Об изменении границ некоторых сельских округов Қолданыста
Басқа 0
Кейбір селолық округтардың шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
6 бабындағы 1 тармақтың 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Жақсы ауданы бойынша:
Тармақ 1
1. Белағаш селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
Белағаш селосының шекарасында Белағаш селолық округі, орталығы Белағаш селосы;
Подгорное селосының шекарасында Подгорное селолық округі, орталығы Подгорное селосы.
Тармақ 2
2. Қайрақты селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
Қайрақты, Набережная, Старое Перекатное селоларының шекарасында Қайрақты селолық округі, орталығы Қайрақты селосы;
Тарасовка селосының шекарасында Тарасовка селолық округі, орталығы Тарасовка селосы.
Тармақ 3
3. Новокиенка селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
Новокиенка, Парчевка селоларының шекарасында Новокиенка селолық округі, орталығы Новокиенка селосы;
Киевское селосының шекарасында Киевское селолық округі, орталығы Киевское селосы.