Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники государственной авиации Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Басқа 0. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы « _ » _________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы
18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (бұдан әрі – АТ ТҚКЖ) жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авиациялық техника (бұдан әрі – АТ) – авиациялық техникалық құралдар кешені (әуе кемесі, олардың борттық жабдығы мен агрегаттары, қозғалтқыштар, мемлекеттік авиация әуе кемесінің авиациялық қару-жарағы, авиациялық құтқару құралдары, кешенді тренажерлер (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын техникалық басқару құралдары, қондыру және байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді ұйымдастыруға арналған жалпы және арнайы қолданылатын жерүсті қамтамасыз ету құралдары;
Тармақша 2
2) авиациялық техниканы жөндеу – авиациялық техниканың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және авиациялық техника мен оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын (қызмет ету мерзімдерін) қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
Тармақша 3
3) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету – авиациялық техниканы мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жөндеуаралық кезеңдегі олардың техникалық даярлығын ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені, оларды жүргізу қажеттілігі оның техникалық жай-күйі және құжаттамасымен айқындалады;
Тармақша 4
4) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) оны жөндеуді жүзеге асыратын және қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға;
Тармақша 5
5) жөндеу – қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, істен шығу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
Тармақша 6
6) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) өтініш беруші – мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін уәкілетті органға жүгінген АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым;
Тармақша 8
8) сәйкессіздік – АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарын толық немесе ішінара сақтамауы;
Тармақша 9
9) сертификаттау комиссиясы – уәкілетті органның лауазымды адамдарының және тиісті авиациялық білімі және әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар тартылатын сарапшылардың қатысуымен уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) сертификаттық зерттеп-қарау – сертификаттау комиссия жүзеге асыратын АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өтініш берушінің құралдарын, жабдықтарын, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, персоналының құзыретін сертификаттау талаптарын сәйкестігіне зерттеп-қарау;
Тармақша 11
11) сертификаттау талаптары – Заңның 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптары;
Тармақша 12
12) сертификатты ұстаушы – уәкілетті органнан АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын алған АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі – сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаға берілмейді.
Тармақ 4
4. Сертификат қызмет саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, екі жылға беріледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып есептеледі. Сертификаттың қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган берілген сертификаттарды және сертификаттарды ұстаушыларды есепке алуды жүргізеді, олар туралы мәліметтер уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
Тармақ 6
6. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдарды сертификаттауды (бұдан әрі – сертификаттау) және сертификат беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізу тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін);
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда ұйым қызметінің аясын кеңейту;
Тармақша 3
3) бұрын берілген сертификаттың қолданылуы кері қайтарылғаннан (тоқтатылғаннан) кейін сертификаттауға жатады.
Тармақ 8
8. Сертификаттаудан өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған өтінішке құжаттар (бұдан әрі – тізбе) қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымды сертификаттаудың жалпы мерзімі алдағы жұмыстар көлемін, сондай-ақ қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бір айдан аспауы тиіс.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тізбеде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес сертификат беру үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтініш берушіге ұсынылған құжаттар топтамасының сәйкес келмегені туралы оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 10-1
10-1. Егер өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 10-тармағының нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың мазмұнын тексереді.
Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге мынадай хабарламалардың бірін жібереді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізу туралы хабарламаны;
Тармақша 2
2) не ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды.
Тармақ 11
11. Сертификаттау комиссиясы АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19340 болып тіркелген) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Анықталған сәйкессіздіктердің санына, сондай-ақ олардың еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке,
АТ ТҚКЖ бойынша шарттық міндеттемелердің сапалы орындалуын ықпал ету дәрежесіне қарай өтініш берушінің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік санаты белгіленеді:
Тармақша 1
1) 1-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;
Тармақша 2
2) 2-санат – уәкілетті органмен келісілген мерзімде оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік;
Тармақша 3
3) 3-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік.
Тармақ 13
13. Өтініш берушінің сәйкессіздік санатын белгілеуді сертификаттау комиссиясы жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сертификаттау комиссиясы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі-акт) жасайды.
Актіде өтініш берушінің өндірістік инфрақұрылымының нақты жай-күйі және қамтамасыз етілуі, сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер және өтініш берушінің сертификаттау талаптарына сәйкессіздігінің белгіленген санаты көрсетіледі.
2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін сертификаттық зерттеп-қарау актісі бекітілген кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау актісі бекітілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
Егер өтініш беруші уәкілетті орган белгілеген мерзімде түзету іс-қимылдарын орындамаса, уәкілетті орган сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету
іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
Актінің соңында сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарылады.
Акт екі данада жасалады, оған сертификаттау комиссиясының мүшелері мен төрағасы қол қояды. Актінің бір данасы қол қойғызып өтініш берушіге беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. АТ ТҚКЖ жөніндегі сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру және оны беруден бас тарту, тоқтата тұру, қайтарып алу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, қолданысын тоқтату тәртібі
3-тарау. АТ ТҚКЖ жөніндегі сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру және оны беруден бас тарту, тоқтата тұру, қайтарып алу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, қолданысын тоқтату тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны
беру және беруден бас тарту
1-параграф. Сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны
беру және беруден бас тарту
Тармақ 15
15. Актінің негізінде уәкілетті орган оған қол қойылған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша беру туралы;
Тармақша 2
2) өтініш беруші белгіленген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі туралы;
Тармақша 3
3) сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Сертификатты және (немесе) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатына қосымша беру туралы шешім сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер болмаған кезде немесе сәйкессіздіктің 1-санаты белгіленген кезде қабылданады.
Тармақ 17
17. Өтініш беруші белгіленген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру мүмкіндігі туралы шешім сәйкессіздіктің 2-санаты белгіленген кезде қабылданады.
Тармақ 18
18. Сертификатты ұстаушы бұрын берілген сертификаттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей осы қызмет түрін жүзеге асыруды жалғастырған жағдайда, уәкілетті органға осы Қағидалардың
8-тармағында көзделген тәртіппен сертификаттауды жүргізу және жаңа сертификат беру туралы өтініш жасайды.
Тармақ 19
19. Сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім:
Тармақша 1
1) сертификаттау талаптарына сәйкессіздік анықталған немесе сәйкессіздіктің 3-санаты белгіленген;
Тармақша 2
2) сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың анық емес немесе жалған болуы фактісі белгіленген;
Тармақша 3
3) өтініш беруші және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, сертификат және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру үшін қажетті деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) өтініш берушіге қатысты сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша алуды талап ететін қызметтің осы түрінің немесе жекелеген түрлерінің қызметіне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
Тармақша 5
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш берушіге сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша беруге уақытша тыйым салған жағдайларда қабылданады.
Тармақ 2. 2-параграф. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу
2-параграф. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын:
Тармақша 1
1) сертификат ұстаушы сертификаттау талаптарын сақтамаған;
Тармақша 2
2) сертификат ұстаушы бас тартқан немесе сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге кедергі жасаған;
Тармақша 3
3) сертификат ұстаушы жазбаша өтініш берген жағдайларда тоқтата тұрады.
Тармақ 21
21. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы Сертификатты ұстаушыға себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.
Егер АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімде сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған сәйкессіздіктерді және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті орган сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алады. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны кері қайтарып алған кезде хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сертификаттың түпнұсқасын және (немесе) сертификатқа қосымшаны уәкілетті органға қайтарады.
Тармақ 22
22. Сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша, ол тоқтатыла тұрған жағдайда, оның қолданысын қайта бастау АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, жоспарда белгіленген мерзімде түзету іс-қимылдарының жоспарын орындағаннан кейін жүзеге асырылады.
Ұйымның түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауын уәкілетті орган сертификаттық зерттеп-қарау жолымен белгілейді.
Тармақ 23
23. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымды уәкілетті орган сертификаттық зерттеп-қарау аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау немесе қайта бастаудан бас тарту жөніндегі шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру
3-параграф. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру
Тармақ 24
24. Сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша:
Тармақша 1
1) олар берілген мерзімі өткен;
Тармақша 2
2) сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша кері қайтарып алынған;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе таратылған;
Тармақша 4
4) сертификат ұстаушы уәкілетті органға сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысын тоқтату туралы өтініш жасаған.
Тармақ 25
25. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде сертификат ұстаушы он жұмыс күні ішінде сертификатты және оған қосымшаны уәкілетті органға қайтарады.
Тармақ 4. 4-параграф. Сертификатты өзгерту және толықтыру
4-параграф. Сертификатты өзгерту және толықтыру
Тармақ 26
26. Қолданыстағы сертификатқа және (немесе) сертификатқа қосымшаға уәкілетті орган сертификат ұстаушының өтініші негізінде:
Тармақша 1
1) сертификат ұстаушының деректері (атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы) өзгерген;
Тармақша 2
2) сертификат ұстаушы қайта ұйымдастырылған;
Тармақша 3
3) объектінің физикалық орын ауыстыруынсыз орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізінуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Қолданыстағы сертификатқа және (немесе) сертификатқа қосымшаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін сертификат ұстаушы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішті, сондай-ақ сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін жібереді.
Тармақ 28
28. Уәкілетті орган сертификат ұстаушыдан өтініш алғаннан кейін қолданыстағы сертификатқа және (немесе) сертификатқа қосымшаға ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзгерістер енгізеді.
Тармақ 29
29. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады.
Тармақ 30
30. Бұрын берілген сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша уәкілетті органға қайтарылуға жатады.
Тармақ 5. 5-параграф. Сертификат ұстаушының сертификаты жоғалған, ұрланған, бүлінген және телнұсқасын берген кезде сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру
5-параграф. Сертификат ұстаушының сертификаты жоғалған, ұрланған, бүлінген және телнұсқасын берген кезде сертификатты және (немесе) сертификатқа қосымшаны беру
Тармақ 31
31. Берілген сертификат және (немесе) сертификатқа қосымша жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда, сертификат ұстаушы уәкілетті органға телнұсқаны беруге өтініш береді.
Тармақ 32
32. Сертификаттың және (немесе) сертификатқа қосымшаның телнұсқасын уәкілетті орган өтініш берушінің өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде береді, оның оң жақ жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген белгі қойылады.
Басқа 1. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті
Уәкілетті органның атауы,мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның
Сертификаты
№_______
Сертификаттың қолданыс мерзімі: 20__жылғы «__» ______бастап 20_жылғы «___» _____ дейін
Осы сертификат 20__жылғы «__»______ сертификаттық зерттеп-қарау актісінің негізінде
___________________________________________________________
(АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН),
заңды мекенжайы, нақты орналасқан мекенжайы) берілді.
Осы сертификатты ұстаушы осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы сертификатқа қосымшада көрсетілген іс-қимыл саласына жататын Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінің ______ № ___ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Осы сертификаттың қолданыс мерзімі бір жыл.
Берілген күні мен орны:
Тегі, аты-жөні және қолы:
Бастапқы берілген күні:
Лауазымы:
Мөр орны
Басқа 2. №_______
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымныңсертификатына
қосымша
№_______
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті
Уәкілетті органның атауы,мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы
№_______
Сертификаттың қолданылу аясы
Авиациялық техниканың түрі және олардың түрленген түрі
Жұмыстардың түрі
Берілген күні мен орны: Тегі, аты-жөні және қолы:
Бастапқы берілген күні: Лауазымы:
Мөр орны
Басқа 3. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтініш
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына 2-қосымша
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтініш
Тармақ 1
1. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_______________________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Ұйымның тіркелген орны және тіркеу нөмірі (шифр)
_______________________________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Өндірістік база орналасқан орынның мекенжайы
_______________________________________________________________________________________
Тармақ 4
4. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның пошта мекенжайы
________________________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Байланыс құралдарының деректемелері (телефон, телеграф, факс, e-mail, интернет мекенжайы)
________________________________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Өтініш беру себебі (қажеттісінің астын сызу):
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын алуға бастапқы өтініш;
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның қызмет түрлерінің өзгеруі;
авиациялық техника үлгілерінің тізбесін өзгерту;
кезекті мерзімге сертификаттау;
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту;
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификатын қайтарып алу/жоюдан кейінгі сертификаттау;
басқа да себептер (көрсету):________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Өтінімнің мазмұны: Мемлекеттік авиацияға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды жүргізуді сұраймын.
Тармақ 8
8. Сертификаттауға мәлімделген қызмет түрлері:
Авиациялық техниканың түрі
Жұмыстардың түрі
Мөр орны_________________
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы ___________________________________________________
Лауазымы( қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Басқа 4. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына 3-қосымша
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым жарғысының көшірмесі.
Тармақ 2
2. Салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, өтініш берушінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі. Өтініш беруші қызметті үш жылдан кем жүзеге асырған жағдайда, ақпарат қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін ұсынылады.
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген анықтама.
Тармақ 4
4. Сапа жөніндегі нұсқаулар, сапа жоспары, тәуекел менеджменті жоспары және конфигурацияны басқару жоспары.
Тармақ 5
5. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның штаттық кестесі.
Тармақ 6
6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшылық құрамы туралы мәліметтер (ұйымның басшысы және АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындау сапасы жөніндегі басшының өкілі):
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тармақша 2
2) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдағы атқаратын лауазымы;
Тармақша 3
3) авиацияның АТ ТҚКЖ саласындағы біліктілігі және білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 4
4) авиацияның АТ ТҚКЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі.
Тармақ 7
7. Авиациялық техниканың нақты үлгісінде сертификаттауға мәлімделген жұмыстарды орындауға технологиялық дайындықтың аяқталғанын растайтын құжаттың (актінің) көшірмесі (бастапқы сертификаттау кезінде немесе сертификаттың қолданылу аясында жұмыстардың жаңа түрін немесе авиациялық техниканың түрін қосу кезінде).
Басқа 5. Сертификаттауды жүргізу туралы
хабарлама
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына
4-қосымша
Сертификаттауды жүргізу туралы
хабарлама
_____жылғы «__» _________ № ____
_________________________________________________________________
(АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы)
______ жылғы «__» __________ № _____________ ______________________________
(ұйым атауы)
ұйымды сертификаттауды жүргізуге ұсынылған өтінімді қарап келесіні хабарлаймыз:
Тармақ 1
1. Сіз ұсынған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздік тармағы көрсетіледі) __________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Сертификаттық зерттеп-қарау ___________________________ бастап ______________________ дейін жүргізілетін болады.
Уәкілетті органның лауазымды адамы
немесе ол уәкілеттік берген адам
__________________________________Мөр орны
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__ жылғы «____» ___________
Басқа 6. Сертификаттық зерттеп-қарау актісі
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына 5-қосымша
Сертификаттық зерттеп-қарау актісі
20__ жылғы «__» ______ ______ қаласында мемлекеттік авиацияның авиациялық
техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі
________________________________________________________________________________
(АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның атауы))
ұйымға сертификаттық зерттеп-қарау жүргізілді.
Комиссия құрамы:__________________________________________________________
Нақты жағдайы:____________________________________________________________
Қорытынды:________________________________________________________________
Ұсынымдар: ______________________________________________________________
Қорытынды мәтіні:___________________________________________________________
Комиссия төрағасы не оны алмастыратын адам:_________________________________
________________________________________________________________
(қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия:__________________________________________________________________
(қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Актімен таныстым:
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы
__________________________________________________
(қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Басқа 7. Түзету іс-қимылдарының жоспары
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына 6-қосымша
Түзету іс-қимылдарының жоспары
Сертификаттау талаптарының тармағы
Сәйкессіздік мазмұны
Жою мерзімі
Түзету әрекеті
Құжаттар
Жою туралы белгі
Ескертпе: сұр түсті баған АТ ТҚКЖ бойынша тексерілетін ұйымның түсініктемелері мен жауаптары үшін құрастырылған.
Уәкілетті органның лауазымды адамы не ол уәкілеттік берген адам үшін баған:
Сәйкессіздіктерді жабу бойынша шешім қабылдау:
Күні:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
Басқа 8. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы
өтініш
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларына 7-қосымша
Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы
өтініш
Сертификатқа өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізуді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
Тармақ 2
2. Сертификаттың нөмірін (лерін), берілген күнін, Сертификатты берушіні көрсету;
Тармақ 3
3. Қызмет түрінің толық атауын көрсету;
Тармақ 4
4. Сертификатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздемесін немесе себептерін көрсету.
Қоса берілген құжаттар тізбесі:
Тармақша 1
1)____________________________________________________________________;
Тармақша 2
2)_____________________________________________________________________;
Тармақша 3
3)_____________________________________________________________________;
Тармақша 4
4)_____________________________________________________________________.
(құжаттар атауы және парақтар саны)*
Мөр орны _________________________________________________
АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның
басшысы _______________________________________
Лауазымы (қолы), тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)