, ақпаратты жоғалудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, санкцияланбаған қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды және электрондық мұрағаттар мен деректер базаларында ақпараттың толық сақталуын: кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электрмен қоректендіруді толық немесе ішінара ажыратқанда; желілер, телекоммуникациялар апатында, деректер алмасу операцияларын орындаудың кез келген кезеңіндегі орнатылған физикалық және виртуалды байланыстар ажырағанда; бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпаратына санкцияланбаған қол жеткізуге әрекеттенгенде қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) деректер базасының резервтік көшірмесін және транзакциялардың жүйелік журналын күнделікті автоматты түрде сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) онлайн режимде ҮИЖ Орталық торабында салық салуға әсер ететін есепке алу құрамдас операциясының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) автономды режимде (ол болған кезде) есепке алу құрамдас операцияларын орындауға жауап беретін ҮИЖ Орталық торабымен (ҮИЖ Клиенттік модулімен) жұмыс бойынша модульді пайдаланады;
Тармақша 5
5) ҮИЖ Орталық торабымен және ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модульдің байланысын қалпына келтіру кезінде салық салуға әсер ететін (тауарларды сату, жалақыны есептеу) автономды операцияларды (ол болған кезде) оған кейіннен барлық операцияларды орындаумен беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) ҮИЖ Орталық торабымен байланыс жоғалған кезде ҮИЖ Клиенттік модулінде ҮИЖ деректерінің жинақталуын және сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені есепке алуға қойылатын талаптар
3-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені есепке алуға қойылатын талаптар
Тармақ 26
26. ҮИЖ есепке алуын Комитет модельдерді ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ құқық иеленушісі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды: осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) ҮИЖ моделін енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтінішті; өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты: бір және (немесе) бірнеше БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден, сондай-ақ ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйе; ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжатты; ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні ұсынады. Бұл ретте, ҮИЖ эталондық үлгісіне БКМ жаңа моделін және (немесе) модельдерін, және (немесе) бұрында ҮИЖ модельдерінің Бірыңғай тізіліміне енгізілген, ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғы) және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) қосқан кезде, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша акті талап етілмейді.
Тармақша 2
2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде: мыналарды: өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін; бақылау-касса машиналардың мемлекеттік тізілімінде БКМ моделінің және (немесе) моделдерінің болуын тексереді; Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды береді;
Тармақша 3
3) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде: ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың осы Талаптарға сәйкестігі тұрғысында сараптама жүргізеді; сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады; ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізеді.
Тармақ 27
27. Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде ҮИЖ моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін Сараптамалық кеңес ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық еткен тұлға өкілдерінің қатысуымен ҮИЖ эталондық үлгісін сынау (тестілеу) жолымен айқындайды. ҮИЖ техникалық талаптарға сәйкестігін белгілеу үшін Сараптамалық кеңес өзге мемлекеттік органдардан сарапшылардың тиісті құзыреті болмаған кезде басқа тұлғалардың (ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық еткен адамдармен байланысты адамдарды қоспағанда) қатарынан тартады.
Тармақ 27-1
27-1. ҮИЖ құқық иесі бұрын ҮИЖ моделінің Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауы үшін, БКМ жаңа модельін және (немесе) модельін, және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) және (немесе) жүйені (құрылғыны) қосу жолымен ҮИЖ эталондық үлгісі өзгерген кезінде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтініш ұсынады.
Тармақ 28
28. ҮИЖ құқық иеленуші Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастаған кезде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) ҮИЖ моделін енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтінішті ұсынады. Құжаттамада көрсетілген және Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде Комитетке ұсынылған ҮИЖ моделінің осы Талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде, Комитет Cараптамалық кеңестің хаттама түрінде ресімделген Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастау туралы шешім негізінде Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастауды жүргізеді.
Тармақ 29
29. Сараптамалық кеңестің ережесін және құрамын Комитет айқындайды.
Тармақ 30
30. Бірыңғай тізілім Комитеттің сайтында орналастырылады.
Басқа 1. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі – ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтініш
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі – ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге (тізілімнен) енгізу, өзгерту, алып тастау туралы өтініш 1. ҮИЖ құқық иеленушінің атауы __________________________________ 2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)_____________________ 3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта «X» көрсетіңіз): енгізу ☐ өзгерту ☐ алып тастау ☐ 4. ҮИЖ құқық иеленушісінің орналасқан жері: мекенжайдың тіркеу коды: ☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐ облысы:________________________________________________________ республикалық/ облыстық маңызы бар қала: _________________________ _______________________________________________________________ ауданы: ________________________________________________________ аудандық маңызы бар қала/кент/ауыл: ______________________________ _______________________________________________________________ елді мекеннің бір бөлігі (көше, даңғыл, шағын аудан): _________________ ______________________________________________ _______________________________________________________________ үйдің нөмірі: _____________ үй-жайдың нөмірі _____________ 5. ҮИЖ атауы ___________________________________________________ _______________________________________________________________ 6. ҮИЖ құрамдастарының атауы: 1) бақылау құрамдасы (деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы және (немесе) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы) 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________ 4. _____________________________________________________________ 5. _____________________________________________________________ 2) ҮИЖ төлем құрамдасы (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе (құрылғы) және (немесе) жүйелер (құрылғылар) 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________ 4. _____________________________________________________________ 5. _____________________________________________________________ 3) ҮИЖ есепке алу құрамдасы (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама) _______________________________________________________________ 7. ҮИЖ құқық иеленуге рұқсатты растайтын құжаттың нөмірі мен күні _______________________________________________________________ 8. Нұсқасы _______________ 9. Мен, _________________________________________________________ өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын және барлық қоса беріліп отырған құжаттардың жарамды екенін растаймын. __________ парақ қоса беріледі. ҮИЖ құқық иеленушісі _________________________________ ______ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) Берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________
Басқа 2. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы «___» ________ №____ бұйрығына 2-қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың күші оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге – үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) пайдаланушыларына қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану тәртібі
2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану тәртібі
Тармақ 3
3. ҮИЖ орнату өндірушімен өнімге техникалық құжаттамаларда көрсетілген орнату және жүйені іске қосу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. ҮИЖ сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау процесін есепке алу үшін және тауарларды есепке алу үшін ҮИЖ пайдаланушының барлық кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша салықтық мақсатта қолданылады.
Тармақ 5
5. ҮИЖ пайдаланушыларға ҮИЖ пайдалануды қамтамасыз ету үшін ҮИЖ техникалық құжаттамасын басшылыққа алу қажет.
Тармақ 6
6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тіркелуге жатады.
Тармақ 7
7. Пайдаланушы ҮИЖ-де тіркелу үшін мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады.
Тармақ 8
8. ҮИЖ-де тіркеуді мемлекеттік кірістер органдары Өтінішті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ҮИЖ тіркеу карточкасы беріледі.
Тармақ 9
9. ҮИЖ пайдаланушылары осы бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ: жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бекітуді және барлық операциялар мен оқиғалардың жазбаларында көрсетуді; операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 1-қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш 1. ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________________________________ ______________________________________________________________ 2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) ____________________ ______________________________________________________________ 3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта «X» көрсетіңіз): тіркеу ☐өзгерту ☐ шығару ☐ 4. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта «X» көрсетіңіз): ☐ бағдарламалық-аппараттық кешен; ☐ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан (бұдан әрі – БКМ), қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) және (немесе) жүйелерден (құрылғылардан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұратын интеграцияланған жүйе. 5. ҮИЖ атауы __________________________________________________ 6. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні ______________________________________________________________ 7. ҮИЖ тіркеу орны: мекенжайдың тіркеу коды: ☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐☐ облыс:_________________________________________________________ республикалық/облыстық маңызы бар қала: _________________________ _______________________________________________________________ аудан: _________________________________________________________ аудандық маңызы бар қала/кент/ауыл: ______________________________ _______________________________________________________________ елді мекеннің бір бөлігі (көше, даңғыл, шағын аудан): _________________ _______________________________________________________________ үйдің нөмірі: _____________ үй-жайдың нөмірі _____________ 7.1 Сауданы басқарудың, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың және тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – есепке алужүйесі) атауы ____________________ ______________________________________________________________ 7.2 БКМ туралы ақпарат: № БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің атауы БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркелген күні БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркеу нөмірі 1 2 3 4 5 7.3 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы) туралы ақпарат: № Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) атауы Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйені (құрылғыны) сәйкестендіру/зауыттық нөмірі Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) тіркелген күні 1 2 3 4 5 8. Мен, өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын растаймын _____________________________________________________ ҮИЖ қолданушы ___________________________________ __________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) Берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________
Басқа 2. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) № __________ тіркеу карточкасы
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 2-қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) № __________ тіркеу карточкасы ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________________ ______________________________________________________________ ҮИЖ пайдаланушының жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ҮИЖ атауы ___________________________________________________ ҮИЖ тіркеу орны: _____________________________________________ ______________________________________________________________ ҮИЖ мемлекеттік кірістер органында тіркелген күні: 20 ____ жылғы «___» ______________ мөр орны Лауазымды адам __________________ _____ _______________________________ мемлекеттік кірістер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған органының атауы жағдайда) мөр орны ҮИЖ мемлекеттік кірістер органының есебінен шығарылған күні: 20 ___ жылғы «____» ___________
Басқа 2.3. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) № __________ тіркеу карточкасы
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 3-қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) № __________ тіркеу карточкасы
Басқа 2.4. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) тіркеу туралы №______________ карточкасына № ______________ қосымша
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларына 4-қосымша Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі - ҮИЖ) тіркеу туралы №______________ карточкасына № ______________ қосымша