Об утверждении Сертификационных требований к организациям по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники государственной авиации Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Басқа 0. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы сертификаттау талаптарында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авиациялық техника (бұдан әрі - АТ) – авиациялық техникалық құралдар кешені (әуе кемелері, олардың борттық жабдығы мен агрегаттары, қозғалтқыштары, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық қару-жарақтары, құтқарудың авиациялық құралдары, кешенді тренажерлер (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын басқарудың, қону навигациясы мен байланыстың техникалық құралдары, сондай-ақ ұшуды орындауға, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді ұйымдастыруға арналған жалпы және арнайы қолданылатын жерүсті қамтамасыз ету құралдары;
Тармақша 2
2) авиациялық техниканы жөндеу - АТ жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және АТмен оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын (қызмет мерзімдерін) қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
Тармақша 3
3) авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасының жоспар-кестесі (бұдан әрі – сапаның жоспар-кестесі) – жобаның, өнімнің, процестің немесе шарттың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қандай процестер, рәсімдер мен тиісті ресурстар қандай объектіге және қандай мерзімдерде қолданылуға тиіс айқындайтын құжат;
Тармақша 4
4) әзірлеуші – АТ әзірлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) әскери өкілдіктер - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), орындалған әскери мақсаттағы жұмыстардың және көрсетілген әскери мақсаттағы қызметтердің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) басқарушы персонал - өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (бұдан әрі –АТ ТҚКЖ) жөніндегі барлық жұмыстарды ресурстық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын МА ТҚКЖ жөніндегі ұйымның персоналы құрамындағы уәкілетті адамдар;
Тармақша 7
7) бұзылмайтын бақылау – объектіні жұмыстан немесе демонтаждан шығаруды талап етпейтін және оның жеке элементтерінің/тораптарының немесе объектінің құрылымдары мен параметрлерінің негізгі жұмыс беріктігін бақылау;
Тармақша 8
8) жөндеу құжаттамасы – жөндеуге арналған құжаттама (күрделі, орташа, ағымдағы) жөндеу өндірісін дайындауға, жөнделген бұйымдарды және олардың құрамдас бөліктерін жөндеуге және бақылауға арналған;
Тармақша 9
9) инженерлік-техникалық персонал - АТ ТҚКЖ бойынша жұмысқа рұқсаты бар авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар авиация персоналы;
Тармақша 10
10) конфигурация - техникалық құжаттарда белгіленген және онда іске асырылған функционалдық және физикалық сипаттамалар;
Тармақша 11
11) контрафактілік бұйым – түпнұсқа бұйым ретінде ұсынылған, сәйкестендірілген және таңбаланған және (немесе) жалған ақпарат беру, жаңылыстыру немесе алдау ниетімен заңды құқықтарынсыз келіп түсу көзі өзгертілген көшірме, имитация немесе ауыстыру болып табылатыны расталған жалған бұйым;
Тармақша 12
12) конструкторлық құжаттама – олардың мақсатына байланысты бұйымды әзірлеу, дайындау, бақылау, қабылдау, пайдалану және жөндеу үшін қажетті деректерді қамтитын конструкторлық құжаттар жиынтығы;
Тармақша 13
13) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 14
14) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі - сертификат) – АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптары бойынша сәйкестігін куәландыратын, қондырылған үлгідегі құжат;
Тармақша 15
15) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым МА) -техникалық қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеуді жүзеге асыратын және қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға;
Тармақша 16
16) мемлекеттік авиацияның авиациялық техикасын жөндеуге техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның ақпараты – (бұдан әрі - ақпарат) тасымалдағышта тіркелген құрылымдалған ақпарат;
Тармақша 17
17) өндірістік құжаттама – АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындауға дейінгі бұйымның жай-күйі, АТ ТҚКЖ жөніндегі орындалған жұмыстардың тәсілдері мен көлемі және бақылау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттама;
Тармақша 18
18) пайдалану құжаттамасы - техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, авиациялық техниканың ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдаланудағы шектеулерді, рәсімдер және ұсынымдарды қамтитын құжаттама;
Тармақша 19
19) сапа жүйесі – АТ ТҚКЖ сапасын басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;
Тармақша 20
20) техникалық құжаттама – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеу кезінде жұмыстардың орындалуын белгілейтін құжат;
Тармақша 21
21) технологиялық құжаттама – жөндеу өндірісін дайындауға, жөндеу жүргізуге және жөндеуден кейін бұйымды бақылауға арналған жөндеу және құжаттама;
Тармақша 22
22) техникалық қызмет көрсету – жеке ретінде де, үйлестіріп те орындалатын бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексеруді, алмастыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ түрлендіруді іс жүзінде жүзеге асыру.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
2-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар
1-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда қызметті жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) АТ ТҚКЖ орындау үшін қажетті жабдықтар, құрал-саймандар, материалдар, қосалқы бөлшектер және шығыс материалдары;
Тармақша 2
2) АТ ТҚКЖ сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін персонал;
Тармақша 3
3) инфрақұрылым, өндірістік алаңдар, ангарлар, цехтар, қойма үй-жайлар бар;
Тармақша 4
4) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым басшысы бекіткен, мынадай ақпаратты қамтитын МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаулық (стандарт) (бұдан әрі – МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаулық): МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы қол қойған ұйым рәсімдерінің МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде осы сертификаттау талаптарының талаптарына сәйкестігі туралы декларация, сондай-ақ осы сәйкестікті тұрақты қолдайды. ұйымның қауіпсіздік және сапа саласындағы саясаты; тегі мен лауазымдар тізбесі, олардың құқықтары мен міндеттемелері, ұйымдық құрылымы; МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметкерлері құрамының жалпы сипаттамасы; өтінімде көрсетілген МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның әрбір мекенжайы бойынша орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаттамасы; сұрау салынған бекіту саласына сәйкес АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның қызметі саласының сипаттамасы; АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдер жөніндегі нұсқаулығына өзгерістер енгізу рәсімдері; ұйым АТ ТҚКЖ қызметтерін ұсынатын АТ пайдаланушысымен және/немесе АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл тәртібі; АТ ТҚКЖ орындауға тартылатын бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі; желілік (сыртқы) техникалық қызмет көрсету станцияларымен өзара іс-қимыл; әскери өкілдіктермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 5
5) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымға және мәлімделген қызмет саласына сәйкес жұмысты орындауға қойылатын талаптарды айқындайтын АТ-ның өзектілендірілген пайдалану және жөндеу құжаттамасы;
Тармақша 6
6) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен персоналдың біліктілігін қолдау (арттыру) жүйесі, оны даярлау және қайта даярлау;
Тармақша 7
7) сақтауға арналған жеке қойма үй-жайлары және/немесе сақталатын бұйымдардың (қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың, құрал-саймандар мен материалдардың) ескіруі мен зақымдануының алдын алуға арналған үй-жайлар;
Тармақша 8
8) тапсырыс берушімен жасалған шартта (келісімшартта) көрсетілген барлық талаптардың орындалғанын куәландыратын АТ ТҚКЖ туралы тіркелетін деректер;
Тармақша 9
9) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі.
Тармақ 4
4. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым.
Тармақша 1
1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, олардың жабдықтарына және әуеайлақ аумағы жанында орналасқан және (немесе) орналасқан адамдарға әсер ететін қару мен оқ-дәрілердің кез келген түрін қоспағанда, қоса салынған, алмалы-салмалы қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауды.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сапасы мен тәуекелдерін басқаруға қойылатын талаптар
2-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сапасы мен тәуекелдерін басқаруға қойылатын талаптар
Тармақ 5
5. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда сапа мен тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) мыналарды қамтитын сапа жүйесі: сапа жүйесіне қойылатын талаптар; мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша жұмыстарды, қажетті ресурстарды, техникалық бақылауды, жерүсті және ұшу сынақтарын орындауды жоспарлаудың сипаттамасы; МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметінің негізгі орнынан тыс жерлердегі жұмыстарды орындау кезінде байланысты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) сапа және тәуекелдерді басқару бөлімшесі.
Тармақ 6
6. Сапаны және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қызметкерлеріне өндірістік операцияларды орындау жөніндегі міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.
Тармақ 7
7. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда жыл сайын әскери өкілдікті тексеру нәтижелері туралы хабардар ете отырып, мамандандырылған аудиторлық ұйымдар сапа жүйесіне тексеру жүргізеді.
Тармақ 8
8. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым осы сертификаттау талабына 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша сапаның жоспар-кестесін келісу үшін уәкілетті органға және (немесе) әскери өкілдікке ұсынады.
Тармақ 9
9. Сапаның жоспар-кестесіне өзгерістер енгізілген жағдайда МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды және (немесе) әскери өкілдікті болжамды түзету іс-шаралары туралы хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Тапсырыс берушілердің, уәкілетті органның және (немесе) әскери өкілдіктің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындауға арналған шарттар (оның ішінде жарнамалық актілер, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ақпарат) бойынша талаптарды қабылдауды және тіркеуді МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қабылдайды және тіркейді.
Тармақ 11
11. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым тапсырыс берушілердің олардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру дәрежесіне мониторинг жүргізеді.
Тармақ 12
12. Тұрақты негізде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша жұмыстарды орындау сапасына байланысты сәйкессіздіктердің негізгі себептерін талдауды өзектендіреді.
Тармақ 3. 3-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның персоналына қойылатын талаптар
3-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның персоналына қойылатын талаптар
Тармақ 13
13. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның ұйымдық құрылымында мыналар:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру және уақтылы орындау жөніндегі басшы;
Тармақша 2
2) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның осы сертификаттау талаптарына тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ететін басқарушы персонал;
Тармақша 3
3) сапа жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті процестерді құруды, әзірлеуді, енгізуді және қолдауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау сапасы жөніндегі басшы;
Тармақша 4
4) өндірістік персонал, оның ішінде инженерлік-техникалық персонал көзделеді.
Тармақ 14
14. Басқарушы персонал МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысына бағынады. МА АТ ТҚ КЖ жөніндегі ұйымда басқарушы персоналдың әрқайсысы ұзақ болмаған жағдайда оларды алмастыру рәсімдері қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда мынадай құжаттама көзделеді:
Тармақша 1
1) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен персонал тізбесі (тізімі), ол мыналарды қамтиды: АТ ТҚКЖ бойынша мамандардың білімі туралы мәліметтер (диплом, аттестат, куәлік); даярлау, қайта даярлау бағдарламалары, мамандар өткен аттестаттау нәтижелері бойынша мәліметтер (куәлік, куәліктер, сертификаттар);
Тармақша 2
2) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындаумен, қабылдаумен және басшылықпен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысқа жіберу рәсімдері жөніндегі ұйымның стандарты;
Тармақша 3
3) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламасы;
Тармақша 4
4) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысының МА АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындауға өндірістік персоналға рұқсат беру туралы бұйрығы;
Тармақша 5
5) осы сертификаттау талабына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындау кезінде тартылған адамдардың хабардарлығын есепке алу журналы.
Тармақ 4. 4-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның құжаттамасына қойылатын талаптар
4-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның құжаттамасына қойылатын талаптар
Тармақ 16
16. АТ ТҚКЖ орындау кезінде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым:
Тармақша 1
1) АТ жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;
Тармақша 2
2) АТ конструкциясының модификациялары мен өзгерістерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін пайдалану, жөндеу, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы пайдаланады;
Тармақша 3
3) технологиялық және пооперациялық карталардың техникалық және өндірістік құжаттамасын әзірлеуді.
Тармақ 17
17. Пайдалану, жөндеу, технологиялық және өндірістік құжаттаманы пайдалану, өзгерістер енгізу, орындаушыларға жеткізу, есепке алу және сақтау рәсімдері бойынша ұйымның стандарты МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 18
18. Өз әзірлемесінің технологиялық құжаттамасын пайдаланған кезде АТ ТҚКЖ МА жөніндегі ұйым АТ және (немесе) бұйымды әзірлеуші ұйыммен құжаттаманы келіседі.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын растайтын АТ-ға арналған өндірістік құжаттамаға МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық мамандары қол қояды.
Тармақ 20
20. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның АТ-ға арналған өндірістік құжаттаманың құрамы мен нысандары қолданыстағы пайдалану, жөндеу немесе технологиялық құжаттама негізінде АТ типіне және жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты әзірленеді, бекітіледі және түзетіледі.
Тармақ 21
21. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның АТ-ға арналған өндірістік құжаттама:
Тармақша 1
1) АТ техникалық қызмет көрсету жағдайында «ТҚК ісі»;
Тармақша 2
2) АТ жөндеу немесе түрлендіру жағдайында «Жөндеу ісі» деген атаумен бірыңғай құжаттар топтамасына жинақталады.
Тармақ 22
22. АТ- ға техникалық қызмет көрсетуге арналған өндірістік құжаттаманы («ТҚК ісі») АТ бұйымын пайдалану құжаттамасының негізінде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейді және мыналарды:
Тармақша 1
1) АТ бұйымының атауы және нөмірін;
Тармақша 2
2) жұмыстарды орындау және бақылау күнін;
Тармақша 3
3) орындаушылар мен оларды бақылайтын адамдардың тегі мен қолдарын (мөртабандар, жеке таңбалар) қамтиды;
Тармақша 4
4) техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен пооперациялық мазмұнын.
Тармақ 23
23. АТ жөндеуге немесе түрлендіруге арналған өндірістік құжаттаманы («Жөндеу ісі») жөндеу және технологиялық құжаттама негізінде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейді және мыналарды:
Тармақша 1
1) АТ атауы және нөмірін;
Тармақша 2
2) бөлшектердің, тораптардың және бұйымдардың нақты сипаттамалары мен параметрлерін;
Тармақша 3
3) жұмыстарды орындау және бақылау күнін;
Тармақша 4
4) орындаушылар мен оларды бақылайтын адамдардың тегі мен қолдарын (мөртабандар, жеке таңбалар) қамтиды;
Тармақша 5
5) түрлендіруді және жөндеу немесе технологиялық құжаттамада көзделген талаптардан жол берілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнын (техникалық шешімдер парақтары, рұқсаттар карталары).
Тармақ 5. 5-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың инфрақұрылымына қойылатын талаптар
5-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың инфрақұрылымына қойылатын талаптар
Тармақ 24
24. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның АТ ТҚКЖ жөніндегі жоспарланған жұмыстарды, ТҚКЖ құралдары мен персоналды орналастыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді жеке сақтау үшін өндірістік алаңдары, ангарлары, цехтары, қойма, қызметтік, тұрмыстық үй-жайлары және оқшауланған орындары болады.
Тармақ 25
25. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өндірістік алаңдарында:
Тармақша 1
1) АҚ және оның құрамдас бөлігінің бетінде шаңның көрінетін ұшуы пайда болғанға дейін жұмыс аймағы ауасының ластануына жол бермеу;
Тармақша 2
2) бақылау және өрттен, жарылыстан, уытты әсерлерден қорғау жүйелерінің болуы;
Тармақша 3
3) жұмыстарды орындау үшін қажетті энергия көздері мен коммуникациялардың (электр энергиясымен, сығылған ауамен, жылумен, сумен, желдеткішпен) болуы;
Тармақша 4
4) жұмыстарды орындауға артық шудың әсерін болдырмау көзделген, шу көзін реттеу орынсыз болған кезде персонал шудан қорғаудың дербес құралдарымен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) өлшемдердің, жоспарлардың, жарықтандыру көрсеткіштерінің, температураның, ылғалдылықтың, тазалықтың және басқа да параметрлердің пайдалану және жөндеу құжаттамасына сәйкестігі;
Тармақ 26
26. Жұмыс жағдайлары температураның, ылғалдылықтың, тұманның, мұздың, қардың, желдің, жарықтың, шаңның немесе ауаның өзге де ластануының бөлігінде қолайсыз деңгейге дейін нашарлаған жағдайда, АТ ТҚКЖ жұмысы немесе түрі қолайлы жұмыс жағдайлары қалпына келтірілгенге дейінгі кезеңге қойылады.
Тармақ 27
27. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:
Тармақша 1
1) бұйымдарды құрастыру учаскелерін жоңқа, металл және абразивтік шаң және басқа да ластанулар түзе отырып, механикалық өңдеудің кез келген түрлері орындалатын жерлерден оқшаулау;
Тармақша 2
2) бұйымдарды тазалау, жуу, бояу бойынша учаскелерді басқа жұмыс орындарынан оқшаулау;
Тармақша 3
3) жоспарлауды жүзеге асыруға арналған қызметтік үй-жай, АТ ТҚКЖ нұсқаулығы, сапаны басқару, құжаттаманы ресімдеу және зерделеу;
Тармақша 4
4) жоспарланған жұмыстарды сәйкестендіру мен есепке алуды қамтамасыз ете отырып, оларды орындау үшін қажетті технологиялық жарақтандыру құралдары;
Тармақша 5
5) қойма үй-жайларында кондициялық, кондициялық емес материалдарды, бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен жабдықтарды бөлек сақтау;
Тармақша 6
6) технологиялық жарақтандыру құралдарын пайдалану тәртібі бойынша ақпарат;
Тармақша 7
7) технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді жүзеге асыру бойынша ақпарат және осы жұмыстардың орындалуы туралы деректерді тіркеу көзделеді;
Тармақша 8
8) энергия тасымалдаушылардың сапасына, электромагниттік сәулеленудің әсерінен қорғауға және АТ ТҚКЖ сапасына әсер ететін өндірістік ортаның басқа да сипаттамаларына Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтау.
Тармақ 28
28. Өнеркәсіптік тазалықты, экологиялық қауіпсіздік нормаларын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бөлімше құрылады.
Тармақ 29
29. Технологиялық жарақтандыру құралдарын есепке алу, сәйкестендіру және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі, жалпы және жеке пайдаланылатын құралдарды таңбалау, есепке алу, беру, олардың бар-жоғын тексеру жөніндегі ұйымның стандартын МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 30
30. Егер АТ әзірлеушісі пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында технологиялық жарақтандырудың нақты құралын қолдануды ұйғарса, онда МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым, АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжатталған рәсімінде технологиялық жарақтандыру құралдарының өзге (баламалы) түрлерін қолдану жөніндегі рәсімдер белгіленгеннен басқа, осы құралды пайдаланады. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында АТ әзірлеуші ұйым ұсынбаған технологиялық жарақтандыру құралдарының өзге (баламалы) түрлерін қолданған кезде технологиялық жарақтандыру құралдарының баламалылығын МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым технологиялық жарақтандыру құралдарының техникалық және метрологиялық сипаттамаларын салыстырмалы талдаумен растайды. Салыстырмалы талдау нәтижелері әскери өкілдікпен және (немесе) уәкілетті органмен келісілген актіде көзделеді. Міндеттемелерді орындау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әскери өкілдікпен келісім бойынша пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында АТ әзірлеушісі ұйғарған баламалы технологиялық жарақтандыру құралдарын дайындауына жол беріледі.
Тармақ 6. 6-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың өндірістік процесін басқаруға және өнім шығаруға қойылатын талаптар
6-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың өндірістік процесін басқаруға және өнім шығаруға қойылатын талаптар
Тармақ 31
31. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда өндірістік процесті басқару және өнім шығару үшін мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстардың әрбір кезеңінде АТ бұйымын түпкілікті қабылдауға дейінгі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындау шартының белгіленген талаптарына сәйкестігін көрсету үшін қажетті верификацияны (бақылауды) валидациялау (сынау) әдістері;
Тармақша 2
2) қабылдауды және АТ конфигурациясы туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат;
Тармақша 3
3) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен өндірісті технологиялық дайындау, өндірістік процесті басқару және техникалық бақылау рәсімдері жөніндегі ұйымның стандарты;
Тармақша 4
4) конфигурацияны басқару жөніндегі қосымша талаптарды іске асыру рәсімдері мен жұмыстарға конфигурацияны басқару процесін қолданудың сипаттамасын қамтитын АТ конфигурациясын басқарудың әзірленген жоспары;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес АТ жаңғырту және пысықтау олардың көмегімен жүзеге асырылатын бюллетеньдердің тізбесі;
Тармақша 6
6) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен сәйкес келмейтін өнімді басқару рәсімдері бойынша ұйымның стандарты;
Тармақша 7
7) өнімді кіріс бақылау, сақтау, дайындау және сынау операциялары процесінде бұйымдардың жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру және бақылау тәртібі. Мыналар сәйкестендіру және қадағалауды қамтамасыз ету құралдары болып табылады: мөртабандар (мөрлер), жапсырмалар, этикеткалар (биркалар) немесе тексеруге болатын басқа да құралдар, ілеспе, толық өлшемді, техникалық және өндірістік құжаттама;
Тармақша 8
8) сыни сипаттамаларға жататын өнімге және оның қасиеттеріне қойылатын талаптар бойынша ақпарат (ресурс және қызмет ету мерзімі, қауіпсіздік, пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және сенімділік).
Тармақ 32
32. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда метрологиялық қамтамасыз ету үшін:
Тармақша 1
1) егер өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің халықаралық және ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өлшеу нәтижелерін бағалау және тіркеу көзделген;
Тармақша 2
2) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен халықаралық стандарттың немесе оған ұқсас ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін метрологиялық қамтамасыз ету рәсімдері бойынша МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның стандарты;
Тармақша 3
3) метрологиялық қызмет;
Тармақша 4
4) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның технологиялық және конструкторлық құжаттамасына метрологиялық сараптама;
Тармақша 5
5) өлшем құралдарының тізілімі және өлшем құралдарының жарамдылығын метрологиялық растау графиктері;
Тармақша 6
6) технологиялық процестен алынған, метрологиялық тексеруден өтпеген ақаулы өлшем құралдарының және өлшем құралдарының тізбесі.
Тармақ 33
33. Өлшеу құралдары:
Тармақша 1
1) жарамдылығын растау мәртебесін белгілеу мақсатында өлшем құралдарын сәйкестендірумен;
Тармақша 2
2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген мерзімдерде жарамдылығын метрологиялық растаумен;
Тармақша 3
3) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сақтау барысында зақымданудан және жай-күйінің нашарлауынан қорғаумен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 4
4) реттеуден қорғаумен.
Тармақ 7. 7-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімін верификациялауға қойылатын талаптар
7-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімін верификациялауға қойылатын талаптар
Тармақ 34
34. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін мыналар:
Тармақша 1
1) АТ-ға контрафактілік бұйымдарды анықтау, кәдеге жарату және орнатуды болдырмау процестері бойынша рәсімдері;
Тармақша 2
2) бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардан жеткізу бойынша ақпарат;
Тармақша 3
3) жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдар қызметін мониторингілеу;
Тармақша 4
4) Жөнделген, қайта жасалған және қабылдаудан бас тартылған әскери өкілдіктің және бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімдері жөніндегі уәкілетті органның хабарламасы көзделеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті рәсімдерді бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың сақтауы бойынша мониторингілеу;
Тармақша 6
6) өнімдер мен қызметтерді ұсынатын бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өзектілендірілген тізбесі (тізімі).
Тармақ 35
35. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімін верификациялау үшін мыналар:
Тармақша 1
1) жарамдылық мерзімі шектеулі (қызмет ету мерзімі) өнімді сақтау мерзімдері бойынша ақпарат;
Тармақша 2
2) қажетті сандық параметрлерді тексеруді және материалдарға (бұйымдарға) және бағдарламалық құралдарға паспорттардың (сертификаттар, формулярлар, сынақ хаттамалары), тапсырыс талаптарына сәйкестігін тексеруді көздейтін бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімдерін верификациялау және кіру бақылауы бойынша ақпарат;
Тармақша 3
3) қоймалау және сақтау көзделетін жұмыстарды орындау барысында өнімді пайдалану кезінде оның сапасын қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі рәсімдері;
Тармақша 4
4) өнімнің жарамдылық мерзімінің (қызмет ету мерзімінің) қалдығы туралы әскери өкілдіктің хабардарламасы көзделеді.
Тармақ 8. 8-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарда бұзбайтын бақылауға қойылатын талаптар
8-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарда бұзбайтын бақылауға қойылатын талаптар
Тармақ 36
36. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бұзбайтын бақылау жүргізу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) бұзбайтын бақылау бөлімшелерінің қызметін бақылау рәсімдері;
Тармақша 2
2) бұзбайтын бақылаудың барлық қолданылатын әдістерін орындау рәсімдері;
Тармақша 3
3) бұзылмайтын бақылаудың технологиялық процестеріне технологиялық нұсқаулықтар;
Тармақша 4
4) бұзбайтын бақылау жүргізу үшін жеке үй-жайлар, зертханалар немесе арнайы жабдықталған жұмыс орындары және құйын тәрізді тоқ, ультрадыбыстық, акустикалық, магитті ұнтақты, капиллярлық, оптикалық визуалды бақылау әдістері кезінде қолданылатын стандартты үлгілер көзделеді;
Тармақша 5
5) жөнделетін авиациялық техниканың тораптары мен бөлшектерін бұзбай бақылаудың нәтижелерін ресімдеу және шешім қабылдау, бақылау нәтижелерін өндірістік-бақылау құжаттамасында тіркеу жөніндегі рәсімдер;
Тармақша 6
6) құйын тәрізді ток, ультрадыбыстық, магниттік, капиллярлық бақылау үшін салалық бақылау және жұмыс үлгілерін қолдануды реттейтін рәсімдер.
Тармақ 37
37. Бұзбайтын бақылау кезінде қолданылатын жабдық өлшеу дәлдігінің кепілдігі үшін мерзімдік метрологиялық тексеруден өтуі тиіс.
Тармақ 38
38. Бұзбайтын бақылауды орындаудың жұмыс орындары бұзбайтын бақылау жөніндегі технологиялық құжаттамамен қамтамасыз етілуі және жабдықты баптау үшін эталонмен жарақталуы тиіс.
Басқа 1. Авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасының жоспар-кестесі
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына 1-қосымша КЕЛІСІЛДІ Әскери өкілдік және (немесе) уәкілеттік орган ______________ (Аты-жөні) (болған жағдайда) (қолы) жылғы ______ «____» _______________ БЕКІТЕМІН Ұйым басшысы __________( Аты-жөні) (болған жағдайда) (қолы) жылғы ___ «___» _______ Авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасының жоспар-кестесі № р/с Авиа­ци­я­лық тех­ни­ка тү­рі Се­ри­я­лық (за­уыт­тық) Ұлт­тық және тір­ке­лу № № Шарт (Ке­лі­сім­шарт) рә­сім құ­жа­ты Орын­дал­ған жұ­мыстар (Өн­ді­ріс про­це­сте­рі) рә­сім құ­жа­ты Орын­да­лу ке­зе­ңі Ба­ста­луы Аяқ­та­луы 1 2 3 Кестенің жалғасы жыл қаң­тар ақ­пан на­урыз сәу­ір ма­мыр мау­сым шіл­де та­мыз қыр­күй­ек қа­зан қа­ра­ша жел­тоқ­сан
Басқа 2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындау кезінде тартылған адамдардың хабардар болуын есепке алу журналы
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына 2-қосымша Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындау кезінде тартылған адамдардың хабардар болуын есепке алу журналы Авиа­ци­я­лық тех­ни­ка ата­уы За­уыт­тық № Борт­тық № Жұ­мыс тү­рі Орын­да­у­шы Аты-жө­ні (болған жағ­дай­да) Кү­ні және қо­лы Тех­ни­ка­лық ба­қы­лау бө­лі­мі қор­тындысы Аты-жө­ні (болған жағ­дай­да) Кү­ні және қо­лы Әс­ке­ри өкіл қор­тындысы Аты-жө­ні (болған жағ­дай­да) Кү­ні және қо­лы