Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 39-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
Атырау облыстық
мәслихаттың 2019 жылғы
27 тамыздағы № 352-VІ
шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Атырау облысында әрбір алушыға тұрғын үй сертификатының сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары.
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
Тармақша 7
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
Тармақша 8
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Тармақша 9
9) қандастар;
Тармақша 10
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
Тармақша 11
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
Тармақша 13
13) толық емес отбасылар.
Тармақша 14
14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.