Об утверждении Перечня и описания наград, формы наградного листа за внесение значительного вклада в оказание комплексной социальной юридической помощи Күшін жойған
Басқа 0
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге
елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2019 жылғы «____» ____________
№ _____ бұйрығына
1 қосымша
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы
Тармақ 1
1. «ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН» медалі.
«ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН» медалі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм сегіз бұрышты жұлдыз нысанындағы жезден жасалады.Медальдің реңі күңгірттелген.
Медальдің ортасында екі шеңбер бейнеленген, бірінші шеңбердің көгілдір реңінде шаңырақ пен қалықтаған қыран орналасқан. Бірінші шеңбердің сыртында «ІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН»деген жазу бар. Медальдің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Сегіз бұрышты жұлдыздың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.
Медальдің сыртқы жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 16 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Тармақ 2
2. І дәрежелі «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі.
І дәрежелі «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде «АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН»деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті «І» рим цифры. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.
Артқы жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Тармақ 3
3. ІІ дәрежелі «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі.
ІІ дәрежелі «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде «АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН»деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті «ІІ» рим цифры. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.
Артқы жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Тармақ 4
4. ІІІ дәрежелі «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі.
ІІІ дәрежелі «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі үшін» төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 32 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде көк түсті реңде «АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН»деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде шаңырақ пен қалықтаған қыран бар. Реңі ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада - көгілдір түсті «ІІІ» рим цифры.Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақтар түрінде жасалған.
Артқы жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Басқа 2. КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУГЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫ ҮШІН МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2019 жылғы «____» ____________
№ _____ бұйрығына
2 қосымша
Нысан
КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУГЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫ ҮШІН МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
Тармақ 1
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) ______________________
Тармақ 2
2. Лауазымы, жұмыс, қызметорны ___________________________________
(қызметі, адвокаттар алқасының/заң консультанттары
палатасының атауы, қызметті ұйымдастыру нысаны)
Тармақ 3
3. Жынысы ______________________________________________________
Тармақ 4
4. Туған жылы мен туған жері ______________________________________
Тармақ 5
5. Ұлты _________________________________________________________
Тармақ 6
6. Білімі ________________________________________________________
Тармақ 7
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты: ___________________________
Тармақ 9
9. Үйінің мекенжайы: _____________________________________________
Тармақ 10
10. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________
Тармақ 11
11. Саладағы жұмыс өтілі _________________________________________
Тармақ 12
12. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:
_______________________________________________________________
Кандидатура ____________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №)
___________________________________________ талқыланып, ұсынылды.
Мына наградаға ұсынылады _______________________________________
(награданың түрі)
Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы _______________________
(Т.А.Ә (ол бар болған жағдайда)
________________________
(қолы)
М.О.
_____ жылғы «___»________
(толтыру күні)
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) жеке куәлік бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.