О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "Об административном надзоре за лицами, освобожденными из мест лишения свободы" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша "еңбекпен түзеу мекемелерінің", "еңбекпен түзеу мекемесінен", "еңбекпен түзеу мекемесі", "еңбекпен түзеу мекемесінің" деген сөздер "түзеу мекемелерінің", "түзеу мекемесінен", "түзеу мекемесі", "түзеу мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2-бапта: тақырыбындағы "Өздеріне қатысты" деген сөздер "Өздеріне" деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы "кәмелетке толған адамдарға" деген сөздер "жазасын өтеген адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "а) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін;"; б) және в) тармақшаларында "ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотталған" деген сөздер "ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 5-баптың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарындағы "аталған адамдарға қатысты" деген сөздер "аталған адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 9-бапта: "Өздеріне қатысты" деген сөздер "Өздеріне" деген сөзбен ауыстырылсын; "босатылған" деген сөз "сотталған" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 18-бапта: "Өзіне қатысты әкімшілік қадағалау орнатылған адам" деген сөздер "Әкімшілік қадағалаудағы адам" деген сөздермен ауыстырылсын; "заңдарымен" деген сөз "заңымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 20-баптағы "қолданылып жүрген заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.