О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 212-құжат; 2002 ж., N 6, 141-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-бапта:
"Осы Кодекстің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бас бостандығын шектеу," деген сөздер алып тасталсын;
"2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді" деген сөздер "2000 жылғы 1 қаңтардан бастап, бас бостандығын шектеу түріндегі жазалау туралы ережелері 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын.