О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
Тармақша 2
2) Ұлттық комиссияның құрамы;
Тармақша 3
3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан әрі – Резерв) қалыптастыру мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Ұлттық комиссияның міндеттері
2. Ұлттық комиссияның міндеттері
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссияның міндеттері:
Тармақша 1
1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;
Тармақша 2
2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне (бұдан әрі – өңірлік резервтер) алынуға жататын кандидаттарды айқындау болып табылады.
Тарау 3. 3. Ұлттық комиссияның функциялары
3. Ұлттық комиссияның функциялары
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:
Тармақша 1
1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау;
Тармақша 2
2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат алу;
Тармақша 3
3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау;
Тармақша 5
5) іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекіту.
Тарау 4. 4. Ұлттық комиссияның құқықтары
4. Ұлттық комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия өз міндеттеріне сәйкес мынадай құқықтарға ие:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарту;
Тармақша 2
2) Ұлттық комиссияның отырысына Ұлттық комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру.
Тарау 5. 5. Ұлттық комиссияның құрамы және қызметін ұйымдастыру
5. Ұлттық комиссияның құрамы және қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Ұлттық комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Ұлттық комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Ұлттық комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
Тармақша 3
3) Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Ұлттық комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.
Тармақ 8
8. Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындай алады.
Тармақ 9
9. Ұлттық комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 10
10. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін. Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды. Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады.
Тармақ 11
11. Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай дауыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға және сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
Тармақ 12
12. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе сырттай дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 13
13. Ұлттық комиссияның шешімдері, оған Ұлттық комиссияның төрағасы және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Ұлттық комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және Ұлттық комиссия белгілеген мерзімде міндетті түрде қаралуға тиіс.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады. Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асырады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, хатшы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры _________________________
Басқа 2. Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан әрі – Резерв) қалыптастыру тəртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Резервке іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Резервке іріктеуге отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі жəне бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 4
4. Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі (бұдан әрі – резервші) мәртебесіне ие болады және осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Резервтен шығарылған күннен бастап резервші мәртебесін жоғалтады. «Резервшілерді мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша Резервке алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) резервшілердің одан әрі мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарындағы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына сəйкес жүзеге асырылатын құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардағы басшы лауазымдарға орналасу мəселелерін реттемейді.
Тарау 2. 2-тарау. Резервке іріктеу
2-тарау. Резервке іріктеу
Тармақ 6
6. Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
Тармақша 2
2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
Тармақша 3
3) ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Тармақша 4
4) құзыреттерді бағалау;
Тармақша 5
5) Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда (бұдан əрі – Сарапшылық комиссия) кандидаттармен əңгімелесу;
Тармақша 6
6) Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау. Резервке іріктеудің кезеңдері ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. Резервке іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін Ұлттық комиссия айқындайды.
Тармақ 7
7. Іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында, сондай-ақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жəне басқа ресурстарда Резервке іріктеуге қатысуға кандидаттардың құжаттарын қабылдау басталғанға дейін 10 жұмыс күн ішінде жарияланады. Хабарландыру осы Қағидаларда айқындалған Резервке іріктеудің тəртібі туралы ақпаратты, құжаттарды қабылдау мерзімдерін қамтиды.
Тармақ 8
8. Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) жеке басты куəландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) білім туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат*. Кандидат құжаттарды тапсыру кезінде Резервті қалыптастыру тәртібімен танысады, осы Қағидаларды қатаң сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді жинау мен өңдеуге өз келісімін береді.
Тармақ 9
9. Резервке іріктеуді өткізу барысында уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) кандидаттардың осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін;
Тармақша 2
2) кандидаттар ұсынған ақпарат пен құжаттарды толықтығы мен анықтығы тұрғысынан;
Тармақша 3
3) кандидаттар туралы мәліметтерді, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардан сұратылатын мәліметтерді, сондай-ақ кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкестігін қарайды.
Тармақ 10
10. Іріктеудің әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары нəтижелерді жинаған кандидаттар Резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі. Резервке іріктеудің әрбір келесі кезеңіне жіберілетін, ең жоғары нəтижелері бар кандидаттардың шекті санын Ұлттық комиссия айқындайды. Бірнеше кандидатта тестілеудің бірдей нəтижелері болған жағдайда іріктеудің келесі кезеңіне Ұлттық комиссия айқындаған саннан асатын кандидаттардың саны жіберілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Резервке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттерді бағалау кезеңдерінде сарапшылар қоғамдастығының өкілдері тартылуы мүмкін. Ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттерді бағалау кезеңдерін өткізу қорытындылары бойынша кандидаттарға бағалары көрсетіле отырып, әрбір кезең бойынша нәтижелер беріледі.
Тармақ 12
12. Сарапшылық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан айқындайды. Сарапшылық комиссия әңгімелесудің қорытындысы бойынша іріктеудің алдыңғы кезеңдерінің нəтижелерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды жəне Ұлттық комиссияның қарауына жолдайды.
Тармақ 13
13. Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қалыптастырылады. Ұлттық комиссия:
Тармақша 1
1) кандидаттарды Резервке алу туралы шешім шығарады;
Тармақша 2
2) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекітеді. Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізеді. Іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізіміне Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау сатысында іріктеуге қатысқан, бірақ Резервке енгізілмеген кандидаттар енгізіледі.
Тармақ 14
14. Іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) кандидаттың Резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы;
Тармақша 2
2) анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну;
Тармақша 3
3) кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкес болмауы.
Тарау 3. 3-тарау. Резервтен шығару
3-тарау. Резервтен шығару
Тармақ 15
15. Резервші мынадай:
Тармақша 1
1) өз қалауы бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 3
3) шет мемлекеттің азаматтығы болған;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған;
Тармақша 5
5) қызметінің тиімділігін бағалау негізінде лауазымнан төмендетілген не шығарылған;
Тармақша 6
6) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
Тармақша 7
7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
Тармақша 8
8) Резервте болу кезеңінде қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасаған не қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
Тармақша 10
10) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14), 15) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, уәкілетті орган тиісті ұсыныстар берген кезде Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылады.
Тарау 4. 4-тарау. Өтпелі ережелер
4-тарау. Өтпелі ережелер