Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по городу Нур-Султан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 2-тармағының 17-10-тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы «___» __________ № ____ қаулысымен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген.
Тармақ 2
2. Ереже әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін енгізудің жалпы тәртібін анықтайды.
Тармақ 3
3. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Нұр-Сұлтан қаласындағы азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры (бұдан әрі − өңірлік тұрақтандыру қоры) – астананың аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
Тармақша 2
2) өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа өнімінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
Тармақша 3
3) өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
Тармақша 4
4) өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) – тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
Тармақша 6
6) мамандандырылған ұйымдар – тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін ӘМАТ-қа шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, оларға бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын ұйымдар;
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік субъектілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері).
Тармақша 8
8) сатып алу интервенциялары – астананың аумағында бағалар төмендеген кезде мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралары;
Тармақша 9
9) тауарлық интервенция – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында өткізілетін аймақтық тұрақтандыру қорынан ішкі нарықта азық-түлік өнімдерін сату шаралары;
Тармақ 4
4. ӘМАТ-та бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ӘМАТ-та бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 5
5. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Нұр-Сұлтан қаласында ӘМАТ-қа тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) өңірліктұрақтандыру қорын құру мен пайдалану тетігін іске асыру мақсатында, өңірліктұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарлар тізбесі мен олар бойынша шекті сауда үстемені анықтау;
Тармақша 3
3) қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
Тармақша 4
4) ӘМАТ-ға шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымдардың ұсыныстарын қарау.
Тармақ 6
6. Әкімнің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде тоғыз адамнан болуы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 8
8. ӘМАТ-та бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін әкімдік ӘМАТ-та бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияны құруды және жұмысын ұйымдастыруды «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі − Басқарма) қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Әкімдік ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктеріне ӘМАТ бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
Тармақ 11
11. ӘМАТ нарығын тұрақтандыру мақсатында әкімдік ӘМАТ бағаларын тұрақтандырудың:
Тармақша 1
1) өңірлік тұрақтандыру қорының қызметі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.
Тарау 3. 3. Өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
3. Өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
Тармақ 12
12. Өңірлік тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімінің (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, қорлардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын ӘМАТ тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
Тармақ 14
14. Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті ӘМАТ тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.
Тармақ 15
15. Мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын ӘМАТ шекті сауда үстемесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес әкімдік бекіткен ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 10% немесе одан төмен бағаларды ұстауды есепке ала отырып қалыптастырылады.
Тармақ 16
16. Комиссия әкімге сатып алынатын азық-түлік тауарларының бекітілген тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 17
17. Ұсыным хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Әкімдік Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
Тармақ 19
19. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын тікелей тауар өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алу жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 21
21. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, тауарларының жылжытылуы, қорлардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интервенциялары туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 22
22. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Мамандандырылған ұйым ӘМАТ-қа бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері ұлғайған жағдайда 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 24
24. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірдік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде ӘМАТ өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы әкімдік бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында көрсетілуі тиіс.
Тармақ 28
28. Әкімдігімен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, әкімдіктің және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Тарау 4. 4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
Тармақ 29
29. Әкімдік ӘМАТ-қа бағаларды тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасау жолымен қайтарымдылық, оралымдылық, қамтамасыз етілу және ақылы шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Қарыз кәсіпкерлік субъектісіне мамандандырылған ұйыммен жасалған келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындау үшін беріледі.
Тармақ 31
31. Комиссия несие беру үшін кәсіпкерлік субъектіні кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемдерге) сәйкес анықтайды.
Тармақ 32
32. Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемшарттар):
Тармақша 1
1) Қойма ғимараттары мен арнайы жабдықтары бар басқа үй-жайлардан тұратын, азық-түлік өнімдерін тиісті түрде сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және басқа да операцияларды жүргізуге арналған және ӘМАТ бағасының өсуін тежеуге бағытталған шаралар кешенін жасауға мүмкіндік беретін, сауда-логистикалық инфрақұрылымға иелік ететін немесе жалдайтын кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 2
2) өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлік субъектісі банкроттыққа ұшырамауы, қызметін тоқтата тұруы болмауы керек;
Тармақша 3
3) өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлік субъектісі өнім берушілердің жосықсыз ұйымдарының тізімінде болмауы керек.
Тармақ 33
33. Несие алуға талаптанатынкәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымдармен немесе жергілікті атқарушы органмен үлестес тұлға болмауы керек.
Тармақ 34
34. Комиссия қарыз беру туралы мәселені қарау үшін кәсіпкерлік субъектісі мынадай ақпаратты енгізеді:
Тармақша 1
1) қарыз сомасы, сонымен қатар шығын бойынша қажетті есеп көрсетілген өтінім, азық-түлік тауарларының, қарызды қайтару мерзімі көрсетілген ұсынылатын тізбесі;
Тармақша 2
2) кредиторлық және дебиторлық берешекті, негізгі құралдардың тізбесін ашып көрсету арқылы өткен қаржы жылының қаржылық есебі;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік субъектісі Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
Тармақша 5
5) бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 6
6) бірінші басшыны қоспағанда, мүдделерді білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына сенімхат;
Тармақша 7
7) кепілге берілетін мүлік объектілеріне мүлікті бағалау туралы есептер;
Тармақша 8
8) салық және бюджетке міндетті төлемдер, жалақы бойынша берешек және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы мәліметтер.
Тармақ 35
35. Кәсіпкерлік субъектісі міндетті түрде мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.
Тармақ 36
36. Несие беру шарттары мамандандырылған ұйым мен шаруашылық жүргізуші субъектінің арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.
Тармақ 37
37. Әкімдік бөлетін бюджеттік қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 38
38. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
Тармақ 39
39. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.