О требованиях, предъявляемых к регистраторам Күшін жойған
Басқа 0
Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы
Тіркеушілердің қызметін реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.
Ескерту: 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Тіркеушілерге мынадай техникалық-технологиялық талаптар белгіленсін:
Тармақша 1
1) 2000 жылы проблемалардың туындауының алдын алатын және оның туындалуы мүмкін салдарларын төмендететін ақпараттық технологияларды пайдалану;
Тармақша 2
2) сыртқы электр көздерін пайдаланусыз, оның ішінде электрмен жұмыс істейтін құралдар мен приборларды пайдаланусыз толық қағаз технология бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізуді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық ресурстардың болуы;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу және сақтау жүйелерімен бағалы қағаздар ұстаушылардың кемінде 5.000.000 (бес миллион) жеке шоттарын ұстап тұру;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар ұстаушыларының барлық тізілімде бір бағалы қағаздар ұстаушыға арналған бір жеке шот ашуға негізделген бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу технологиясын пайдалану.
Тармақ 3
3. Тіркеушілер 1998 жылғы 01 қазанға дейінгі мерзімде өз капиталдарының мөлшерін және олардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін реттейтін ішкі құжаттарын қолданылып жүрген заңдарға және осы Қаулыға сәйкестендіруге міндеттелсін.
Тармақ 3-1
3-1. Тіркеушілер өз қызметтерін (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін ішкі құжаттарды қоса):
Тармақша 1
1) осы Қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде;
Тармақша 2
2) осы Қаулының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына 2000 жылғы 01 көкекке дейінгі мерзімде сәйкес келтіруге міндеттелсін.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды, 3-тармаққа өзгеріс енгізілді, 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 14 қазандағы N 47 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.