О требованиях, предъявляемых к профессиональным участникам рынка ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногындағы депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi жеткiлiктi өз капиталының ең төменгi деңгейiне қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн:
2000 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 60.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
2000 жылғы 01 шiлдеден 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн - 70.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде;
2001 жылғы 01 шiлдеден бастап - 90.000 есе айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 64 қаулысымен .
Тармақ 1-1
1-1. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті резервтік және сақтандыру капиталының ең төменгі деңгейі жарияланған жарғылық капиталдың 30 және 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту: Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 42 Қаулысымен .
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ы өз, резервтік және сақтандыру капиталдарының мөлшерін осы Қаулыға сәйкес келтірсін.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 42 Қаулысымен.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 64 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" N 30 қаулысының 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтар күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.