Об утверждении Правил субсидирования затрат организаций в сфере производства тепловой энергии на погашение и обслуживание займов международных финансовых организаций, привлеченных для реализации проектов по модернизации систем энергоснабжения Күшін жойған
Басқа 0
Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-36) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдігі;
Тармақша 3
3) жұмыс тобы – жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауға жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
Тармақша 4
4) кредиттік шарт – халықаралық қаржы ұйымы мен субсидия алушы арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру туралы шарт;
Тармақша 5
5) өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;
Тармақша 6
6) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) субсидиялау – халықаралық қаржы ұйымдарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге субсидия алушыға республикалық бюджеттен қайтарылмайтын төлемдерді беру;
Тармақша 8
8) субсидия алушы – коммуналдық меншіктегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйым;
Тармақша 9
9) үш жақты келісім (шарт) – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен немесе субсидия алушымен және халықаралық қаржы ұйымымен энергиямен жабдықтау жүйелерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау жөніндегі жобаларды іске асыру туралы жасасатын келісім (шарт);
Тармақша 10
10) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі – ХҚҰ) – қарыз және (немесе) кредит түрінде заңды тұлғаларға қаржылық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы;
Тармақша 11
11) тарифтік смета – табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтері кірістерінің, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі;
Тармақша 12
12) инвестициялық бағдарлама – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуден немесе табиғи монополия субъектісі қызметінің көрсеткіштерін қолданыстағы деңгейде сақтаудан көрінетін техникалық-экономикалық және (немесе) экологиялық әсерлерді алу мақсатында табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, қолдауға және жаңа активтерін құруға бағытталатын қаражатты салу және қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Тармақ 3
3. Субсидия беру үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жұмыс тобын құрады, оның құрамына бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және ХҚҰ өкілдері енгізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібі
2-тарау. Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Субсидиялар алуға арналған шарттар
1-параграф. Субсидиялар алуға арналған шарттар
Тармақ 4
4. Субсидиялау МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық ставкасын өтеу бойынша субсидия алушылардың шығындарын кейіннен субсидиялау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне нысаналы трансферттер беру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Субсидиялау шарты МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидия алушының міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігі болып табылады.
Тармақ 6
6. Субсидиялар мынадай критерийлер сақталған кезде беріледі:
Тармақша 1
1) субсидия алушы – табиғи монополия субъектісі;
Тармақша 2
2) субсидия алушыда МҚҰ-мен кредиттік шарттың болуы;
Тармақша 3
3) үш жақты келісімнің (шарттың) болуы.
Тармақ 7
7. Субсидияларды ұсыну МҚҰ кредит қаражатын алғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, бірінші басшы (немесе оны алмастыратын тұлға) бекіткен субсидия алушының есеп айырысу негізінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Субсидия алушы:
Тармақша 1
1) дұрыс және негізделген есептеулердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) қаражатты МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге ғана пайдаланады.
Тармақ 9
9. Субсидиялар мерзімі өткен несие берешегі бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеу жөніндегі өзге де шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатына, шаруашылық қызметінің шығындарын және субсидия алушының салық міндеттемелерін жабуға берілмейді.
Тармақ 10
10. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық ставкасын өтеуге бөлінетін субсидиялардың мөлшері уәкілетті орган бұрын бекіткен тарифтік сметаның және тарифтерді төмендету салдарынан уәкілетті орган немесе субсидия алушы бекіткен қолданыстағы тарифтік сметаның шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Егер тарифтік сметаларда бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарын өтеуге және қызмет көрсетуге қаражат көзделмеген жағдайда, субсидия мөлшері субсидия алушының бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарын өтеуге және қызмет көрсетуге көзделген шығындар деңгейінде анықталады.
Егер тарифтік сметаларда бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге қаражат көзделмеген жағдайда, субсидия мөлшері субсидия алушының бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыруға тартылған МҚҰ қарыздарының негізгі борышы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеуге көзделген шығындар деңгейінде айқындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Субсидиялар беру
2-параграф. Субсидиялар беру
Тармақ 11
11. Субсидия алу үшін субсидия алушы жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттар жібереді:
Тармақша 1
1) субсидия алушының бірінші басшысы қол қойған ілеспе хат (еркін нысанда);
Тармақша 2
2) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген субсидияларды ұсыну қажеттілігі туралы түсіндірме жазба (ХҚҰ-мен жүргізілетін жұмыс туралы ақпаратпен, субсидия бөлінген (бөлінбеген) жағдайда көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің шамасын талдаумен бірге);
Тармақша 3
3) кредиттік шарттың көшірмесі (өтеу графигімен бірге);
Тармақша 4
4) үш жақты келісімнің көшірмесі;
Тармақша 5
5) жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 6
6) ХҚҰ-мен келісілген тиісті кезеңге негізгі борышты өтеудің пайыздық мөлшерлемесіне қызмет көрсету есептері;
Тармақша 7
7) бұрын бекітілген тарифтер мен тарифтік сметалар бұйрықтарының көшірмелері;
Тармақша 8
8) бекітілген инвестициялық бағдарламалар бұйрықтарының көшірмелері;
Тармақша 9
9) тарифтік сметалардың орындалуы туралы есеп;
Тармақша 10
10) кредиттік шарттың қолданылу кезеңінде инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп;
Тармақша 11
11) өзге кредит берушілер-банктер алдында мерзімі өткен берешегінің жоқ/бар екендігі туралы анықтама
Тармақша 12
12) қарыз алушының салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы тиісті салық органы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманың берілген күні айқындау жүргізілген күннің алдындағы үш айдан аспауы тиіс.
Жоғарыда аталған құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мөрмен (ол субсидия алушыда болған кезде) және субсидия алушы басшысының (немесе оны алмастыратын тұлғаның) қолымен куәландырылады.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға субсидия алушының бірінші басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен (ол субсидия алушыда болған кезде) куәландырылады.
Тармақ 12
12. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар топтамасын тексереді, өтінімді қалыптастырады және республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жолдайды.
Субсидия алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ескертулерді толық жою үшін қайтару себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда субсидия алушыға құжаттарды қайтарады.
Тармақ 13
13. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидия бөлу туралы ұсыныстарды жұмыс тобының қарауына шығарады.
Тармақ 14
14. Жұмыс тобы субсидия алушылардың есеп айырысуларына объективті және жан-жақты бағалау жүргізеді және субсидияларды бөлудің орындылығы туралы ұсынымдар шығарады.
Тармақ 15
15. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша жұмыс тобы отырысының оң немесе теріс шешімі бар хаттамасы (еркін нысанда) ресімделеді. Жұмыс тобы теріс шешім қабылдаған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі хаттаманың көшірмесін қоса бере отырып, күнтізбелік он бес күн ішінде субсидия алушыны хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Жұмыс тобының оң шешімін ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне енгізеді.
Тармақ 17
17. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаражат беру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі айқындайтын тәртібі негізінде 163 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ұйымдардың инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінетін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі нысаналы трансферттер түрінде қаражатты МҚҰ қарыздарының негізгі қарызы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидия алушылардың шығындарын кейіннен субсидиялау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.
Тармақ 19
19. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидияларды төлеуді осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттың және МҚҰ төлем шоттарының негізінде жүргізеді.
Өткен қаржы жылында бюджет қаражаты пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін жоғары тұрған бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді
Тармақ 20
20. Субсидия алушы жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінен субсидия алу кезінде МҚҰ төлем шотында көрсетілген мерзімде МҚҰ төлемін жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
3-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
Тармақ 21
21. Есептілікті жүзеге асыру мақсатында субсидия алушы жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растайтын құжаттамамен бірге төленген субсидиялардың көлемдері туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынады.
Тармақ 22
22. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растайтын құжаттамамен бірге төленген субсидиялардың көлемдері туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.
Тармақ 23
23. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынады.
Тармақ 24
24. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бөлінген қаражатты пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштері туралы қорытынды есепті ұсынады.
Басқа 1. Төленген субсидиялар көлемдері туралы есеп
Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Төленген субсидиялар көлемдері туралы есеп
20__ ж. « » ____________
Ұйымның атауы: __________________________________________
Есептік кезеңі: ________ жыл
Р/с№
Ұйымның атауы
Алынды
(мың теңге)
Игерілді
(мың теңге)
Ескертпе
М.О.
(болған жағдайда)
Ұйымның бірінші басшысы ________________ _________________________
(қолы) Т.А.Ә (болған жағдайда).
Басқа 2. Төленген субсидиялар көлемдері туралы есеп
Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Төленген субсидиялар көлемдері туралы есеп
20__ ж. « » ____________
Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы: ___________________
Нысаналы трансферттің атауы: _________________________________________
Есептік кезеңі: ________ жыл
Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: _______________
Р/с
№
Ұйымның атауы
Алынды
(мың теңге)
Игерілді
(мың теңге)
Ескертпе
М.О.
(болған жағдайда)
Облыс (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкімі _________________
(қолы)
Бірінші басшы (немесе оны алмастыратын тұлға) –
Жергілікті бюджеттік
бағдарламалар әкімшісі ___________ ______________________
(қолы) Т.А.Ә (болған жағдайда).
Басқа 3. Жиынтық есеп
Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Жиынтық есеп
20__ ж. « » ____________
Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы: ______________
Нысаналы трансферттің атауы: _________________________________________
Есептік кезеңі: ________ жыл
Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: _______________
Р/с
№
Облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астана атауы
Ұйымның атауы
Алынды
(мың теңге)
Игерілді
(мың теңге)
Ескертпе
М.О.
(болған жағдайда)
Бірінші басшы (немесе оны алмастыратын тұлға) –
Республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшісі ___________ ______________________
(қолы) Т.А.Ә (болған жағдайда).
Басқа 4. Қорытынды есеп
Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Қорытынды есеп
20__ ж. « » ____________
Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы: ______________
Нысаналы трансферттің атауы: _________________________________________
Есептік кезеңі: ________ жыл
Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: _______________
№п/п
Тікелей нәтиже
Көрсеткіштер атауы
Өлшем бірлігі
Көрсеткіштердің жоспарлы мәні
Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы
нәтижелерге қол жеткізу %
Жоспар (мың теңге)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Тікелей нәтиже
Нақты орындалуы (мың теңге)
Орындалуы %
Орындалмауы (мың теңге)
Бюджет қаражатын үнемдеуі (мың теңге)
Игерілмеуі (мың теңге)
Нәтижелерге қол жеткізілмеу (асыра орындау) себептері
8
9
10
11
12
13
М.О.
(болған жағдайда)
Бірінші басшы (немесе оны алмастыратын тұлға) –
Республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшісі ___________ ______________________
(қолы) Т.А.Ә (болған жағдайда).