Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13363 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 шілдедегі № 130 (28256) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттар Жік­теу фак­тор­ла­ры Өл­шем бір­лі­гі Шек­ті мән­дер Көр­сет­кіш­тер (балл) 1. Де­мо­гра­фи­я­лық блок (50 балл) Ха­лық са­ны Тұр­ғын­дар са­ны, адам Ха­лық тығ­ыз қо­ны­стан­ған об­лы­стар 7 600 адам­нан ар­тық 20 7 600 адам­нан аз Ха­лық са­ны / 7 600 * 20 Ха­лық ор­та­ша қо­ны­стан­ған өңір­лер 2 800 адам­нан ар­тық 20 2 800 адам­нан аз Ха­лық са­ны / 2 800 * 20 Ха­лық­тың кө­ші-қо­ны Ха­лық са­ны­ның өсі­мі/ха­лық­тың ке­туі, адам Бі­рін­ші бе­сжыл­дық ке­зең: есеп­ті жы­л­ға дей­ін­гі соң­ғы 5 жыл­да­ғы ха­лық ди­на­ми­ка­сы (12 балл) Ба­стап­қы жыл­дан +20% ар­тық 12 -20%-дан +20%-ға дей­ін (Бе­сжыл­дық ке­зең­де­гі ха­лық са­ны­ның өзге­руі пай­ы­з­бен + 20%) / 40% * 12 -20% аз 0 Екін­ші бе­сжыл­дық ке­зең: бі­рін­ші бе­сжыл­дық ке­зең­ге дей­ін­гі 5 жыл­да­ғы ха­лық ди­на­ми­ка­сы (8 балл) Ба­стап­қы жыл­дан +20% ар­тық 8 -20%-дан +20%-ға дей­ін (Бе­сжыл­дық ке­зең­де­гі ха­лық са­ны­ның өзге­руі пай­ы­з­бен + 20%) / 40% * 8 -20% аз 0 Ха­лық­тың ұзақ мер­зім­ді әле­уе­ті Ха­лық­тың жал­пы са­ны­нан эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ді жас (16-29 жас) ха­лық­тың үле­сі, % 30% ар­тық 10 30% аз (16-29 жас­та­ғы ха­лық / Жал­пы са­ны) / 30% * 10 2. Ин­фра­құ­ры­лым­дық блок (30 балл) Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау Ха­лық­тың жал­пы са­ны­нан ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­та­у­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген ха­лық­тың үле­сі, % 90% ар­тық 6 90% аз Үлес / 90% *6 Об­лы­стық және / неме­се рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жо­лы­на дей­ін­гі ұзын­дық Ав­то­мо­биль жо­лы­на дей­ін­гі қа­шық­тық, ки­ло­метр 20 ки­ло­метр­ден ар­тық 0 20 ки­ло­метр­ден аз [1 - (Қа­шық­тық / 20)] * 6 Кен­ті­ші­лік жол­дар Кен­ті­ші­лік жол­дар­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, ки­ло­метр / мың тұр­ғын 4,5 ки­ло­метр­ден ар­тық / мың тұр­ғын 3 4,5 ки­ло­метр­ден аз/мың тұр­ғын (Жол­дар­дың ки­ло­метр / мың тұр­ғын) / 4,5 * 3 Мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер Мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, орын / мың тұр­ғын 45-тен ар­тық орын / мың тұр­ғын 3 45-тен аз орын/мың тұр­ғын (орын са­ны / мың тұр­ғын) / 45 * 3 Мек­теп ме­ке­ме­ле­рі Мек­теп ме­ке­ме­ле­рі­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, орын / мың тұр­ғын 130-дан ар­тық орын / мың тұр­ғын 3 130-дан аз орын/мың тұр­ғын (орын са­ны / мың тұр­ғын) / 130 * 3 Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, орын / мың тұр­ғын Ста­ци­о­нар­лық ме­ке­ме (ау­ру­ха­на­лар) болған жағ­дай­да) 4-тен ар­тық тө­сек-орын / мың тұр­ғын 3 4 тө­сек-орын­нан аз /мың тұр­ғын (тө­сек-орын са­ны / мың тұр­ғын) / 4 * 3 Ам­бу­ла­тор­лық ме­ке­ме­лер­дің сый­ым­ды­лы­ғы ба­ла­ма­лы түр­де қол­да­ны­ла­ды 6 ке­лу­ден ар­тық / адам 3 6 ке­лу­ден аз / адам (жыл­дық өт­кі­зу қа­бі­ле­ті / мың тұр­ғын) / 6 * 3 Ұя­лы бай­ла­ныс Ұя­лы бай­ла­ны­стың бо­луы Бар 3 Жоқ 0 Ин­тер­нет­ке кең жо­лақ­ты қол же­тім­ді­лік (КЖҚ) Ин­тер­нет­ке КЖҚ бо­луы Бар 3 Жоқ 0 3. Эко­но­ми­ка­лық блок (20 балл) Жұ­мыспен қам­ты­лу дең­гейі Жал­да­ма­лы жұ­мыс­кер­лер са­ны, адам 750 адам­нан ар­тық 10 750 адам­нан аз жал­да­ма­лы жұ­мыс­кер­лер са­ны / 750 * 10 Жал­пы қо­сы­л­ған құн Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның жал­пы қо­сы­л­ған құ­ны, мил­ли­он тең­ге 150 мил­ли­он тең­ге­ден ар­тық 6 150 мил­ли­он тең­ге­ден аз (Бас са­ны * бір ба­стың ба­ға­сы) / 150 мил­ли­он тең­ге * 6 Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның жал­пы қо­сы­л­ған құ­ны, мил­ли­он тең­ге 240 мил­ли­он тең­ге­ден ар­тық 4 240 мил­ли­он тең­ге­ден аз (Өнім­нің кө­ле­мі * бір тон­на­ның ба­ға­сы) / 240 мил­ли­он тең­ге* 4 4. Гео­ке­ңі­стіктік блок (±5 балл) Ту­ри­стік ай­мақ­тар Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­тар­да көр­се­ті­л­ген ту­ри­стік объ­ек­ті­лер­ден қа­шық­тық, ки­ло­метр Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі ту­ри­стік объ­ек­ті­лер­ден 30 ки­ло­метр кем 5 Өңір­лік дең­гей­де­гі ту­ри­стік объ­ек­ті­лер­ден 10 ки­ло­метр кем 3 Эко­ло­ги­я­лық ай­мақ­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес тө­тен­ше ра­ди­а­ци­я­лық қа­тер және эко­ло­ги­я­лық апат ай­мақ­та­ры ше­гін­де ор­на­лас­қан жер -5 Ше­ка­ра ма­ңын­да­ғы ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер Ше­ка­ра ма­ңын­да­ғы ауыл­дық ел­ді ме­кен­де­рі­нің ті­зім­де­рі об­лы­стар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ше­ші­мі­мен қа­лып­та­сты­ры­ла­ды және бе­кі­ті­ле­ді Балл Қо­ры­тын­ды 100 Да­му әле­уе­ті жо­ға­ры ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер Ха­лық тығ­ыз қо­ны­стан­ған өңір­лер­де­гі ауыл­дық кла­стер­лер­дің ті­рек ауыл­дық ел­ді ме­кен­де­рі 65 бал­дан ар­тық Ха­лық ор­та­ша қо­ны­стан­ған өңір­лер­де­гі ауыл­дық кла­стер­лер­дің ті­рек ауыл­дық ел­ді ме­кен­де­рі 55 бал­дан ар­тық Да­му әле­уе­ті ор­та­ша ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер Ха­лық тығ­ыз қо­ны­стан­ған өңір­лер­де­гі ауыл­дық кла­стер­лер­дің ауыл­дық ел­ді ме­кен­де­рі 65 бал­дан аз Ха­лық ор­та­ша қо­ны­стан­ған өңір­лер­де­гі ауыл­дық кла­стер­лер­дің ауыл­дық ел­ді ме­кен­де­рі 55 бал­дан аз Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған осы өлшемшарттар олардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін есептеуге арналған. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есептемесі осы өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес түсіндірме бойынша жүзеге асырылады. Ескертпе: / - бөлу белгісі, * - көбейту белгісі
Басқа 2. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есептемесі бойынша түсініктеме
Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарға қосымша Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есептемесі бойынша түсініктеме
Тармақ 1
1. Ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттардың негізгі мақсаты кластерлер, сондай-ақ жақын жатқан (спутниктік) және шекара маңындағы АЕМ шеңберінде қаралатын тірек ауылдық елді мекендерді айқындау болып табылады. Тірек АЕМ – сол жерде тұратын халықты және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарын мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдар жасалатын абаттандырылған ауылдық елді мекен. Кластерлерді қалыптастыру бойынша қашықтық халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін 10 километр (Түркістан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары) және халық орташа қоныстанған өңірлер үшін 15 километр (Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары) құрайды.
Тармақ 2
2. Өлшемшарттар 15 жиынтық көрсеткішті қамтитын мынадай: демографиялық, инфрақұрылымдық, экономикалық және геокеңістіктік болып 4 блокқа бөлінеді.
Тармақ 3
3. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде әлеуметтік-демографиялық дамудың басымдықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Демографикалық блок көрсеткіштерінің салмағы ең көп – ең жоғары жиынтық балл 50, инфрақұрылымдық блоктың көрсеткіштері - 30 балл, экономикалық блоктың көрсеткіштері – 20 балл, геокеңістіктік блок - ± 5 балл. Төменде келтірілген шекті мәндер халықаралық тәжірибеге (21 елдің көрсеткіштері талданды), елішілік көрсеткіштерге, республика бойынша орташа мәндердің есептемесіне сүйене отырып есептелді.
Тармақ 4
4. Демографиялық блоктың жіктеу факторлары:
Тармақша 1
1) халық саны – 20 балл. Есептеме ретінде өңірлік демографиялық шектердің (бұдан әрі – ӨДШ) халқының санына қарай айқындалған 4-ке тең түзету коэффициенті алынады. ӨДШ АЕМ халқының санын облыстар бойынша бөлудің орташа мәні (медианы) негізінде айқындалған және мынадай екі санатқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін – 1 900 адам/АЕМ;
Тармақша 2
2) халық орташа қоныстанған өңірлер үшін – 700 адам/АЕМ. Жіктеу факторының есептемесі: халықтың ағымдағы саны/ (ӨДШ*4)*20 (ең жоғары мән 20 балл болған кезде). Бұл ретте, «ӨДШ*4» өрнегінің мынаған тең тіркелген мәні болады: халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін – 7 600 адам (1 900 адам/ АЕМ * 4); халық орташа қоныстанған өңірлер үшін – 2 800 адам (700 адам/АЕМ*4);
Тармақша 2
2) халықтың көші-қоны – 20 балл. Бұл көрсеткіш екі шекті мәнге бөлінеді: бірінші бесжылдық кезең (мысалы, 2013-2017 жылдары) – есепті жылға дейінгі соңғы 5 жылдағы халық динамикасы – 12 балл, шекті мәндерді негізге ала отырып ± 20%; екінші бесжылдық кезең (мысалы, 2008-2012 жылдары) – бірінші бесжылдық кезеңге дейінгі 5 жылдағы халық динамикасы – 8 балл, шекті мәндерді негізге ала отырып ± 20% құрайды. Жіктеу факторының есептемесі: (Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% * балл саны;
Тармақша 3
3) халықтың ұзақ мерзімді әлеуеті - 10 балл. Бұл көрсеткіш халықтың жалпы санынан экономикалық белсенді жас (16-29 жас) халықтың үлесінен көрінеді. Шекті мән 30% - ға тең. Жіктеу факторының есептемесі: (16-29 жастағы халық саны / халықтың жалпы саны) / 30%*10.
Тармақ 5
5. Инфрақұрылымдық блоктың жіктеу факторлары:
Тармақша 1
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау – 6 балл. Балдар шекті мәні ~90% қамтамасыз етілуді негізге ала отырып халықтың орталықтандырылған сумен жабдықталуымен қамтамасыз ету үлесі бойынша беріледі. Жіктеу факторының есептемесі: (орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген халық саны / халықтың жалпы саны) * 6;
Тармақша 2
2) облыстық және/немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына дейінгі ұзындық – 6 балл. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні 20 километр ең жақын облыстық және/немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі қашықтық алынды. Ең жоғары балл АЕМ автомобиль жолының бойында орналасқан кезде беріледі - 0 километр. Жіктеу факторының есептемесі: (1 - (трассаға дейінгі қашықтық, км / 20))*6;
Тармақша 3
3) кентішілік жолдар – 3 балл. Шекті мәні 4,5 километр / мың тұрғын болатын қатты жабынды кентішілік жолдармен қамтамасыз етілу. Ең жоғары балл нақты көрсеткіш 4,5 километр / мыңнан артық тұрғын болған кезде беріледі. Жіктеу факторының есептемесі: (қатты жабынды жолдардың ұзындығы, километр / халық саны) / 4,5*3;
Тармақша 4
4) мектепке дейінгі мекемелер – 3 балл. Шекті мәні 45 орын/мың тұрғын болатын халықтың мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі (100% - ға дейін). Жіктеу факторының есептемесі: (мектепке дейінгі мекемелердің сыйымдылығы / халық саны) / 45 * 3;
Тармақша 5
5) мектеп мекемелері – 3 балл. Шекті мәні 130 орын/мың тұрғын болатын халықтың мектеп мекемелерімен қамтамасыз етілуі (100% - ға дейін). Жіктеу факторының есептемесі: (мектеп мекемелерінің сыйымдылығы/халық саны)/130*3;
Тармақша 6
6) медициналық мекемелер – 3 балл. Халықты стационарлық қызмет көрсету мекемелері үшін (аурухана) шекті мәні 6 төсек-орын/мың тұрғын (100% дейін) және амбулаторлық қызмет көрсететін мекемелер үшін (емханалар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталықтары, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт) 6 келумен/ адам болатын медициналық мекемелермен қамтамасыз ету. Жіктеу факторының есептемесі: (төсек-орын саны немесе медициналық мекеменің өткізу қабілеттілігі/халық саны)/4 (немесе 6)*3;
Тармақша 7
7) ұялы байланыс – 3 балл. Шекті мән АЕМ-де ұялы байланыстың болуымен немесе болмауымен айқындалады (бар-3 балл/жоқ-0 балл);
Тармақша 8
8) интернетке кең жолақты қол жетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) – 3 балл. Интернетке КЖҚ болуына қарай (бар-3 балл/жоқ-0 балл).
Тармақ 6
6. Экономикалық блоктың жіктеу факторлары:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамтылу деңгейі – 10 балл. Шекті мәні 750 адам болатын жалданып жұмыс істейтіндердің (жұмыспен қамтылғандардың) болуына байланысты бағалау. Жіктеу факторының есептемесі: жалдамалы жұмыскерлердің саны (өз бетінше жұмыспен айналысатындарды есепке алмағанда)/750*10;
Тармақша 2
2) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жиынтығы 10 балл. Бұл фактор екі санатқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) мал шаруашылығының ЖҚҚ, миллион теңге – 6 балл. Статистикалық ақпаратқа сәйкес бағалары бойынша есептелген мал басының ақшалай құны. ЖҚҚ мал басының санын бір бас бағасына көбейту жолымен есептеледі. Шекті мән-150 миллион теңгеге тең. Жіктеу факторының есептемесі: (мал шаруашылығының ЖҚҚ, миллион теңге/150 миллион теңге)*6;
Тармақша 2
2) Өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ миллион теңге – 4 балл. Статистикалық ақпаратқа сәйкес бағалар бойынша есептелген жыл сайынғы өнімнің ақшалай құны. ЖҚҚ өнім көлемін бір тоннаның бағасына көбейту жолымен есептеледі. Шекті мән – 240 миллион теңгеге тең. Жіктеу факторының есептемесі: (өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ, миллион теңге/240 миллион теңге)*4.
Тармақ 7
7. Геокеңістіктік блок:
Тармақша 1
1) туристік аймақтар – қосымша +5 (немесе +3) балл. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген туристік объектілерден қашықтық. Республикалық деңгейдегі туристік объектілерден 30 километр кем орналасқан АЕМ – 5 балл. Өңірлік деңгейдегі туристік объектілерден 10 километр кем орналасқан АЕМ – 3 балл;
Тармақша 2
2) экологиялық аймақтар – (-5) балл. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес төтенше радиациялық қатер және экологиялық апат аймақтарында орналасқан АЕМ;
Тармақша 3
3) шекара маңындағы АЕМ стратегиялық маңыздылығына, сауда-экономикалық өзара іс-қимылға және басқа да факторларға сүйене отырып, облыстар әкімдіктерінің қаулыларымен айқындалады және бекітіледі.
Тармақ 8
8. Жиынтық балдар сомасы негізінде АЕМ топтастырылады және мынадай санаттарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) Даму әлеуеті жоғары АЕМ: Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек АЕМ – 65 балдан бастап; Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек АЕМ – 55 балдан бастап;
Тармақша 2
2) Даму әлеуеті орташа/төмен АЕМ: Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің АЕМ – 65 балдан аз; Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің АЕМ – 55 балдан аз.